Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Жолдасын таппаған ер азады,
Басшысын таппаған ел азады.
©  Мұхтар Әуезов
Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
©  Мұхтар Әуезов
Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.
©  Мұхтар Әуезов
Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.
©  Мұхтар Әуезов
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.
©  Мұхтар Әуезов
Өнерпаз болсаң, өр бол.
©  Мұхтар Әуезов
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса..
©  Мұхтар Әуезов
Өзіне өзі ғашық болу - адамның үлкен соры, бұл ең алдымен өзімшілдікті, күншілдікті туғызады.
©  Мұхтар Әуезов
Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам – менің жүз ғайыбымды кісіге айтар.
©  Мұхтар Әуезов
Жауға – жалынба, досқа – тарылма.
©  Мұхтар Әуезов
Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.
©  Мұхтар Әуезов
Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады.
©  Мұхтар Әуезов
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ - деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас.
©  Мұхтар Әуезов
Өзіне-өзі ғашық болушылық – бұл адамның үлкен соры. Бұл, ең алдымен, өзімшілдікті, күншілдікті туғызады.
©  Мұхтар Әуезов
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
©  Мұхтар Әуезов
Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.
©  Мұхтар Әуезов
Шын көңілден айтылған тілекке — шындықпен жауап беру парыз.
©  Мұхтар Әуезов
Біз үшін халықтар достығынан артық идеал болмақ емес.
©  Мұхтар Әуезов
Жұмбақ - сөз образының кілті,
Ақындықтың ұрық-дәні.
©  Мұхтар Әуезов
Мақал-мәтелдердің молдығы, олардың тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән-мағынасы – осындай тамаша үздік..
©  Мұхтар Әуезов
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.
©  Мұхтар Әуезов
Абайдың барлық өлеңі – қазақтың сол күшті тілінің ішінен туған асыл құрыш, қырдағы қалың қазақтың осы күйге шейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің..
©  Мұхтар Әуезов
Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.
©  Мұхтар Әуезов