Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жауыққан дос жаудан бетер.
Өзгенің сөзіне сенгенше,Өзіңнің көзіңе сен.
Суға кеткен сусын сұрамайды.
Оңды бұйым өзін-өзі өткізер.
Тау толғатып тышқан тапты.
Монша тәнді сауықтырады,Жақсы сөз жанды сауықтырады.
Білімнен асар байлық жоқ.
Бір күн бұрын ексең,Бір апта бұрын орасың.
Көрмеген жерің-кең бейіш.
Еркелеткенді ит те сезер.
Сатылмас атқа құн жетпес.
Найзаның орны ұрыста.
Ат өлімі-итке той.
Жеңешем білді дегенше,Жер жүзі білді десеңші.
Еңбек ете білмеген иелік ете білмейді.
Атасы бұлан атпағанныңБаласы қабылан ата алмас.
Иттің баласы енесініңҚұрсағында жатып-ақ үреді.
Уақыты жетпесе,Ұсынған қолың да жетпейді.
Айлы түн адаспасқа жақсы.
Ісі іске ұқсамайды,Істен қолы босамайды.
Қыңырдың күлкісі де қыңыр.
Иттің тойған жері бар,Туған жері жоқ.
Аяғың талмай, тамағың тоймайды.
Заманы бірдің талабы бір.
Жаңа жеңеді, ескі өледі.