Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2021
292
Дос көңілі
Шарасы жоқ пендесі,
Басқа салса Алласы.
Досқа қатер кездессе,
Құрбан болар жолдасы.
Ажал жетсе өлерміз,
Өлмесек талай келерміз.
Алла ісіне шара жоқ,
Жазғанын Хақтың білерміз.
Мен өзіңнен қалмаспын,
Тосса жа ажал жолдаспын.
Жолыңа мен құрбанмын,
Алдамшы дос болмаспын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