Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Қандай шу, бірақ төбелес жоқ?
Ақымақпен төбелесу ақылға сыймайды.
Төбелес кезіндеПалау үйлестірілмейді. 
 Қартайған адам нашар көрсе де, көпті көреді.
©  Жебірей
 Ақ шаш – даналықтың емес, қартаюдың белгісі.
©  Жебірей
  Тәжірибе деп адамдар жасаған қателіктерін атайды.
©  Жебірей
 Қорқып өлгеннен күліп өлген артық.
©  Жебірей
 Баласы жоқ болса, айтар ақылы да көп.
©  Жебірей
 Жұрттың бәрі ақшаның жоқтығына шағымданады, мидың жоқтығына жан пенде үндемейді.
©  Жебірей
 Жолайрыққа келгенде торыққан адам екеуін де таңдайды.
©  Жебірей
 Түк таппаған адам ұлы істерге қол созады.
©  Жебірей
 Махаббат қанша тәтті болса да, одан шырын тамбайды.
©  Жебірей
  Егер өмір жақсы жағына өзгермесе, онда күт, жамандық тез келеді.
©  Жебірей
 Құдай! Аяққа тік тұрғыз, құлауды өзім де білем.
©  Жебірей
  Әлем адамның көптігінен құрымайды, адамгершілігі жоқтардың көптігінен мүрдем кетеді.
©  Жебірей
  Жаман әйел — жаңбырдан да жаман: жауын үйге кіргізсе, әйел үйден қуады.
©  Жебірей
  Жақсылықпен үндемеу, жақсы сөз айтқаннан қиын.
©  Жебірей
 Әйелдер аз сөйлесе, еркектер көп қимылдар еді.
©  Жебірей
Бәлкім, жұмыртқа тауықтан ақылдырақ шығар, бірақ ол тез иістенеді.
©  Жебірей
Алыстан адамның бәрі жақсы.
©  Жебірей
Ата-анасы баласын сөйлеуге үйретеді, баласы әке-шешесін үндемеуге үйретеді.
©  Жебірей
Кәрі қыз күйеуге шықса, жас келін атанады.
©  Жебірей
 Егер қайырымдылықтың құны болмаса, жұрттың бәрі филантроп болар еді.
©  Жебірей
Құдай кедейді ары кеткенде құны қымбат күнәдан сақтайды.
©  Жебірей
Ақсақтың тез жүгіргенін соқыр көріп, оны мақау кереңге жеткізіпті.
©  Жебірей