Ескі туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 11
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 44
Нақыл сөздер: 6
Әңгімелер: 7

Ескі махаббат тот баспайды.
Ескі махаббат ұзақ уақыт есте қалады.
Жаңа жеңеді, ескі өледі.
Ескі киімді баптағаның –
Жаңа киімді сақтағаның.
Бектер болса ессіз,
Бұзылады ескі із.
Ескі дос естен кетпейді,
Жаңа дос қадіріңе жетпейді.
Ескі садақ сынығынан,
Жаңа садақ шығады.
Ескі көрікті ысқылап тазартпайды.
Ескіні есіңе алмай,
Жаңа жадыңа түспейді.
Ескіні жамағанның
Есі кетеді.
Ескіге жаңа — өлшеуіш,
Жаңаға жақсы — өлшеуіш.