Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Педагогтің коммуникативті мәдениеті

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Педагогтің коммуникативті мәдениеті казакша Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Педагогтің коммуникативті мәдениеті на казахском языке

Қазіргі кезде «қарым-қатынас» терминімен қатар, «коммуникация» термині қолданыста жиі пайдаланылып жүр. Алғаш рет «коммуникация» термині (латынша communication, communicare – ортақтастыру, жеткізу, әңгімелесу) ХХ ғасырдың басында ғылыми әдебиеттерде пайда болып, екі негізгі жалпы теориялық құрылым ретінде шетел зерттеушілері арқылы қарастырылды:
1) бихевиоризм (коммуникацияның негізі жүйе ретінде тіл емес, тікелей кез-келген адамды тәрбиелеуге болатын дыбыстары) бұл әдістің өкілі Д.Уотсон); 2) коммуникация символикалық интеракционализм (персонализм-дербестік)тұлға ішкі метафизикалық қабілеті арқылы өз бойында басқа біреудің сезімдерін ашу болып табылады, бұл әдістің өкілі Дж.Г.Мид).

Қазақстандық зерттеушілердің кейбіреулері жоғарыда көрсетілген коммуникацияның екі әдісімен сәйкес келетін, тілдік коммуникация мен техникалық коммуникацияны бөліп айтады. Техникалық коммуникация – ақпараттарды қабылдауға және жіберіп отыруға мүмкіндік туғызатын құралдардың жиынтығы. Бұл коммуникацияның компоненттері:
1) хабарлама жібергіш;
2) хабарлама жеткізгіш;
3) байланыс арнасы;
4) қабылдауыш;
5) хабарлама алушы.
Тілдік коммуникация - хабар жіберушіні, хабар алушыны, олардың әңгімелесу барысы және тілдің бөлігі ретінде хабарламаны енгізуге болады. Коммуникациялық бағыт адам өмірінің түрлі саласымен байланысатын сөйлеуді үйретуге бағындырылады.
Коммуникативтік мәдениет дегеніміз – мәдениет, білім беру алаңында тиімді орнығу үшін, әлеуметтік ортаға тез сіңу үшін, кәсіби іс-әрекетінде өз білімін жетілдіру және өзін дұрыс көрсете алуындағы адамның жүйелік мінездемесі.
Коммуникативті мәдениетке жатады:
- қоғамдағы мәдениет;
- жеке адамның мәдениеті;
- кәсіби іс-әрекетінің мәдениеті.

Қоғамда информациялық коммуникация - әрекеттестікке, ынтымақтастыққа, түсінісушілікке көп мән береді.Сондықтан да коммуникативті мәдениеттің рөлі қарқынды даму мен адамның қоршаған ортамен ізгілікті қарым –қатынасына баламаланады.Сонымен бірге білім беру саласында педагог тұлғаларға да кәсіби мәдениетінің жоғары болуына талап қояды.Ол дегеніміз:адамилық құндылық, этикалық және адамгершілік жауапкершілігіне қатысты. Коммуникативті мәдениетке сөйлеу мәдениеті мен қарым – қатынас мәдениеті жататындықтан коммуникативті қарым-қатынас әрбір педагогке қажет деп есептеймін.

Қазіргі замандағы мұғалімнің комуникативтік мәдениеті ол ізгілендіру бағытындағы жеке-дара және күрделі әлеуметтік жүйе.
Мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті - бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрінісі. Атап айтқанда ойлау, бірлескен іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, өзара қарым-қатынас мәдениеті, педагогтың коммуникативтік қарым-қатынасының нәтижесі т.б.
Педагогтің мәдени қарым-қатынасы:этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым-қатынасы, адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық, бірлескен іс-әрекет атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, оқушының ата-анасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы.
Кәсіби компоненті:таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығы, оқу- тәрбиелеудегі әдіс-тәсілді дұрыс қолдана алуы, баланың психологиясын білуі, өз пәнін жетік білуі, эрудиция, дауыс пен ым және базынаның болуы.
Психологиялық компоненты: педагогикалық ойлау, қиялдау, бақылау, ерік-жігер, сабақ берудегі қызығушылығы, шығармашылығы, уайымдау қабілеті, оқушының жеке тұлғасына қатысты іс-әрекеттің нақтылығы.

Сынып жетекшісінің атқаратын коммуникативтік қызметі:
• оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
• "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;
• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
• ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.

Педагогтің коммуникативті мәдениетін дамытуға педагогикалық тренинг, әлеуметтік-психологиялық тренинг (танымдық, эмоционалдық, кәсіби бағытта жүзеге асады), интерактивті семинар, коммуникативті түзету әдістемесі, коммуникативті шығармашылық және коммуникативті философия әсер етеді.
Педагог коммуникативті мәдениетін дамыта отырып өзіне не алады? Білімділікті, ұсталықты, берекелілікті, жауапкершілікті, және іскер сапаларын яғни, кәсіби білімін жетілдіре алады.
Қазіргі заман талабына сай педагог оқыту –тәрбиелеу барысында коммуникативті мәдениетті іс-әрекет арқылы ғана адами құндылықтарды дамыта отырып жеке тұлғаның бойына сіңіруі қажет. Сонда ғана жеке тұлға мына өзгермелі, өркениетті заман талабына төтеп бере алады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін], гылыми Педагогтің коммуникативті мәдениеті жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Педагогика ғылыми жұмыстар пән, Педагогтің коммуникативті мәдениеті, гылыми Педагогтің коммуникативті мәдениеті жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа сборник готовых научных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском дайын гылыми жумыстар жобалар Педагогика ғылы, Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Педагогтің коммуникативті мәдениеті Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы