Медицина | Колледждер ортасында денсаулықты сақтаудағы мәдени денсаулықты қалыптастыру факторлары

 Медицина | Колледждер ортасында денсаулықты сақтаудағы мәдени денсаулықты қалыптастыру факторлары

Мақсаты: жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс - қимылдарын келістіру.
Міндеттері:
● жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуіне көмектесу;
● тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық - педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т. б. ресурстарды шоғырландыру;
● балалар мен жасөспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым - қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
● жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
● балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз - қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік - педагогикалық жағдай жасау;
● өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін - өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.
Колледждер ортасында денсаулық сақтаудағы біздің басты қалыптастыратын факторымыз: студент үшін оқытушы - екінші анасы. Осы атты арқалап жүрген оқытушылар студенттердің қандай көңіл – күйде екенін және олардың ішкі – жан дүниесіндегі өзгерістерді ұғына білуі керек. Қазіргі таңда біздің жастарымыз денсаулықты сақтауға аса мән бермейді. Олар «жоқ», «дұрыс емес», «үлкен айтқанда» тыңда, ол «зиян» т. б. сөздерді елегілері келмейді. Себебі, бұл сөздер күнделікті айтылып өз қасиетін жоғалтқан. Сондықтан жастар үшін көздерімен көріп қолдарымен ұстап сезетіндей әдістерді қолдану керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50 - 60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қуалаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8 - 10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді.

Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі студенттердің денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі. Сондықтан, студенттердің дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір сүрудің құндылығына, қажеттілігіне оқушының көзін жеткізу, оны іске асыру жолдарын көрсету, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек. «Студенттің саулығын сақтау» жөніндегі ақыл - кеңестерді денсаулықты сақтауға үйрететін толық құрал ретінде қарауға болмайды. Әйткенмен, осында айтылған шараларды орындап тұрса, жас буынның тазалықты сақтап, бойларын күтуіне едәуір себеп болар еді, деген ойдамын. Денің cay болсын десең:.. «Ауырып – ем іздегенше, ауырмайтын – жол іздейік»

Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі студенттердің денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі. Сондықтан, студенттердің дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір сүрудің құндылығына, қажеттілігіне жастардың көзін жеткізу, оны іске асыру жолдарын көрсету, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек.
Денсаулық дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып дами түседі.
Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі. Олар:
1. Физикалық денсаулық – ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық – адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдай. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.
3. Психикалық денсаулық – адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау - адекватты реакцияларды жасау. «Адам өмірінің мақсатын болжау биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.
Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі, функциялық үрдістердің келісімді түрде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделуі, қасиеттерінің жоғары дөрежелі жағдайда болуы.
4. Рухани денсаулық — адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс - әрекетінің арасындағы қарым - қатынастардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды және адамның көңіл - күйін анықтайды. Өйткені, рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан - дүниесінің сұлулығын көрсетеді.
Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады. Олар:
1. Соматикалық және физикалық денсаулықтың критерийі мен бәрін «өзім жасай аламын» деп көрсететін критерий;
2. Психикалық денсаулықтың критерийі — маған қажет заттардың бәрін «өзім тауып аламын «;
3. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі — мен «өзім жасауым керек».
Денсаулықты көрсететін негізгі белгілер:
1) Адам ағзаларында арнаулы (иммунды) және арнаулы емес түрде пайда болып қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факторларға денсаулықтың қарсы тұра алатындығы.
2) Ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші.
3) Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалды жағдайын сипаттайтын белгілер.
4) Әр түрлі дефектілерге байланысты дамымай қалған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулықтың болмауы және денсаулық деңгейі;
5) Моральді еріктің деңгейі және рухани - мотивациялық белгі.

«Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады?» деген сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% - тектік факторларға, 20% - айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10% – денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса, және дәрі - дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылыс. Денсаулықтың 50%- інің жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген адамдар: олардың ішінде жас жеткіншектер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумен әуестену. Олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.

Колледждердегі студенттерге байланысты қолайлы факторлар:
• а) қимыл - қозғалысының қалыпқа сай толық жеткілікті болуы;
• б) оқу - тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің дұрыстығы;
• в) ойын, оқу және еңбек іс - әрекеттеріне қойылатын
гигиеналық талаптардың орындалуы;
• г) тамақтануды ұйымдастыру шарттары;
• д) гигиеналық дағдылардың қалыпты болуы,
зиянды әдеттермен айналыспау;
е) колледжде және студенттер арасындағы қолайлы психологиялық климат.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың негізгі шарттары:
● денсаулығына құндылыққа қарағандай қарау
● өзін дені сау адам ретінде қалыптастыру
● денсаулығын жоғалтудан үрейлену
● денсаулықты сақтауға, бекітуге қызмет ететін бар ақпаратты өз мінез - құлқына басшылыққа алу, үрейлену энергиясын іс - әрекет энергиясына айналдыру
● салауатты өмір салтын дағдыға айналдыру......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?