Ақылсыз туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 11
Тақпақтар: 1
Нақыл сөздер: 10
Туындылар: 1

Жемісі жоқ ағаш-отын, жаңбырсыз бұлттар-түтін, ал ақылсыз адам — жануар.
Ақылсыздың азабы көп.
©  Естеу ЖҮНІС
Ақылды көргенін айтады,Ақылсыз жегенін айтады.
Ақылдыға сөз ерер,
Ақылсызға бөз ерер.
Ақылсыз кісі — қос уыс қоқыс.
Ақылсыз қарт өкінішпен қартаяр,
Есті қарт қайғырмай-ақ қартаяр.
Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.
Ақылдыға сөз айтсаң,
Толыса түсер ақылы.
Ақылсызға сөз айтсаң,
Сол күйі қалар ақыры.
Ақылсыз адам "менмен" келер,
Ақылды адам - кеңінен келер.
Ақылды сақалын сипар,
Ақылсыз шапанын сипар.
Ақылсыз атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.