Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері арзандады » ZHARAR © 2017 | байланыс, ставкасын, жылдың, интерконнект, коммуникация, Интерконнект, Көлік, министрлігінің, теңгеге, дейін, бастап, қаңтарынан, төмендету, операторларының, ставкасы, арасындағы, баспасөз, сөйлесудің, хабарлайды, қызметі




  • »

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері арзандады

Ұялы байланыс операторлары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап интерконнект ставкасын 13,02-ден 11,10 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) 15% төмендетті деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері арзандады"ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қатысуымен ұялы байланыс операторларының арасында 2012 жылдың желтоқсанында бекітілген интерконнект ставкасын төмендету жөніндегі Меморандумның шеңберінде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап интерконнект ставкасы 13,02-ден 11,10 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілді", - делінген хабарламада.

Интерконнект – операторлар арасындағы желіаралық байланыс. Интерконнект ставкасы бір оператордың басқа операторға өз абонентінің желіден тыс қоңырау шалғанда сөйлесудің әрбір минуты үшін төлейтін соманы анықтайды.

Интерконнект ставкасын төмендету нәтижесінде ұялы байланыс қызметтері нарығында бәсекелестік дамиды және әртүрлі ұялы байланыс операторларының абоненттері арасындағы сөйлесудің түпкі тарифтері арзандайды деп күтілуде.

Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 718
Жаңалық айдары: Экономика және бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .