Жыл мезгілдері туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 23
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 27
Өлеңдер: 3
Ертегілер: 1
Шығармалар: 7

Жаз — береген,Күз алаған. 
Көктем — мұрап,Күз — диқан. 
Қыста қысыл,Жазда жазыл. 
Қыс қарлата,Дауылдата келсе,Көктем көлдете,Жауындата келеді. 
Әрнәрсе уақытымен қызықты.
Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
Жаңа айдан жақсылық.
Қыс аязымен,
Жаз самалымен.
Нұрдың суы - нудың суы.
Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
Туған ай, тураған етпен тең.
Су аққан жерінен айнымас.
Үркерлі айдың бәрі қыс.
Қыстың көзі қырау.
Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
Мәуесі бардың әуесі бар.
Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс.
Шаруа жазда жазылар,
Қыста қысылар.
Қарға қаңқылдаса,
Қысты шақырады.
Қаз қаңқылдаса,
Жазды шақырады
Көліне қарай - қазы,
Қысына қарай - жазы.