Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Ұлы дала заңдары

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Ұлы дала заңдары

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Ұлы дала заңдары казакша Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Ұлы дала заңдары на казахском языке
Мазмұны
1. Кіріспе: Ата заңы - баба заңы
2. Негізгі бөлім: Ұлы дала заңдары
2. 1 Көшпелілер қоғамындағы әдет - ғұрып құқығы
2. 2 Қасым ханның қасқа жолы
2. 3 Есім ханның ескі жолы
2. 4 Тәуке ханның Жеті жарғысы және Қазақтың тұңғыш Конституциясы
2. 5 Абай Құнанбаев " Ережесі"
Қорытынды

Кіріспе
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда
ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз». (Н. Ә. Назарбаев)

Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асыру үшін әрбір азамат өз құқықтарын жете білуі, соған сай сана - сезімдерін қалыптастыру керек. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы - адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттары - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Ата заң - мемлекеттік құрылыммен қатар жариялы - билік институтын белгiлейтiн ереже ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттің қандай кұндылықты сақтау керек екендiгiн айқындайтын басты құжат. Конституция қағидаларын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің өсiп - өркендеуiне, адам құқығының сақталуына, бiрлiк пен тұрақтылыққа жол ашады.

Тарих өткенді саралап, келер уақытқа өнеге қалдырады. Қазақстанда конституциялық құндылықтардың дамуының өзiндiк тарихи жолы бар.
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап ұлтымыз жан - жағынан қаумалаған жаулардан қорғана отырып, дербес, қуатты да тұрақты мемлекет болуға тырысты. Алтайдан бастап Арқа асқан, Жайыққа жеткен ұлан - ғайыр жерiмiз сол күрестiң нәтижесi. «Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе» қағидасымен дамуды көздеген бабаларымыз «Тәртiпке бағынған құл болмайды, тәртiпсiз ел болмайды» деген дала заңымен, салт - дәстүрiмен өмiр сүрді«Қасым ханның қасқа жолы», «Есiм ханның ескi жолы», Тәуке ханның «Жетi жарғысы» сынды дала заңдары осыны меңзейдi.
Елбасы Н. Назарбаев бұл құжаттарды бiрлiк арқылы дербес мемлекеттiкке жол салған қазақ халқының арманын меңзейтiн құқықтық тарих ретiнде бағалады

Тарихқа көз жүгіртіп, бүгінгі күнге дейін жүріп өткен құқықтық жолымызға көз салып көрелік. Қазақтың дәстүрлі құқығы өте құнды рухани мұра. Дала заңдары жүздеген жылдар бойы қалыптасып, жетілдіріліп, дамытылып отырған. Ұрпақтан - ұрпаққа жеткен.
Қазақтың дәстүрлік құқығы дәстүрлік әдет - ғұрыпқа негізделген, соның негізінде қаланатын материалдық әрі сот ісін жүргізу нормалары бар заң жиынтығы еді. Қысқа, оңай есте қалатын, сонымен бірге ұтымды сөз тіркестерінен құралған заң жүйесі. Дала заңдары аталған:
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» бүгінде Қазақстан Республикасының Конституциясымен сабақтасып жатқандай.

Қазақ халқының ел басқару мен заң шығару, сот ісін әділ жүргізу бағзы замандардан қалыптасқан. Көшпелі қоғамның құқықтық өмірінің ұзақ тарихы бар. Ол көшпенділер тарихының көне дәуірлерінен бастау алады. Көшпелі қоғамдағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде, шешендік өнерінде жатыр. Сот билігі қазақ даласында кең тараған дамыған мемлекеттік биліктің формасы. Қазақ қоғамында сот билігі хан билігінен жоғары тұрды. Себебі, дала даналары ой - өрісі, білім парасаты мен қарағы шарапаты тұрғысынан жаһан ғұламалары Аристотель, Конфуций, И. Кант, Ж Ж Руссо секілді адамзаттың адал перзенттерімен тең дәрежеде тұрды. Сондықтан да, халық оларды «дала даналары» деп ардақтады.

Әдет - ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұнғыш түрі. Ол сол қоғамдағы құқықты, өзінің ішкі мәні мен мазмұны, сыртқы түр сипаты, іс - қимылды реттеу, жалпы болмысы адамзат мәдениетінің ерекше туындысының көрсеткіші.
Қазір осы әдет заңдарын іздестіру, жинау, жүйелеу және зерттеу ісіне көңіл бөлінуде. Қазіргі атақты ғалым - заңгерлеріміз С. З. Зиманов, Ғ. С. Сапарғалиев, Н. Өсерұлы, М. С. Нәрікбаев, З. Ж. Кенжалиев т. б. Көптеген ғалымдар қазақтың ата заңының бастаулары мен қайнар көздерін тереңнен зерттеуде.
Осылайша халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетін толық
игермей, оны өзіміздің мемлекетіміз бен құқықтық жүйеміздің алтын арқауы
етпей Республикамызда құқықтық мемлекет құруымыз мүмкін емес.

2. Ұлы дала заңдары
Көшпелілер қоғамындағы әдет - ғұрып құқығы

Қазақтың көне құқығы, ұлан-ғайыр еркін аймақта орналасқан түркі тілді көшпелі өркениеттің туындысы әрі мәдени жемісі, әрі мәдени мұрасы. Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет - ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені "адат" деп атады. Адат заңдастырылған әдет - ғұрып нормалары. Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет - ғұрып деген ұғымды білдіреді.

"Адат" өте ерте кезден басталып, көптеген өзгерістермен және толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен "адаттың" құқықтық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.

Қазақтардың әдет - ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады:
1. Рулық, патриархалдық әдет - ғұрыптардың ұзақ сақталуы. Мұндай ерекшеліктердің сақталуы заңды нәрсе. Ру қазақ қоғамының негізі болды. Ал рудың негізі патриархалдық отбасы болды. Қазақ отбасының басшысы немесе отағасы отбасындағы шешуші адам болды. Бұл ерекшеліктердің бәрі де көшпелі экономикалық қатынастардың бейнелері болып табылады.
2. Қазақ әдет - ғұрып құқығы барымта, қанға - қан, жанға - жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті. Бұл институттар қазақ қоғамында және оның құқықтық жүйесінде ерекше орын алды.
3. Әдет - ғұрып құқығы бойынша, қылмыстық істер мен азаматтық істердің арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән берілмеді.
4. Жерге жеке меншік құқының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының (сұлтандар, билер, қожалар) артықшылығымен ұштастырылды.
Қазақ ақсүйектерінің, әсіресе сұлтандар мен қожалардың артықшылығы ресми заңдастырылды. Ал ел билеу ісі тек сұлтандардың үлесі ретінде рәсімделді. Мұндай тәртіпті қоғамдық пікір де мойындады.
5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманистік сипатта болды.
6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық сипатта болды.
Ең басты нәрсе, сол принциптердің өз мәнін, мазмұнын жоймай іске асуы болатын. Айталық, қылмыс пен жаза саласында – қанды кек не құн төлеу қағидасы, неке саласында – жеті атаға дейін қыз алыспау қағидасы, сот саласында – әділдік, жариялылық, шешендік қағидалары. Әдет - ғұрып құқығы – құқықтық әдеттер жинағы ғана емес, ол қағида, көзқарас, ой түсінік жүйесі де болып табылады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 57 | 13.01.2019



Загрузка...

KZ / Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін], гылыми Ұлы дала заңдары жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Тарих ғылыми жұмыстар пән, Ұлы дала заңдары, гылыми Ұлы дала заңдары жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа сборник готовых научных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском дайын гылыми жумыстар жобалар Тарих ғылыми жұмыстар пән Ұлы дал, Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Ұлы дала заңдары Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы