Компьютерлік желі белсенділігі талаптарын қадағалауды анықтау бағдарламалық жүйесін құру
Достияр А.А. №172 қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы. Қызылорда қаласы | Ғылыми жетекшісі: Ниязова Қ.М. №172 қазақ орта мектебінің мұғалімі |
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ БЕЛСЕНДІЛІГІ ТАЛАПТАРЫН ҚАДАҒАЛАУДЫ АНЫҚТАУ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
Адамзат өркениетінің даму қарқынының негізгі сипатының бірі жаппай компьютерлендіру. Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту саласында, бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеуметтік өмірде кеңінен қолданудың, дамудың жаңа деңгейін жасау.
Қазіргі уақытта компьютерді қолданудың ең маңызды аясы көптеген қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін желілерді құру болып табылады.
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
- ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
- желінің бір ДК-да сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
- ақпараттың сақталу сенімділігінің жоғарылуы;
- ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды ұйымдастыру;
- ұйымның бөлімшелер мен қызметкерлер арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.
Жалпы айтқанда, компьютерлерді желіге қосу олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктіріледі.
Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы. Мысалы, түрлі бағдарламаларды, құжаттарды және баспаға шығару құрылғыларын бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегі арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады [1].
Қазір желі бірнеше пайдаланушыға деректер мен сыртқы қондырғыларды бір уақытта пайдалануға мүмкіндік береді. Егер бірнеше пайдаланушыға құжаттарын баспадан шығару қажет болса, онда олардың барлығы желілік принтерді пайдаланады. Қазіргі таңда желілік технологиялар кез келген мекеме, кәсіпорынның корпоративті ақпараттық жүйесінің негізін құрайды. Корпоративті желі - ол біріккен офистердің, бөлімшелер мен бір-бірінен алшақ орналасқан басқа да құрылымдардың территориялық таралымы болып табылады [2-4]. Бизнестің өркендеуі сенімді де үздіксіз жұмыс атқаратын байланыс пен ақпарат алмасуды қажет етеді, ол өз кезегінде сенімді желілік технологияның болуын талап етеді.
Сондықтанда бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің желі белсенділігі талаптарын қадағалау мен орнатуды анықтап отыратын бағдарлама-анализатор қажет.
Жұмыстың мақсаты: компьютерлік желі белсенділігі талаптарын қадағалау мен орнатуды анықтаудың мониторингін жасау.
Компьютерлік желі белсенділігі талаптарын қадағалау, ол желі ресурстары және компьютер туралы негізгі ақпараттарды жинау үшін қолданылады. Оның негізгі тапсырмаларына келесілер жатады:
– компьютер қасиетін көру, сонымен қатар оның конфигурациясын және ол туралы ақпараттарды жинау;
– қолданушылық сеанстарын көру;
– қолданылған ресурстарды көру;
– қолданушыларға хабарлама жіберу.
Жобаның өзектілігі: Жобада компьютерлік желі белсенділігі талаптарын қадағалау мен орнатуды анықтауды өңдеудің тиімді қолданбалы бағдарламалар пакеті әзірленді. Жұмысты іске асыру барысында бұл бағдарлама қолданушының компьютеріндегі операциялық жүйеге ешқандай кедергісіз орнатылады және сол бағдарламада жасалатын кез келген әрекеттер үшін де уақыт тиімділі болып табылады. Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінің бірі – Delphi 7.0 пайдаланып, желілік белсенділікті анықтауға арналған тиімді бағдарлама интерфейсі құрылды.
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байналысты жасауға арналған тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерлерді порттар арқылы байналыстыратын болсақ, бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байналыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желіні құрайды.
Компьютерлік желі (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) дегеніміз–ресурстарды (дискілік файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байналыстырылған компьютерлер тізбегі [1-2]. Желі жұмыс жасауы үшін арнайы ақпараттық және бағдарламалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өзіміз оқитын компьютерлік кластағы бірнеше компьютерлердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Сондай-ақ бір мезгілде жүздеген, тіпті мыңдаған компьютердің қатысуымен ұйымдастырылатын теміржол және әуе қатынасы билетін сату жүйесін де желіге мысал ретінде келтіре аламыз. Қазіргі кезде компьютерлік желі кез келген мекемеде: зауыттарда, фирмаларда, банкттерде орналастырылған. Себебі желіге қосылмай өндірістік, сауда немесе қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес.
Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынандай ерекшеліктерін атап өтуге болады [3-4]:
1) құжаттарды бірге пайдалану;
2) құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алуы;
3) компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;
4) сервердегі қолданбалы бағдарламалармен оңай байланысу;
5) қымбат тұратын қорларды - принтерлерді, CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы бағдарламаларын (мысалы: мәтіндік процессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б.
Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін: желі адаптері (желі картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық тақшамен (материнская плата) бірге болады және арнайы кабельді желіге қосатын орын (разъем) болуы шарт. Желі топологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды (Сурет 1.1). Мұнан әрбір компьютердің (жұмыс станцияларының) тек сервер арқылы ортақ принтерді пайдаланып, ортақ дискідегі мәліметтерге қол жеткізіп, басқа желілермен байланыса алатынын көреміз.
Сурет 1.1 Компьютерді жергілікті желіге қосу.
Желілік техникалық құралдар - компьютерлерде желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.
Интерфейстер- желінің функционалдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары. Хаттамалар - желінің функционалдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері [1]. Функционалдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де бағдарламалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және бағдарламалық интерфейстер қарастырылады.
Компьютердің желілік адрестерін көрсету негізінен ІР желілеріндегі адрес типтері физикалық (МАС- адрес), желілік (ІР – адрес) және белгілік (DNS-атауы) болады. Түйіннің жергілікті адресі технологиямен анықталатын желіге енетін түйіндер үшін, бұлар МАС – желілік адаптер адресі немесе маршутизатордың портының адресі, мысалы, 11-А0-17-3D-BC-01. Бұл адрестер құрылғының өндірушілері болып тағайындалады және бір ортадан басқарылатын ерекше адрестер болып саналады.
Компьютерлік желі белсенділігі талаптарын қадағалау мен орнатуды анықтауда бағдарламаны таңдау барысында мен әлемдегі миллиондаған бағдарламалаушылар Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі осы Delphi бағдарламасы көмегімен мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған бағдарламалар құрады. Бағдарлама құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды [5, 6-8].
Біз бірнеше компьютерлерді орнаттық делік, енді олардың ІР адрестерін, компьютер атауын және пайдаланушы аты мен желіге қосылған дербес компьютерді тексеру қажет болсын. Осы компьютердің желі белсенділігін талдау нәтижесінде Delphi бағдарламалау ортасында келесі қызметтік мүмкіндіктерден тұратын бағдарлама анализаторын өңдедік.
Біз бұл бағдарламаны әрбір компьютерге орнату арқылы желіге қосылған компьютерлерге мониторинг жасай аламыз. Бұл терезе арқылы біз компьютердің ІР адресін және компьютер атауын, МАС адресін басу арқылы әрі қарай компьютердің интерфейс түрін, физикалық адресін, жылдамдығын, жіберу, қабылдау, жіберілу қателігін және қабылдау қателігін толық анықтай аламыз (Сурет 1.2).
Сурет 1.2 Анықталған мониторинг терезесі.
Осы бағдарлама көмегімен компьютерлік желі белсенділігі талаптарын қадағалау және орнатуды анықтаймыз. Бұл желіге қосылған компьютердің толық ақпаратын бере алады. Қолданушыға тиімді, әрі қажетті бағдарлама анализаторы болады деген сенімдемін.
Компьютерлік желі белсенділігі талаптарын қадағалау, ол желі ресурстары және компьютер туралы негізгі ақпараттарды жинау үшін қолданылады. Уақыттың белгілі бір уақыт аралығында деректердің серверге жіберілгені туралы мәліметті анық түрде бейнеленуі керек.
Осы жобада компьютерлік желі белсенділігі талаптарын қадағалау мен орнатуды анықтауды өңдеудің тиімді қолданбалы бағдарламалар пакеті әзірленді. Ол үшін мен жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінің бірі – Delphi 7.0 пайдаланып, желілік белсенділікті анықтауға арналған тиімді бағдарлама интерфейсін құрдым. Ол қолданушының компьютеріндегі операциялық жүйеге ешқандай кедергісіз орнатылады және сол бағдарламада жасалатын кез келген әрекеттері үшін де уақыт тиімділігі болып табылады. Онда компьютерлік желі белсенділігі: желі адаптері, тасымалдау жылдамдығын, жіберілгендер мен қабылданған байттар санын, МАС адрес процесін бақылауды бейнелейтін желілік трафигі көрсетіледі. Бұл желіге қосылған компьютерлердің дұрыс жұмыс жасай алатындығын бақылау үшін қажет болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру