КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР


Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университетінің 2курс студенті Абакова Лаура

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері-адамның және азаматтың, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу. Кодексте, кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, кәмелетке толмаған адамды мас болу күйіне дейн жеткізу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы бойынша жасалған іс-әрекеттер бойынша жазалар қолданылатыны көрсетілген. Аталған Кодексте ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған. Баршаңызға мәлім 2010 жылдың 29 қыркүйек айында Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы қабылданған. Аталған Заңның басты міндеті құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Ата заңымызда ата-аналар балдарына қамқорлықпен қарап, олардың жалпы орта білім алуларына, тәрбиесіне жауапты екені көрсетілген. Сондықтан, әрбір азамат заң талабын сақтап, әркезде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, өз міндеттеріне аса жауаптылықпен қарауға тиіс.ҚР Конституциясының 27 бабына сәйкес «неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті болып табылады». Біздің елдің Конституциясының осы нормасынан келесі қорытындылар жасауға болады: 1) балалық шақ бала өмірінің ерекше биологиялық, әлеуметтік-құқықтық және рухани күйі ретінде мемлекетпен қорғалады; 2) ата-ана кәмелетке толмаған балаларға қамқорлық жасауы тиіс, ал бұл олардың әлеуметтік құқықтары туралы қамқорлық танытуды да болжайды.
Одан бөлек, ҚР Конституциясы біздің еліміздің қолданыстағы құқығының бір бөлігі ретінде адам құқықтары мен бостандықтарына арналған халықаралық шарттарды мойындайды. Осындай шарттардың бірі БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясы болып табылады (1989 ж.). Тіпті, жақында ғана бүкіл әлем осы беделді халықаралық құжаттың 30 жылдығын тойлап өткен еді. БҰҰ берілген Конвенциясына сәйкес бала болып, егер сол балаға
қолданылатын заң бойынша ол кәмелетке ертерек толмайтын болса, 18
жасқа жетпеген әрбір адам баласы саналады. БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясы заңгерлер атап өткендей
Қазақстан Республикасының заңнамасына «имплементацияланады» (енгізіледі). Мұның дәлелі 2002 жылыдң 8 тамызындағы Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» N 345 заңы болып табылады.
ҚР «Баланың құқықары туралы» заңының 1 бабына сәйкес бала болып
он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам болып танылады.
Тергеуші кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің қырсықтық мінезі бар екенін айта кетіп және осы мінезі үшін көбіне әкімшілік құқық бұзушылық жасайтынын айтқан.Жәнеде өтірікшілдік мінезі бар екенін көрсетіп кеткен.Оларға:
-жауапкершілік пен жазадан қорқу;
-қылмысқа қатысушылар немесе оның туыстары мен достары тарапынан кек алу қоқынышы;
-достықты дұрыс түсінбеушілік,сатқын атанудан қорқу;
-құрдастарының назарын аудару тілегі;

100 000-бұл жыл сайын елімізде ата-анасы бола тұра ,олардың қарауынсыз қалған қаңғыбастыққа салынған бала саны(ресми емес)

Жазаның негізгі түрлері — әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері және ересек адамдардың әсері ескеріледі.

Кәмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасаса, онда уәкілді орган (лауазымды тұлға) оны әкімшілік жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік ықпал жасайтын шараларды қолданады.

Тәрбиелік ықпал ету шараларына жататындар:

-заңды түсіндіру;

-ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың немесе мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

-келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу;

-бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар қою.
Егер, кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады. Ал, арнайы құқықтан айыру жазасы кәмелетке толмағандарға бір жылдан аспайтын мерзімге қолданылады. Әкімшілік жазалардың басқа да түрлері (әкімшілік қамаққа алуды қоспағанда), сондай-ақ аталмыш Кодекстің 41 және 52-баптарында аталған әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмағандарға жалпы негіздерде қолданылады.
ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігінің диспозициясында, ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауынан жауаптылық туындайтыны көзделген. Бұл бап тәжірибеде әр түрлі қолданып, әр түрлі талқылануда.
Сот тәжірибесі көрсеткендей, бірнеше күн себепсіз оқуынан қалған кәмелетке толмаған баланың ата-анасына немесе басқа да заңды өкiлдеріне ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылады. Айтылған жәйт, осы баппен сотқа түскен істердің басым бөлігін құрайды.
ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігінің диспозициясы бойынша кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
Аталған бап бойынша субьект ретінде жеке тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар, орта кәсіпкерлік субъектілері, ірі кәсіпкерлік субъектілері танылады.
Жасы толып, қылмыс жасаған баланы қылмыстық жауапкершілікке тарту əр елде əр түрлі шешілген. Мысалы, Ұлыбритания елінде қылмыстық жауапкершілік кей қылмыстар үшін сегіз жастан бастап субъектілері болып көзделуі мүмкін. Нью – Иорк штатынының ҚК бойынша қылмыс істеп, сотқа тартылған бала егер өз əрекетінің қауіпті іс – əрекет екенін түсіне алған жағдайда қылмыстық жауаптылыққа сегіз жастан он екі жасқа дейін тартылады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
4. Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.
5. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
6. Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу