Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Сусыз жердің шөбі сұйық,Суайт адамның сөзі сұйық.
Өзен талымен көріктіӨріс малымен көрікті.
Қосты жеге білмегенТұқымды себе білмейді.
Құмнан құдық қазсаң,Шегенде.Қозым жатсын десең,Көгенде.
Елдің даңқын қонағы шығарар,Жердің даңқын бұлағы шығарар.
Сортаң жерге шөп шықпас,Шөп шықса да, көп шықпас.
Тұт ағаштың тұтын же,Тұтын жесең, күтіп же!
Шегірткелер егін жер,Екпей-сеппей тегін жер.
Тайпақ сай — тасқалақ,Сабырсыз жігіт — сасқалақ.
Диқан нанын жейді.Жалқау арын жейді.
Бақыт бесігі — ел,Ырыс есігі — жер.
Ана көркі —Алдындағы баласы.Қалакөркі —Үйі, орман, ағашы.
Қысың қарлы болса —Жер семіз.Көктемің жаңбырлы болса —Дән егіз.
Бағбан жемісті ағашын айтар,Мұрап суының сағасын айтар.Шопан өсірген қойын айтар.Өлеңші өлең айтқан тойын айтар.Ұста соққан тамын айтар.Диқан шығымды..
Су патшасы — мұрап,Түн патшасы — шырақ.
Елім бай болсын десең,Жеріңнің бабын тап.Ерім сай болсын десең,Еліңнің бабын тап.
Жермен келген — жермен кетеді.Желмен келген — желмен кетеді.
Қалың ағаштыңҚисығы болмайды.
Қу ағашқа ну ағаш — сүйеу.
Бозторғай момынсып жүріпБір мойын тарыны тауысады.
Егін ексең — ебін тап,Ебін тапсаң — жерін тап.
Егін ексең —Шығырыңды майла.Мал өсірсең —Қонысыңды сайла.
Ормансыз жер — жалаңаш.Армансыз ер — жалаңаш.
Ерді жақта, қызды жақта, одан бұрын анаңды сақта.
Әр гүлдің исі басқа,Әр жердің жынысы басқа.