![]() |
|
![]() |
Жастық туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 9
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 95
Нақыл сөздер: 18
Туындылар: 2
Әңгімелер: 3
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 2
Адам жастықтың қызығын өз шағында көріп, бағасын кейін береді екен.
— Ғабиден Мұстафин
Өзімізді өзіміз алдап қартайғанша оқу оқып, ақшағада, басқағада жарымай ұл-қызымыз сұр бойдақ күн кешіп, біреулердің қолдан жасаған жүйесіне..
— Нұрхалық Абдырақын
Мен сізді жас деп айтпағаныма ренжімеңіз. Себебі жастық шақ – ең тез өтіп кететін кез.
— Агата Кристи
Санаң есейген сайын, жастықта жақсы көрген көп нәрсенің мәні кетіп, есесіне ол шақта ескермеген кейбір нәрселердің құны арта береді екен.
— Хамза Көктәнді
Адам өмірінің ең биік шыңы — жастық.
— Иоганн Вольфганг фон Гёте
Жастықтың бойынан парықсыз паңдық емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы.
— Ғабит Мүсірепов
Адамның бойындағы бұлжымас баянды нәрсе — өзінің жан дүниесіне жас кезінде сіңірген нәрсесі.
— Ян Амос Коменский
Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады.
— Мұхтар Әуезов
Он бесіңде азамат боласың, алпысыңда бала боласың.
— Томас Фуллер
Жас ұлғайған сайын, желдің соғысы да күшейе түседі.