Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Мал семіз —Төл егіз.Жер семіз —Дән егіз. 
Бел орақтың шыңы бір,Шаруаның мұңы бір. 
Бұлт —Жаңбыр жаршысы. 
Арық қазған — су ішер,Араздасқан — у ішер. 
Жерін қорлағанЖеріне сыймайды.Елін қорлағанЕліне сыймайды. 
Жер — адамның бесігі.Ел — бақыттың есігі. 
Көктемеде бір тойдым,Көбік қарда бір тойдым. 
Жаман көлдің суы ащыЖаман адамның тілі ащы. 
Отырықшы елЕгінін — ойлайды.Көшпелі елКөлігін ойлайды. 
Қыста қысыл,Жазда жазыл. 
Бір тал кессең,Он тал ек. 
ӨЛІ ЖАРЫМАЙ, ТІРІ БАЙЫМАЙДЫ
Қазір бұл мәтелді ел «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деп қолданып жүр. Өлі пәнилік ешнәрсеге мұқтаж емес. Ол ішпейді, ол жемейді, ол кимейді.Алайда..
©  Төрехан МАЙБАС
КЕЛІННІҢ ҚҰЛАҒЫНА АЛТЫН СЫРҒА
Бұл мәтелді атам қазақ «айтылар сөзді келіндер естімей-ақ қойсын» мағынасында айтқан. Баланың жөні бір бөлек те, келіннің жөні бір бөлек. Келіннің..
©  Төрехан МАЙБАС
ЕЛУ ЖЫЛДА ЕЛ ЖАҢА, ЖҮЗ ЖЫЛДА ЖЕР ЖАҢА
Бұл мақал ел ішінде «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деп қолданылады.Әдетте мақалдың логикалық қисыны, пайымы кемел болады. Мұнда соның көлеңкесі..
©  Төрехан МАЙБАС
Тырс-тырс еткен тамшыТасты теседі.Былш-былш еткен өсекБасты кеседі.
Көк шықпаған жер —Көтерем мал сияқты.
Үкі ұйықтап, тауықтарды түсінде көреді.
Бір кісі қазған құдықтанМың кісі су ішеді.
Досы көпті жау алмайды,Танысы бар сотталмайды.
Асықпаған арбамен,Асыққандар таксимен бара берсін.
Алыстан арбалағанша,Камазбен бір рейс жаса.
Қыздың қырық сайты бар.
Ит жоқта иесі үреді.
Аққуды атпа, сотталасың.
Қызым саған айтам, сен ешкімге айтпа.