» » » Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері казакша Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері на казахском языке
Тақырыбы: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру «әдістері»
І. Кіріспе
Жерлесіміз ұлттық педагогиканы мұрат тұтқан Ш. Әленұлы «Педагогика кітабында»: «Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек. Ұлттық мектептің алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды міндеті де осы болмақ» деген еді.
ҚР - ның үздік білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі болып патриоттық тәрбиенің бекітілуі де бекер емес. Шынында да, ұлтқа деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті күтуге болмайды. Ендеше, патриоттық тәрбие - тәрбиенің басты бағыттарының бастауы десек, қателеспейміз. Алғаш ұстаздың жолын бастаған жас ұстаздың тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қиындықтарға жолығатыны жасырын емес. Өзіне тапсырылған сыныптың тәрбие жұмысының жоспарын жасап қойғанмен, әр сынып сағатын өткізгенде «қалай қызықты жүргізіп, түрлендіруіме болады?» деген заңды сұрақ туады. Әрине, бұл кезде біз тәлімгер ұстаздарымыздың кеңесіне, баспасөз материалдарына, «Мектеп», «Тәрбие құралы» сынды әдістемелік журналдарға жүгінеміз. Алғаш еңбек жолымды сынып жетекшілік ғана емес, тәлімгерлікпен бастаған маған тәрбие саласында көбірек жұмыс істеуге тура келді. Осы 1 жылдық тәжірибемде де мен патриоттық тәрбие беруде пайдаланатын жұмыс түрлерін жинақтауға тырыстым. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» тойлап өттік. Тәрбие сағатынан алдымызда отырған әр шәкірт бір нәрсе алып кетсе, санасына жақсы ой түйіп кетсе деп ойлаймыз. Егер менің жинақтаған жұмыс түрлерім сіз және сіздің шәкірттеріңіздің игілігіне жараса мен өз мақсатыма жеткен болар едім. Сонымен, патриоттық тәрбиені ұйымдастыруға мен мынадай жұмыс түрлерін ұсынамын.
Бұл жұмыс түрлерін әр сынып деңгейінде ұйымдастыруға болады.

ІІ. Негізгі бөлім.
1. 1. Теориялық бөлім
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдасы Білім және ғылым Министрінің 16 қараша 2009 жылғы №521 бұйрығымен бекітілді
Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмай жатқан мәселелер:
● тұлғаға қоғам тарапынан жаңа талаптар қойылуда;
● тәрбиенің мақсаты мен басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар жеткіліксіз;
● қоғамның әлеуметтік жіктелуі;
● оқыту рөлінің жоғары бағаланып, тәрбие рөлінің толық бағаланбауы;
● педагогтардың жалпы адамзаттық құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермейді;
● отбасының тәрбиелік рөлі әлсіреген;
● адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;
● тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми - әдістемелік жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
● педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі және т. б.

Тұжырымдаманың басты мақсаты:
Жас ұрпақтың тәрбиесіне бірыңғай көзқарас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үрдісіне барлық субъектілердің іс - қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету.
Тұжырымдаманың міндеттері:
● Жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын
қоғамның түсінуін өзектендіру;
● Тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық,
ұйымдастырушылық - педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т. б. ресурстарды шоғырландыру;
● Балалар мен жасөспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметті топтармен өзара қарым - қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
● Жас қазақстандықтарды толеранттық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
● Балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік - педагогикалық жағдай жасау және т. б.

Тәрбиенің мақсаты
Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін - өздері тануларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Тәрбиенің міндеттері
♦ білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
♦ балалар мен жастарды отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
♦ өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс - әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымын қалыптастыру және т. б.

Тәрбиенің басым бағыттары
1. Азаматтық - патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік
2. Рухани - адамгершілік
3. Отбасы тәрбиесі
4. Өзін - өзі тану мен өзін - өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
5. Әлеуметтік - мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
6. Коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру
7. Экологиялық
8. Эстетикалық
9. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір сүру салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру
10. Еңбек және экономикалық
11. Кәсіби - шығармашылық
12. Интеллектуалды мәдениетті дамыту.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 113 | 10.01.2019


Загрузка...

KZ / Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін], гылыми Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Педагогика ғылыми жұмыстар пән, Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері, гылыми Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа сборник готовых научных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском дайын гылыми жумыстар жобалар Педагоги, Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы