Мырзабай Ахун Азаматұлы (1833 - 1917)


№ 187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебі

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Мырзабай Ахун

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Пәні: Тарих

Сыныбы: 9 "Ә"

Тегі: Бекбан

Аты: Назерке

Әкесінің аты: Тоқабайқызы

Жетекшісі: Рахметова Жадыра Сәндібекқызы тарих пәні мұғалімі

Ғылыми жетекшісі: Ибраев Уалихан Серікұлы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы тарих ғылымдарының кандидаты

МАЗМҰНЫ

I.Кіріспе........................................................................................................2- 3 бет

II.Негізгі бөлім.............................................................................................4-14бет

2,1. МЫРЗАБАЙ АХУННЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ МЕН ӨМІРІ................4-6 бет

2,2МЫРЗАБАЙ АХУННЫҢ КӨРІПКЕЛ ӘУЛИЕЛІК ҚАСИЕТТЕРІ...7-10бет

2,3. БАБАЛАР МҰРАСЫ ҰРПАҚҚА АМАНАТ....................................11-13бет

ІІІ.Қорытынды...............................................................................................14бет

IV.Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................16бет

Аннотация

Научная работа Бекбан Назерке посвящена видному научному деятелю и просветителю второй половины XIX на XX в- Мырзабай Ахун.

Научная работа состоит из 3 составных частей

1 часть - Жизнь и окружение Мырзабая Ахуна

2 часть - Мырзабай Ахун- предсказатель и ясновидец

3 часть - Наследие потомкам

Была проведена большая исследовательская работа по изучению жизни Мырзабай Ахуна.

Как он пропагандировал казахский народ к образованию, к науке, предсказал великое процветание своего народа.

Работая над научным проектом, ученица опиралась на личные и семейные сведения и материалы, тесно общалась с потомками Мырзабай Ахуна.

Научный проект был составлен по материалам периодической печати и литературы.

Annatation

The scientific work is devoted Bekbaev Nazerke prominent historian , educator for the second half of the XIX - XX in Myrzabaev akhun .The scientific work consists of three partsPart 1 - The Life and environment Myrzabaya аhunePart 2 - Myrzabaev akhun - seer and divinerPart 3 - piece Heritage descendantsHas been much research work on the study of life Myrzabaev akhun .As he promoted Kazakhs people to education, to science , predicted a great prosperity for their people .Working on a research project , the student was based on personal and family information and materials tesno communicating with descendants Myrzabaev akhun . abstractThe scientific project was drawn up by the periodical press and literature.

Аннотация

Бекбанова Назеркенің ғылыми жұмысы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас жағындағы сыр өңірінде өмір сүрген айтулы ғұлама ғалым ақиқат жолында сүйспеншілікке бөленген жандардың бірі – Мырзабай Ахун

Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «халық тарих толқынында» арнайы зерттеу бағдарламасы аясында алынған.

Ғылыми жоба 3 тараудан тұрады:

І-тарау Мырзабай Ахунның өмірі мен өскен ортасы

ІІ-тарау Мырзабай Ахунның көріпкел,әулиелік,қасиеттері

ІІІ-тарау Бабалар мұрасы ұрпаққа аманат

Ғылыми жобада Мырзабай Ахун өмірі мен өскен ортасы туралы көріпкелдік әулиелік қасиеттерін діндар,ғұламаның қазақ халқын білімге, ғылымға қарай жетелеген әрбір қадамына мұхият зерттеу жүргізген.

Ғылыми жобада оқушы Мырзабай Ахун ұрпақтарымен бірлесе отырып қолындағы бар мұрағаттарымен танысқан.

Ғылыми жоба әдебиеттермен газет материалдарға сүйене отырып жазылған.

Мырзабай Ахун Азаматұлы

(1833-1917)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұлы Шығыс өркениетінің аясында дамығаны белгілі. Ұлтымыздың перзенттері білім мен ілімнің озық үлгілеріне ислам мәдени орталықтарындағы орта және жоғары оқу орындарында сусындады. Осы оқымысты-ғұламалар бүкіл ел аумағында мешіт, медресе, мектеп ашу арқылы сауаттандыру, имандылыққа тәрбиелеу, кәсіпке баулу және т.б. ағартушылық қызмет жүргізіп, мемлекеттік биліктің мызғымас тірегі болды.

Сыр өңірі - бүкіл алашқа мәлім дүлдүл ақын, шайырлар, батыр, билер мекені ғана емес Ахундар мен ишандар, молда мен мақсым атанған оқымысты, ғұламалардың елі. Саясат, өнер, білім, ғылым саласында биік деңгейден көрінген Сыр бойы перзенттерінің Орта Азия ғана емес, бүкіл Шығыс мәдениетінде алар орны берік. Олардың қатарында қазақтың өз алдына дербес ел ретінде құрылуына, мәдениетін дамытуға  үлкен еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлері, ағартушы күрескерлер бар. Міне, сондай дара тұлғалардың бірі, бар өмірін халқының сауаттылығы мен мәдени дамуына, рухани кемелденуіне сарп еткен Мырзабай Ахун Азаматұлының орны ерекше.

