Ата-ана туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 20
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 32
Нақыл сөздер: 27
Туындылар: 1
Әңгімелер: 5
Шығармалар: 1

Ата-ананың ақылы,Сайрап жатқан жолмен тең.Ақылдының ақылы,Сарқылмайтын көлмен тең
©  Самет Оқанұлы
Ата-анасы баласын сөйлеуге үйретеді, баласы әке-шешесін үндемеуге үйретеді.
©  Жебірей
Бай саудагер болып ата-анамды ұмыттым.
Ата-анам бар болсын,
Ауыз-мұрны тар болсын.
Ғашық жардың белгісі - ата-анадан бездірер,
Қыран құстың белгісі - таудан тасқа кездірер.
Қала — халқының салтанаты,
Бала — ата-ананың қолқанаты.
Бала жетесіз болса,
Ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса,
Ата-анасын елге қаратады.
Ата-ананың сөзі —
Айдын жолдың өзі.
Ақылдының сөзі —
Ақ дарияның өзі.
Ата – анадан жар жақын.
Баланың бас ұстазы — ата-ана.
Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.
Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Жалғыз баласы атқа шапса,Атасы ауылда тұрыпТақымын қысады.
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Ата-ана балаға сөйлеуді үйретеді, бала ата-анаға аузын жабуды үйретеді.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.