Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Шешесі силамағанды баласы силамайды.
©  Естеу ЖҮНІС
Балаға ұрса беру ақыл емес, тамақты жатып ішу пақыр емес.
©  Естеу ЖҮНІС
Адалдыққа бой ұрсаң өмірлік бақыт тапқаның.
©  Естеу ЖҮНІС
Арамдыққа бой ұрсаң өзіңе құрған қақпаның.
©  Естеу ЖҮНІС
Жақсы адам ынтымақ қорғаны, жаман адам ынтымақ зобалаңы.
©  Естеу ЖҮНІС
Жан аясаң жарлысың, сөз аясаң сорлысың.
©  Естеу ЖҮНІС
Шешеннің тілі, шебердің бізі.
©  Естеу ЖҮНІС
Білімдінің аузы, өнердің көзі.
©  Естеу ЖҮНІС
Жүйесін тауып жұмыс қыл, жерін тауып тыныс қыл.
©  Естеу ЖҮНІС
Қолдан келмес жұмыс жоқ, аяқ жетпес алыс жоқ.
©  Естеу ЖҮНІС
Денсаулық болса үміт болады,  үміт болса бәрі болады.
©  Естеу ЖҮНІС
Ақылсыздың азабы көп.
©  Естеу ЖҮНІС
Дұшпаныңды айналдырма сырыңды алады.
©  Естеу ЖҮНІС
Досыңды айналдырма жұмысынан қалады.
©  Естеу ЖҮНІС
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған
Дәрігердің күші оның жүрегінде. ( яғни, адамдарға деген сүйіспеншілік)
Жанашыр дәрігер науқастың қайғы-қасіретін нашарлатады.
Ауырмас бұрын дәрігерге қаралыңыз.
Сот пен дәрігер жоқ жерде өмір сүрмеңіз.
Науқастарды емдеу үшін емші.
Жақсы дәрігер кез-келген жараны емдей бермейді.
Дәрігердің үйіндегі есіктер ешқашан жабық болмауы керек.
Ауру емделмейінше дәрігерге ақы төленбейді.
Дәрігер келеді, науқас қалпына келеді.
Науқасқа дәрігер көмектеседі, ал аш адамға қалаш(калач).