Қазақ даласында ағартушылық істі ишандар мен Ахундар, оқымысты ғұламалар өрістетті. Олар ел өміріндегі ықпалды  әлеуметтік топ ретінде халықты мұсылман дінінің басты ұстанымы  имандылыққа тәрбиелеген, мешіт салдырып, медреселер ашқан, Шығыстың классикалық әдеби мұраларын насихаттаған, Ресей империясының отаршылдық саясатына өздері жүргізген діни тәлім-тәрбие, оқу-ағарту істері арқылы кедергі жасаған шын мәніндегі күрескерлерге айналды.

Ресей отаршыларының халқымызды ұлттық келбеттен, тілден, діннен, жерден айыруға бағытталған стратегиялық саясатына 200 жылға жуық жүйелі қарсылық көрсеткен де ағартушылық ұстанымдағы қайраткерлеріміз. Ішінара  жүзеге асырылған осы стратегияны толық орындау үшін  империяның лайықты ізбасары Кеңестік жүйе көрнекті ағартушыларымызды, олардың дәстүрін түбегейлі жойғанда ғана қол жеткізетінін түсінсе керек. Тарихи тұрғыдан өте қысқа уақыт ішінде медресе-мешіттер ойрандалды; ислам қағидаларының орнына коммунистік идеология енгізілді; мәдени, тарихи, рухани мұраларымыздан айыру мақсатында алфавитті ауыстырды; бүкіл қазақты сауатсыз, ал әлемдік өркениеттің шамшырағы Шығыс мәдениетін «ескі», Ресей білімін «жаңа» деген ұғымдарды санамызға сіңірді; жерді басқару еркінен айырып, қоғамымызға жат таптық көзқарасты күштеп таңу арқылы халқымыздың үштен бірін босқынға айналдырды, жерімізге ділі жат, салт-дәстүрі басқа келімсектерді қаптатты. Осындай нәубет, зобалаңға ашық қарсылық көрсеткен алаш зиялылары мен ишан, Ахун, молда және т.б. ұлт ағартушыларын әлеуметтік топ ретінде жойды.

Білектің күші, найзаның ұшы, жүректің рухымен қазақтың жерін қорғаған арыстар мен асылдарымыздың жанқиярлық ерлігін, ерен еңбегін, ұлағатты істерін ұлықтау жұмыстары Қазақстан тәуелсіздігі жарияланған алғашқы жылдарынан қарқын алды. Отаршылдық кезеңде қордаланып қалған ақтаңдақтардан арылып, жаңаша таразыланған төл мұраларымызды келер ұрпаққа аманаттау - ұлт мүддесіне жауап беретін ұлы іс екені ақиқат. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың: «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың әруағының алдында қашан да қарыздармыз», «Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ», деген толғаныстары әрбірімізді ұлттық тарихымызды, ата-бабаларымыздың өнеге-дәстүрін қадірлеп, қастерлеуге шақырады.

Қазіргі таңда, Ұлттық тарихты жаңаша пайымдау, «ақтаңдақ» беттерін қайта саралау тарихшылар қауымына жүктеліп отырғаны белгілі. Міне, елімізбен өлке тарихында өзіндік орынға ие Мырзабай Ахунның қызметі мен өмірлік өнегесі жаңаша талдауды қажет етіп, өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеудің негіздері бола алады. Бұл қаралып отырған тақырыптың қазіргі уақытта өзекектілігін көрсетсе керек.

 Ғылыми жоба жұмысының мақсаты Мырзабай Ахунның өмірі мен қызметін кешенді зерттеу арқылы Сыр өңіріндегі діни ағартушылық ой-сананың қалыптасуы мен қызметін көрсету. Осы мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

 - ХІХ ғ. ортасы мен ХХ ғ. бас кезіндегі Сыр өңіріндегі саяси ахуалды саралап, айғақтау;

 - ХІХ ғ. ортасы мен ХХ ғ. бас кезіндегі Оңтүстік өңірдегі діни ағартушалардың мемлекеттілікті сақтап қалудағы қызметін көрсету;

 - Ахунның мол мұрасы негізінде ұлттық тарихтың «ақтаңдақ» беттерін жаңаша пайымдау.

 Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 

МЫРЗАБАЙ АХУННЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ МЕН ӨМІРІ

ХІХ ғасырдың ортасына таман Ресей империясы Арал аймағы арқылы бүкіл Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу үшін өз әскерін даярлай бастады. Сыр өңірін басып алу арқылы патша өкіметі бірнеше стратегиялық жағынан маңызы бар жоспарларын жүзеге асыра алатын еді.

Патшалық Ресейдің Орталық Азия елдеріне жақындай отырып, бүкіл Түркістанды (қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірі мен Орта Азиялық республикалары - авт.) бағындыруы үшін ең алдымен - Сыр бойын жаулап алуы керек болатын. Сыр өңірінің тоғыз жолдың торабында орналасуы, Арал теңізі мен Сырдария өзені арқылы Түркістан өлкесіне етене ену мүмкіндіктерінің артуы, бұл өлкенің әскери-стратегиялық маңызын еселеп арттырды.

Ресей билігінің қазақ жерінде классикалық үлгідегі отарлау саясатын (мемлекеттік басқару жүйесін жою, қазақтың байырғы шұрайлы жерлерін келімсектер мұқтажына тартып алу, тіл мен дінінен айыру стратегиясын қолдану) жүзеге асырғаны белгілі.

Ел тарихындағы алмағайып кезеңде басқыншыларға әрі олардың шексіз озбырлығына қарсы бағытталған қазақ халқының қарсылығы бір сәтте толастаған емес. ХІХ-ғасырдың 30-70 жылдарындағы ұлт-азаттық қозғалыстың алтын діңгегі іспетті ең ірі көтерілісті қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы (1802-1847 жж.) басқарды. Бұндай күресті Жанқожа батыр Нұрмұхаммедұлы (1774-1860 жж.), Сыздық сұлтан Кенесарыұлы (1837-1910 жж.) өрістетті.

Даңқты қолбасшылардың отаршылдарға қарсы азаттық күрестеріне рухани қолдау көрсетіп, халықты біріктіру ісінде діни ағартушы-оқымыстылар аянбай қызмет еткені мәлім.

Мемлекеттілікті қалыптастыру, іргесін бекіту, халықтың рухани мәдениетін, дүниетанымын жетілдіру, сауаттандыру, әлеуметтік жағдайын көтеру жұмыстарымен айналысқан олар, отаршылар ықпалына қарсы күрескен, имандылық пен білімділікті насихаттаған, құнды шығармалар жазып, ғажайып туындыларды дүниеге келтірген ғұлама-ағартушылар мен қайраткерлердің ұлтымызды ұйыстырудағы рөлі орасан болғаны бүгінде тарихи шындық.

Сыр елінен шыққан ағартушы ұстаздар философия, грамматика, лингвистика, шығыс тарихы мен әдебиеті, астрономия және т.б. жаратылыстану салалары бойынша кәсіби білікті болған. Бұлар негізінен Мекке, Медине, Бағдат, Шам, Ыстанбұл, Каир, Кабул, Герат, Хиуа, Хорезм, Үргеніш, Самарқанд және т.б. мәдениет орталықтарында оқыған. Өңір халқын ағартуда Бұхарадағы «Көкілташ» медресесінің орны ерекше болды. Медресе түлектерінің қатарында Сыр өңірінде өздерінің дербес мешіт-

медресесін ашқан ағартушы-ұстаздар көптеп саналады. Солардың бірегейі Ахун, ірі ағартушы Мырзабай Азаматұлы.

 Мырзабай Азаматұлы 1832 жылдары Қызылорда облысы, Жалағаш ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келген. Шыққан тегі Кіші жүздің Керейт руынан. Оның ішінде арбалы, абыз болып тарайды. Әкесінің аты Азамат, Азаматтан Мырзабай және Қалымбет туған. Мырзабай Ахуннан тараған ұрпақтары: Әбдімәлік, Әбдісадық, Шарипа, Мапаш.

  •   Әбдімәліктен ұрпақ жоқ. Бұқарадағы «Көкілташта» оқып, сол жақта қайтыс болады.
  •  Әбдісадықтан: Салхадин, Рахила, Ғафура;
  •  Шарипадан: Қатира, Нағима, Әнипа;
  •   Мапаштан: Тельмакн, Зағипа, Назипа тарайды.

 Ахунның туған жылы өз ұрпақтарының, сонымен бірге ауыл ақсақалдарының шамалауынша алынды. Өйткені нақты деректер, жазба мұрағат құжаттарында жоқ. Мырзабай Ахунның немерелері Салхадин, Ғафура, Тельманның шамалауынша, Мырзабай Ахун 1917 жылы 85 жасында қайтыс болған. Оған дәлел Мырзабай Ахунның қызы Мапаш 1916 жылы, немересі Салхадин 1917 жылы дүниеге келген. Ахунның 1832 жылы туылғанын айқындайтын айғақтарының бірі осы ғана. Ел аузында жүрген деректерге сүйенсек, Ахунның әкесі де қара жаяу жан болмағанға ұқсайды. Бұлай дейтініміз көзі көріп, құлағы естімеген Бұхара қаласына көзінің қарашығындай ұлын оқуға жіберу сол заманда кез-келген жанның қолынан келмес те еді. Сырдың төменгі жағын жайлаған қалың елдің арасында Алланың құлы Мұхаммедтің үмбеті Мырзабай Ахун, тағы басқада ғұлама жандардың есімдері халық жадында әлі күнге дейін сақтаулы және ұмтылмақ емес.

 Ақиқат жолында сүйіспеншілікке бөленген жандардың бірі - Мырзабай Ахун Азаматұлы. Көнекөз қариялардың айтуынша және баспасөз беттерінде жарияланған материалдарға жүгінсек, Мырзабай Ахун 1833 жылы Сырдарияның оңтүстік жағалауында дүниеге келген деп топшылайды. Ауылда мұсылманша сауатын ашқан Мырзабай Қарақалпақстанда Тақтакөпірде оқып, хат қара танып, Қосым сопының ұлы Ысқыштың баласы Саймұхамед (Саймағанбет) ишаннан (Хиуа қазиі болған) оқиды, әрі қасында көп жыл болады. Кейін Орта Азияның ежелгі қалаларының бірі - Бұқарадағы «Көкілташ» медресесіне 16 жасында оқуға аттанып, 1854 жылы үздік бағамен бітіріп шығады. Мұнда «Ахун» атағына ие болған бабамыз төрт жыл бойы осы медреседе шәкірттерді имандылыққа, кісілікке, адалдыққа баулиды. Елге оралған соң сол кезде жоғары дәреже саналатын «Ахун» атағын алғаны жайында ешкімге тіс жармайды. Мұны Мырзабай бабамыз мақтаншақтық деп түсінеді. Кейін оны ұстазы Ораз Ахун замандасы Қалжан Ахун, Алданазар билер Мырзабай Ахун еліне келгенде жария етеді.

 Мырзабай Ахун өз заманының білгір ғұламасы болған адам. Ашаршылық жылдары елді отаршылыққа, егін егуге, бау бақша салуға үйреткен. Ел иелігіне деп Пірман, Жоламан арықтарын қаздырған. Халық сол арықтан әлі күнге дейін су алып тұр.

 «Қармақшы таңы» газетінде жарияланған «Ораз Махаммед Бекетайұлы» атты мақалада: «Ал, Мырзабай мен Қалжан Ахун Қарақалпақстанда оқып, сауат ашып онан соң» «Көкілташты бітіргеннен кейін Сыр бойына Ораз Ахун мешітіне келген», - деген жолдар бар. Осы жерде әңгіменің бетін ашып қалу қажет. Біріншіден, «Ахун» немесе «ақын» сөзінің этимологиялық шығу төркіне үңіліп көрелік. «Қазақ тілінен енген араб-парсы сөздері» деген түсіндірме сөздікте фАхун немесе ақын сөзі өлең шығарушы, бәйітші деп жазылған. Ал бәйіт (бәдік айту) сөзі екі жолдан тұратын араб ақындарының өлең шығармаларына ғана тән атау екені белгілі жәйт. Сол кездегі ислам дінін уағыздайтын әдеби шығармалар мен оқулықтар осы бәйіт формасында жазылғанына ешкімде дауласпайды. Ендеше 1836 жылы дүниеге келіп, 1859 жылы Мырзабай Ахуннан «Көкілташ» медресесін бес жылдан кейін бітірген Ораз Ахунның Қарақалпақстаннан Мырзабай Ахунды алдыруы ақылға сыймайды емеспе? Әрине, бұған басқаша себеп болған деу керек. Ал сол кездері Ахун атағы діни кітаптарды аударушылар әрі ел арасында дінді насихаттаушыларға, медреседе толық білім алған талантты жандарға ғана берілген. Мырзабай Ахун обал-сауап, қайырылымдылық пен, қиянат, жалғандық пен шынды, сараңдық пен сахилықтың тақырыбында көп жазғанын ел жұрт біледі. Әттен, сол асыл дүниелердін бүгінгі ұрпаққа жетпегеніне өкінеміз. Әлі де болса табылып қалар деп үміт үзбиміз. Бұл оның әрі Ахун, әрі ақын болғанын дәлелдейді. Мырзабай Ахун айтқан екен деген жыр шумақтары мен нақыл сөздері халық ауызында әлі айтылады. Қазір сол шығармалардың білетін кісілердің қатары жоқ. Ораз Ахун, Мырзабай Ахун, Қалжан Ахундардың өзара ғылыми орта құрып, руханият, тіл, жалпы адам тәрбиесімен айналысып отырғандығы енді қазір мәлім болып отыр. Осылардың ішінде Мырзабай Ахунның өз тұстарына арнап әдет-ғұрып, тәрбие жөнінде шығарган төрт таған жыр жолдарын жазғандығын қазір қауым біле бермейді.

 Жалпы Мырзабай атамыздың өлең түрінде жазылған шығармалары болған. Ахун әрі ақын шығармаларын жинау ұрпақтың үлкен міндеті болмақ. Біз негізі Ахунның ел арасында жүргізген имандылық, адамгершілікке баулып, қазақи құнарлы білім берген ағартушылық қызметін тілге тиек етпекпіз. Сол кездері «Көкілташ» медресесінде діни оқулармен бірген аспан әлемі, математика, медицина, философия осы айтылған ілімдерді түгел бойына сіңірген сопылық кісінің жан әлеміне сіңіріп дарытатын ақын әрі Ахун атамызға көріпкел әурешілікпен қатар, емшілік қасиеттер де осы оқу ордасынан қонған, дарыған.

Мырзабай Ахунның көріпкел, әулиелік қасиеттері

Мырзабай Ахунға көріпкел, әулилікпен қатар , емшілік, жомарттық қасиеттер де бойына дарыған ғұлама, асыл кісі болғаны жайлы ел арасында аңыз-әңгімелер көп.

Көріпкел әулие бабамыз ХХ ғасырдың басында Сырдарияның теріскейінде салынып біткен теміржолды көріп, ойға батып тұрып: « Батыс пен шығыс байланысатын болды,- деп қуануға ертерек шығар. Осы жолдармен ізгіліктен бөтен, түрлі зиянды әдеттер ел ішіне ендеп кіріп кете ме деп қорқып тұрмын» - деген екен. Алдағы күнді болжап айтқан мына сөздерін де, әлі күнге аңыз ретінде айтып жүреді.

Бірде Ахун таң намазын оқып болғаннан кейін шәкірттерін жинап алып: - Маған бүгін әулиелер аян берді. Патша да емес, хан да емес заманыңның өзі үш қайтара өзгеріске ұшырайтын болды. Кейбір халықтарға ғылымнан , сезімнен, сергектіктен айрылар күн туады. Көздері кіреукіленіп мешіт мұнараларын көрмей қалмас болар еді. Мен бұл кезеңде бахилық дүниеде жүрермін. Сендер қиыншылыққа душар болатын болдыңдар –ау- деп, мұңға батып тұрып қалыпты.

Ахун дүниеден өткеннен кейін, Қазан төңкерісі болғанын және 70 жылдан астам кеңес үкіметі дінге тыйым салғаны белгілі,енді Ахун айтқан үшінші өзгеріс ақиқаттың жолына аяқ басар заман туар деп үміттенеміз.[1-Жалағаш жаршысы 8 бет] Мешітке түнеп, емшілік қасиетіне табынушылар жан-жақтан ағылып келіп, Мырзабай бабамыздың алдынан құлан-таза айығып кетеді екен.

Ахун бабамыз қасиетті шарапатты, қалың еліне қамқор әулие кісі болған. Мешіттен түстікке қарай бір шақырымдай жерде мешіттің бағы болыпты. Ахун бабамыз бұрын бұл жерге үрдіс болмаған жеміс-жидек халыққа дәмін татқызып егуді насихаттаса керек. Тіршілік көзі адал еңбек, диханшылық кәсіп екенін көрсетсе керек.

Ауданымызға белгілі болған Жаңаталап ауылындағы Ідіріс молданың көзі тірісінде замандастарына айтуы бойынша , анасы Ідірістен бұрын 15 құрсақ көтереді. Бәрі де сәби кездерінен шетінеп кетеді. Әкесі Ақмырза жолдасын

15- ші балаға аяғы ауыр кезде Мырзабай Ахунның мешітіне түнетеді.

Сонда Ахун « Бұл баладан да рахат көрмейсің», -дейді.

Осыдан кейін тағы да ер бала көтересің, атын Ідіріс қой , өмірі ұзақ болады.Осы баладан рахат көресің деген екен. Сол Ідіріс кезінде Қызылорда қаласында «Айтбай» мешітінде Бас имам болып көп жыл діни жұмыс атқарды. Жасы келгесін және денсауылығына байланысты бұл жұмыстан кетуге мәжбүр болды. Халық сыйлаған, белгілі ғұлама кісі болған.

Мырзабай Ахун бабамыз мешітке түнеуге келе жатқан кісілерді алдын ала болжап біліп: « Бір мүсәпір шаршап, шалдығып келе жатыр»-деп қазанын астыртып, шайын қойғызып, күтіп отыратын көрінеді.

Бірде мешітке Өткелбай Ақпанбет деген кісі түнейді. Ол кісі Алладан перзент сұрап, тілек тілеген екен. Ертесіне Мырзабай Ахун ол кісіге «Екі ұлды боласың, есімдерін Нұрғали, Есқали қой. Бір қыз бала бар, бесік түсіп тұр. Бірақ ол кейінірек»-деген екен. Әулие бабамыздың осы айтқаны келіп, ол кісілер екі ұлды, бір қызды болады.Нұрғали, Есқали, Анаркүл атты кісілер өмір сүріп, қазіргі Мырзабай Ахун ауылында қайтыс болды. Ұрпақтары бар.

. Бірде ол бақшасында кетпен шауып жүргенде жанынан үш салт атты өтіп бара жатса керек. Әлгілер өзара: «Мырзабай Ахун» деп дүрдей қылатыны осы бәкене бойлы кісі ме? Мұның не кереметі бар екен?» – деп менсінбей сәлем берместен өтіп кетеді. Біршама жол жүргенде үшеуінің төбелеріне шаңырақтай қара бұлт түйіліп келіп, жаңбыр құйып салады. Айнала аспан ашық, күннің шуағына бөлене маужырап тұр екен. Сол үшеуі өздерінің күпіршілік жасағандарын мойындап, қайта айналып келіп, бабадан кешірім сұрапты.Мырзабай Ахунның өнер-білімге талпынған Табынбай атты баласы Бұқарадағы Көкелташ медресесіне барып оқымақ болады. Мұны білген Ахун: – «Балам, медресе беретін білімді менен ал.

Мен сені алысқа жібергім келмейді» – деп келісім бермепті. Айтқанынан қайтпаған бала ақыры бармақ болады. Сонда Ахун ата: «Балам, менің тілімді алмадың. Не ғұлама болып орал, не шейіт болып орал» деген екен. Табынбай медресені өте жақсы аяқтап, еліне келе жатқанда жолда өзбектер «у» беріп өлтіреді. Ахунға ұлының қайтыс болғанын естіртуге ұстазы Ораз Ахун, Қалжан Ахундар келіпті.– Тақсыр, сізге қояр сұрағымыз бар еді. Сабырлылық кімнен қалған? – деп сауал қойыпты.Сонда Мырзабай Ахун:– Отыз ұлы болған Дәуіт пайғамбар намазға тұрып, оң жағына мойын бұрып «Ассалаумағалейкүм, Рахметулла» дей бергенде, намазға өзімен бірге тұрған отыз ұлына көзі түсіп кетіп сүйсініп: – «Уай, мен де бір тайпа ел болыпын ғой» – депті. Намазын бітіріп, ұлдарына көз салса, сәждеге отырғызып қойған отыз ұлы тұрмай қалған екен. Дәуіт пайғамбар бұл өзінің күпіршілік сөзінен екенін біліп, отыз ұлынан бір сәтте айырылса да сабырлылық қылған екен» – депті.– Иә, тақсыр, дұрыс айтасыз? Ал шейіт деген не? – деп сұрағанда Баба: – Шейіт деп қан майданда қаза тапқан, алыста өнер-білім жолында жүріп қапылыста көз жұмғандарды айтамыз, – дейді.– Тақсыр, сабырлылық Дәуіт пайғамбардан қалған дедіңіз, енді пайғамбардай сабырлы болыңыз. Балаңыз Табынбай шейіт болды – депті. Көзінен ытқып жас шығып кеткен Ахунға Ораз Ахун: – «Берік бол, балам, берік бол» – деп сабырлыққа шақырыпты. Сонда Ахун: – «Ей, ұстазым-ай, бөгетім жығылып кетіп тыя алмай отыр емеспін бе» – деген екен. Үш күн түйемен Бұқарадан жеткізілген Табынбайдың сүйегін шейіттерді су жағасына қоятын ғұрыппен Сырдың бойына жерлепті. Ел бүгінде сол жерді «Шейіттей» деп атап кеткен.асқа келген шағында дүниеден өтті.Әр кезде моланы, мешітті бұзып, кәдеге жаратқысы келген ақымақтар болған.Сондай жаман үрдіс Мырзабай Ахун мешітінде де болған. Белсенділерге арқа сүйеген бір кісі мешітті бұзбақ болады. Бірінші кесекті тастайды, екінші кесекті тастайды, үшінші кесекті лақтырғанда сол кесек көтеріліп келіп өз орнына қайтадан қаланыпты. Мұны көріп есінен танып қалған Тоқтыбай түс мешітті қалпына келтіріп, құдық қазып, тал егіпті.

Ұзақ жылдар бойы мешіт басында шырақшы болып, бертінде қайтыс болған. Қанша күнәмді жуам десе де, ақыры ұрпақсыз өмірден озды.Оның мазарының басында екі жылан бар. Біреуі – мешітте, біреуі – бейітінің басында жатады. Мешіттегі ақ жылан үйге дейін келіп-кетіп жүреді. Ал бейіттегі ақ жылан тек Құран оқығанда шығады да, Құран біткесін кетіп қалады.Иә, шынында да, бойына небір керемет қасиет дарыған бабамыз баяны жоқ дүниеге қызықпай, Аллаһтың ақ жолынан таймай, кісіге қиянат жасамай, жарлы-жақыбайлардың көмекшісі бола білген ғұлама, әулие, көріпкел кісі болған деседі.

Қазіргі мешіт бұдан 15-20 жыл бұрын сүт тарататын пункт, мал фермасы болған. Кейінгі жылдары мал қамайтын қораға айналды.

Мешіт 1999 жылы ауыл төрағасы Төребек Жетіруовтың қолдауымен қолға алынып ретке келтірілді.Әсіресе бұл жұмысты бастан аяқ қолға алған баба ұрпағы ауыл азаматы Асылхан Әбдіреевтің еңбегін ерекше атап айтқан жөн.

Осы жылдың 4 қарашасында мешіт қайтадан ашылып, шырақшы ретінде Әлиасқаров Серікбол қалды.

2002 жылдан бастап мешітте Мырзабай Ахунның шөбересі Әбсадықов Ораз шырақшы болып келеді.

Мырзабай Ахун өзінің білімдарлығымен, ағартушылығымен халқына имандылық, адамгершілік нұрын төккен адам. Мейірбандығымен бүкіл елге қамқор қолын созып көріпкел әулиелігімен, табиғи сезімталдығымен жаны жапа шеккендерге шипалы ем жасаған.

Сол үшін де оның есімі ұрпақтан-ұрпаққа қасиетті бой тұмардай сақталып

келеді. Оның туған халқы үшін атқарған қызметі қазіргі ұрпаққа аңыз болып

жетті.Оның ұлағатты сөздері, өнегелі істері уақыт озған сайын имандылықтың, адамгершіліктің, мейірбандылықтың биік шыңына айналды.

БАБАЛАР МҰРАСЫ ҰРПАҚҚА АМНАТ

«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би», - сөзі атадан балаға мирас болып келе жатқан даналық белгісі. Майқы би бабамыз түйінді, даналы сөздің де, би біткеннің де алғашқысы болса керек. Майқы бабамыздан қалған әрбір нақыл сөздің өзіндік шығу себептері болғандығы туралы көнекөз қариялар айтып отыратындары бар. Мәселен, «кімнен кім туады?» деген сұраққа Майқы би былай деп жауап беріпті:

 Тұлпардан тұлпар туады,

 Сұңқардан сұңқар туады.

 Асылдан асыл туады,

 Жалқаудан масыл туады.

 Тілазардан қалжыңбас туады.

 Таздан жарғақбас туады.

 Сараңнан бермес туады.

 Мылжыңнан езбе туады,

 Қыдырмандан кезбе туады...

Бабамыздан қалған осынау даналық сөзіне кім артық не кем пікір қосады? Әлбетте ешкім болмас! Мұндайда халқымыздың тек, тектілік және дегдарлық деген киелі сөздері ойға еріксіз оралады [2-395 бет Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой сана].

Жалағаш ауданының «Таң» ауылында өзіндік сәулеті бар мешіт көзге бірден түседі. Бұл Әбжали ишанның мешіті. Халық осылай атайды. Көнекөз қарттардың айтуына қарағанда бұл мешіт ХХ ғасырдың басында, шамамен 1910 жылдары салынса керек. Мешіт салынып болғаннан кейін Сегізбай би бастаған сол ауылдың игі жақсылары ие болар адам іздестіреді.

Ақырында таңдау Жетірудың Керейт (тайпасының) руының Арбалы аталығынан шыққан Әбжали ишанға туседі. Әбжали кезінде Бұқарада оқып діни білім алған адам еді. Әбжәли ишанның әкесі Мырзабай Ахун атағын алған бүкіл Сыр бойына белгілі кісі болған. Мешітке Әбжали ишан иелік етеді. Бірақ, көп ұзамай елде Кеңес өкіметі орнап, мешіт ұстанғандар қуғын-сүргінге ұшырайды. Алғашқы кезде-ақ Әбжали ишан да саясаттың құрбанына айналып, жер аударылады.

1933 жылдың желтоқсан айында Мешіт жанынан қосымша бөлмелер салынып, бір жағынан мектеп-интернат, екінші жағынан елде белең алған ашаршылық салдарынан Қармақшы, Жалағаш төңірегінің қараусыз, аш-жалаңаш қалған әртүрлі жастағы балалары топтастырылды.

Он бала тәрбиелеп өсіріп, солардың немере шөбере сүйіп отырған жағдайым бар.

Әубәкір ақсақалдың осы әңгімесінен кейін мына деректерді де қосуды жөн көреміз.

1993 жылдың наурыз айында, яғни ишан ұсталып кеткеннен соң тура 60 жыл өткенде «Таң» ауылындағы аталмыш мешіт күрделі жөндеуден өтіп халық иелігіне пайдалануға берілді.

«Орнында бар оңалады» демекші ишаннан қалған жалғыз тұяқ Зафура әжей (Сырдария ауданының тұрғыны) мешіттің қайта ашылғанын естіп келіп, әкесіне құран бағыштатты. Омар Жұсатұлынан да ұрпақ бар. Баласы Тельман Жалағаш ауданының «Мырзабай Ахун» ауылында тұрады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялап, дербес даму жолына түсті. Қыстың қақаған аязды уақыты тәуелсіздік күні етіп таңдалды. Мұның себебін елдегі еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін түгел білсе керек. Яғни, 1986 жылы Желтоқсан айында болған оқиға елдің еңсесін көтеріп, отаншылдық отын маздатқан-тұғын. Халықтың сондағы тілегі көп ұзамай қабыл болып, тәуелсіздік туы ел көгінде желбіреді. Қазақ елінің егемендігін, халқының азат өмір кешуін көру ата-бабамыздың армандап кеткен тілегі. Олар бұл күнге жетпеді, алайда оның қадірін бүкіл болмысымен білді, болашақ ұрпағына соны тіледі. ХХ ғасыр басындағы Отанымыздың тарлан тұлғаларының да Тәңірден тілеген тілектері – тәуелсіздік еді. Ұлт зиялылары барлық білімдері мен күш-қайратын елінің тәуелсіздігі үшін жұмсады. Осы ұлы мақсат жолында қасық қаны қалғанша күресіп, тіпті жандарын құрбандыққа қиды.Қазіргі таңда ғаламдағы барлық еңселі мемлекеттермен терезесі тең, иманға ұйыған егеменді елміз. Бұл бүгінгі елжанды ағалардың жанпидалығының арқасы. Аллаға мың да бір тәубе. Алдыңғы ұрпақ халық алдындағы азаматтық парызын өтеді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрды. Елдің ертеңі – бізге аманат. Тәуелсіздігімізді Алла тағала баянды еткей.

Қазақ – мұсылман халық, оның діні – Ислам екендігін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үнемі биік мінбелерден айтып келеді. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған. Дін – ата-бабалар мұрасы әрі аманаты. Тіл де солай. Ғасырлар бойы өзара және басқалармен қарым-қатынас жасап келе жатқан тіліміз – қазақ тілі. Осы қарым-қатынастарымызды, әдет-ғұрыптарымызды реттеп отырған дініміз – Ислам. Бір ұлттың өз тілінде сөйлеуі сол халықтың өкілі екенін білдірсе, дін – ақ пен қараны, адал мен арамды, хақ пен нахақты, сауап пен күнәні айыра алатын халық екеніміздің белгісі. Қазақ дінін – атаға, тілін – анаға теңеген халық. Яғни, ата дініміз – Ислам, ана тіліміз – қазақ тілі демейміз бе? Олай болса, діні мен тілін жоғалтқан адам ата-анадан жетім қалған кісі сияқты. Демек, дін мен тіл – тәуелсіздіктің түбірі һәм тұғыры. Бұлар – біздерге, жастарға аманат. Аманатқа қиянат жасау – үлкен күнә. 

Қазіргі уақытта Ахун шөбересі Салхашев Сүлеймен Қызылорда қаласының тұрғыны. Қалалық жедел жәрдем станциясында 30 жылдан астам қызмет істеген. Жолдасы Нұрылдайева Роза қалалық наркология бөлімінде мейірбеке қызметін атқарған. Қазіргі кезде бабаның шөберелерінен тараған неменелері өсіп келе жатыр. Олар баба рухын әрқашан естерінен шығармай мақтан етеді. Аталары Сүлеймен немерелеріне әрқашан аталарының жақсы қасиеттерін үлгі етіп айтып отырады.

Жалағаш ауданы

Алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра объектілері

44

Тортуылұлы Мошыбай құлпытасы. ХІХ ғ.

қала құрылысы және сәулет

Таң ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 шақырымда орналасқан.

45

Мырзабай Ахун мешіті.

ХХ ғ.

қала құрылысы және сәулет

Мырзабай Ахун ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 шақырымда орналасқан.

46

Мырзабай Ахун үйтамы (бейіт). ХХ ғ.

қала құрылысы және сәулет

Мырзабай Ахун ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 шақырымда орналасқан.

47

Су қыспақты мұнара.

1905 ж.

қала құрылысы және сәулет

Жалағаш кенті,

Қазбек би көшесі, 45

48

Әбжали ишан мешіті.

1920 жыл.

қала құрылысы және сәулет

Таң ауылы, Ж. Жабаев көшесі, 12

49

Бұқарбай батыр мазары.

1993 ж.

қала құрылысы және сәулет

Қаракеткен ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21,3 шақырымда орналасқан.

Қорытынды

Осы зерттеу жұмысымды аяқтай келе, мен осы ізденістерімнің неге, не үшін қажет екенін айтқым келеді. Қай халық болсын өз елінің тарихын, өткенін біліп, келер ұрпаққа аманат етуі қажет. Өйткені өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашақ жоқ дегендей, өңіріміздің болашағы кемел болсын десек, оның өткенін білуіміз қажет. Оның ішінде ауылдан шыққан белгілі тұлғалар туралы, олардың жасаған еңбегін бүгінгі ұрпақ біздер біліп, қастерлеп, оны болашаққа ұран етіп жеткізуіміз қажет деп санаймын.

Тәуелсіздігіміздің бір айғағы - имандылық тәрбиесі қайта жанданды, өшкенімізді жандырып, өлгенімізді тірілтіп жатқан тірліктер еліміздің барлық аймақтарында көрініс табуда.

Соның бірі Мырзабай Ахун мешітінің қамқорлыққа алынуы. Мешіт бұдан жиырма жыл бұрын барлық қабырғалары құлап мал қамайтын жайдақ қораға айналған болатын.

Мырзабай Ахун салдырған мешіт үйінің жұрнағы көненің көзіндей болып Мырзабай аулына барар жолдың жиегінде жақын жерде әлі күнге тұр.

Ауыл азаматтарының арқасында қазір мешіт айналасы қоршауға алынып, жан жағына тал егіліп, басында отырған шырақшыға үш бөлмелі үй салынып онда жұма намазын оқитын жайлар жабдықталған.

Сол кездері ата-бабаларымыз елім, жерім деп төккен терді бүгінгі біздер де төксек, бабаларымыздың даналығын жалғастырсақ – ертеңіміздің айқын да жарқын болатынына сенім мол.

Ұсыныс:Мырзабай Ахун туралы кітап басылып шығып мұражай ашылса

Мырзабай Ахун мешіті

Мырзабай атамыз жерленген орын

Бабаның кітаптары сақталған кебеже

Пайдаланылған әдебиеттер

[1] Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде 11 том Кереит.

Х .М. Ғабжамелов Алматы 2011жыл 367 -бет

[2] Қожахметова .Г. Мырзабай Ахун туралы не білеміз? Қазақстан әйелдері

2007 жыл № 9 7-бет

[3] Ақмешіт апталығы -2011 жыл 14 шілде №28-16 бет

[4] Түйімбетов .М. «Сопылар әлемі» Қызылорда:Тұмар, 2004 ж. 67-99 бет

[5] «Жалағаш жаршысы» №58 15 желтоқсан 1996 жыл 8-бет

[6] «Жалағаш жаршысы» №31 27 шілде 1996 жыл 4- бет

[7] Сарбалаев Ж. «Зәйтүннің жасыл дара ғы» «Жалағаш жаршысы» 1996жыл 15-желтоқсан

[8] «Жалағаш жаршысы» Әбжәли ишан 1996 жыл 15 желтоқсан

[9] «Сыр бойындағы әулиелер« Атамұра баспасы 2000 жыл

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу