Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті


Тақырыбы: «Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті».

Зерттеу мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу.

Міндеттері:

1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау

2)​ Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу

3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар жинастыру

4) Зертханалық жұмыстар жасау

Қорытынды нәтижесі:

-Қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған.

-Негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білген.

-Ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған.


Shape1Кіріспе1. Экология: міндеттері мен келешегі

Білімнің барлық салалары сияқты, экология үздіксіз дамып келді, бірақ ол бірде тез, бірде баяу болып отырды. Гиппократтың, Аристотельдің, басқа да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы деректер бар. Сонымен бірге гректер «Экология» деген сөзді білмеген. Бұл салаға «Биологиялық қайта өрлеудің» (18-19 ғасыр) көптеген ұлы қайраткерлері де өз үлесін қосты. Мысалы, 18 ғасыр басындағы алғашқы микроскоппен зерттеушілердің бірі ретінде көбірек танымал болған Антон Ван Ливенгуг, сонымен қатар осы күнгі экологияның маңызды екі саласын – «Қоректік тізбектерді» және популяция санының динамикасын зерттеудің пионері болып табылады.

Кез келген ғылым саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі – таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын – практикалық маңызы бар бірде бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз компоненттері арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.


2. Қоқыс – ғасыр мәселесі

Диван, чемодан, саквояж, кәрзеңке, картина, картон, велосипед, теледидар, тоңазытқыш – бұл бір текті емес заттар бірнәрсені құрайды: уақыт өткен сайын олар тозады және қоқысқа айналады.

Біздің планетамыздың тұрғындарының әрбір 6 млрд-на жылына 1 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс сәйкес келеді. Бұл миллиондаған тозған және соғылған автомобильдер, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды санамағанда. Егер бір жылда жиналған барлық қоқысты құртпай және өңдемей, үйіңдіге айналдырса, Еуропаның ең биік тауының шыңы – Эльбрус тауының биіктігіндей (5642 м) – болар еді.




Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіп салаларының пайда болуына әкелді. Тіпті аудармасында қоқыстану дегенді білдіретін гарбология жаңа ғылыми бағыт пайда болды. Әлемнің гарбологтары адамзат өміріне енген қоқыс тұйығынан шығудың жолдарын іздеуде.

Ал қоқыс жыл өткен сайын көбею үстіне көбеюде. Неге?

Уақыт өтіп жатты, адамдар қалалар сала бастады, қоқыс күннен күнге көбейе түсті. Бірақ оны әдеттегідей үйдің жанына тастап жатты. Көң және үй жануарларының еліктері, көмір және күл өнеркәсіпті қаллардың көшелері мен көлденең көшелерін басып жатты. Шошқалар көше бойын ас қалдықтарын жеп кезіп жүрді.

Қоқысты қала сыртындағы қоқыс тастайтын жерге апарып тастай бастады. өткен ғасырдың аяғынан бастап, қоқысты арнайы заводтарды жағып жіберетін болды. Жағып жіберу қоқыс көлемін азаюға әкелгенімен тұрғындар бұл заводтардың маңайындағы жағымсыз иіске және денсаулықтарының нашарлауына наразылық білдіре бастады.

Осының барлығы – қоқыстың біздің үйімізге көбеюіне әкеліп соқтырады.

Осыған орай Самал-3 мөлтекауданындағы қоқыс жайлы атап өтсек:


Көршілермен сұхбат:


.

Ғабитұлы Мейірхан: Қоқыс ауаны ластап, түрлі жұқпалы аулуларға әкелетінін айтты. Самал-3 мөлтек ауданындағы қоқысты басқа жаққа көшірсе, өскелең ұрпақ, болашақ жастар, халық денсаулығы үшін өте үлкен игі іс болатынын айтты.

А.Кадирбеков:Қоқыс- адамға зиян. Қоқысты құрту қажет. Қоқыс өртеген сайын түтін, жаман иіс келеді. Сол иістен адам түрлі ауруларға ұшырайтынын айтты. Самал-3 тұрғындары Шымкент қаласының әкімі А. Мырзахметовке «Самал-3 мөлтекауданының жанындағы қоқыс тастайтын полигон жабылу керек еді»», осы мәселе қашан шешімін табатыны жайлы сауал жолдады.

3. Гарбология – қоқыстану ғылымы

Горбология – қоқыстану ғылымы. Әлі толық зерттеліп, құпия сыры ашылмаған жас ғылым. Бұл зерттеу жұмысында эколологияның саласы горбология туралы деректер және қоқыстан арылу, оны екінші рет пайдалану яғни қоқыс өңдеу зауыттарыжайында деректер берілген. Қаламыздың әдемі, әсем, таза қалаларына теңдестіру мәселесі жайлы мәліметтер жинақталған.

Бұл жоба жас жеткіншектерді тұрмыстық қалдықтарды ысырапсыз пайдалануға, үнемшілдікке тәрбиелейді.

Қалдықтарды жою – үлкен төзім мен уақытты қажет етеді. Біріншіден оны сорттау керек. Одан кейін оның бір бөлігі арнайы жоғары қызатын пештерде жағылады. Бұл улы заттарды зиянсыз жою жолы. Ал қалған бөлігі тереңге қазылып көміледі. Ал мұның зардаптары кейінгі ұрпаққа білінеді. Гарбологтардың пікірінше «Қоқыстан зиянсыз құтылудың бірден бір жолы қоқысты қайта өңдейтін зауыттарды ашу».

Қоқыстың зияны.

Мектебіміздің медбикесі Ж.Жидебаевамен сұхбат:

Жерді қорғау адам баласының ең басты міндеті болып табылады, өйткені жердегі кезкелген зиянды қосылысы ерте ме, кеш пе адам ағзасына түсіп жатады.



Күл-қоқыс қайтадан жер астынан келетін ластанған су, уландыратын шаң ретінде ортамызға оралатынына мән бермейміз, тіпті көпшілікті бұл мәселе алаңдатпайды да, сол себептен шығар күл-қоқыстарды тастауға болмайтын жерлерге күл-қоқыстарды тастай береміз. Бұл қоқыстар адам үшін қауіпті. Күл-қоқыстарды жел ұшырып, иттер тасып жүреді. Қалдықтар іріп-шіріген кезде пайда болатын заттар атмосфералық ауаны ластандырады, іріп-шіріген қалдықтардың улы заттары жауын суымен шайылып, таралады. Күл-қоқыс қоршаған ортаның эстетикалық түрін бүлдіріп қана қоймай, қаншама зиянын әкеледі. Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар болуы мүмкін.


Қоқыс салатын ыдыстар

4. Адам табиғатты құртатын негізгі тұлға

Адам дүниеге келген күнінен бастап қоршаған үйдің айналасындағы қоқыстардан арылуымен өмір өткізеді. Олар күнде полиэтилді пакеттерді, пластикалық бөтелкелерді, ескі қағаздарды, жөнге келмейтін аяқ киімдерді, сынған терезелерді, тесік носкилерді, бұзылған балалардың ойыншықтарын үнемі қолданумен келеді... Ауладағы қоқыс төгуге арналған контейнерлерден жағымсыз заттардың түр-түрлерін көруге болады.

Әсіресе қалалық және ауылдық аймақтардағы қоқыстар арнайы құрамды құрайды. Көптеген шлак үгіндісі, түтін иістері, бау-бақшаның қалдығы, жерге сарғайып түскен жапырақтар, тапталған шөптер қаншама.... Осы аталған қоқыстар «түсі» экологияда қатты тұрмыстық қалдықтар болып есептеледі. Егер де экологияда қатты қалдықтар қосындысы бар болса, онда сұйық қалдықтар қосындысы да бар деуге болады. Оларға азық-түліктің қалдықтары, қалған жуындылар және тағы басқалар жатады!

Ғылымда есептелінген санақ бойынша, күнделікті өмірде күніне бір адамға шыққанда қалалық тұрғындар – 1,2 кг, ауылдық тұрғындары - 1,8 кг қалдық шығарады екен. Адамдар үй айналасындағы қоқыстарға көздері үйренгендігі соншалықты, олар бұндай жағдайларға көңіл бөлмейді. Олар бұндай жағдайда тұрмыстық қатты және сұйық қалдықтардан күнделікті уақытысында арылып ортырмағандықтан, қоршаған ортаның атмосферасы тұрмақ, өздерінің отбасылық денсаулықтарына да зиян келтіретіндігі естен шығарып, ары қарай істерін жалғастыра береді. Тіпті, полиэтилді пакеттерге салынған азық-түліктің қалдықтары өзі жалпы қоқыс салынатын контейнерлерден өзінде бір тәуліктен кейін басқа да заттармен араласып, протеин және көмірсутектердің араласу процессі басталып, соның нәтижесінен метан және сутектілердің көбеюіне әкеп соғады.

Негізгі бөлім.

Практикалық кезең.

1. Біз тұрмыстық қалдықтардан қалай арыламыз?

Өте қарапайым.

А) Оларды қоқыс төгетін контейнерлерге тастаймыз

Б) от, монша жағамыз, оның қатты температурада қызуы үшін резина, аккумуляторлы батарейкаларды, пластикалық бөтелкелердерді, ескі аяқ-киімдерді тастаймыз

Г) басқасы, соның ішінде қалауы бойынша шақырылған арнайы қалдықтарды әкетуші көлік.

2. Тұрмыстық қалдықтар несімен қауіпті?

Сұйық қалдықтар, соның ішіндегі азық-түлік заттар тез көбеюші шыбындардың дамуына және таралуына жақсы өмірлік зат болып табылады. Тышқандар – чум, туляремия және басқа да адам өміріне қауіпті ауруларды таратушылардың бірі болып табылады. Топырақ құрамына енгеннен кейін, дизентерия микроптары 45 күнге дейін, ал брюштик тифтер 1 жылға дейін өмір сүреді. Адам өміріне аса қауіпті әсер ететін вирустар, яғни полимиелит топырақта 2-3 айға дейін өмір сүреді екен.

Адам ағзасына қатты әсер ететін ластанған заттар спекторы кеңінен таралған. Олардың саны 30-дан астам – қоңыр түсті ангидрид, азот оксиді, көмірсу, аммиак, метан, фенол, сероводород, формальдегид, ксилоп, толуол және тағы басқа. Адам ағзасына дем алу тыныстары, тағамдар, су, тері, көз қабашықтары арқылы жоғарыда аталған заттар жүрек ауыруын, аллергия, асқынған астма және т.б. ауруларды туғызуы мүмкін. Әсіресе, олар денсаулығы - әлсіз, балалар және қарт адамдарға өте қауіпті.

Ол адам ағзасына тыныс алу органдары және тері арқылы еніп, қан айналымын ақырындатады, жүйке жүйесіне қатты әсер етеді, анемияға, естен ауысуға, көз көрместікке, бала көтере алмауға әкеп соғады.





3. Қалдықтарды екінші рет пайдалану

Екінші шикізаттың негізгі түрлеріне макулатура, металлолом, текстилді қалдықтар және т.б. жатады.

Макулатура дегеніміз өзінің пайдалану мерзімі өткен қағаз және картон бұйымдары, сондай-ақ қағаз қалдықтары. Макулатура - қағаз және картон өндірудегі ең негізгі шикізат түрі болып табылады. Макулатураны жинау және қайта өңдеудің халық шаруашылық маңызы өте зор, яғни оның пайдалануы ағаш шикізатын үнемдеуге мүмкіндік береді және дайын өнімнің бағасын төмендетеді.

Shape260 кг макулатура шабудан 1 га орманды сақтайды, 1 тонна макулатурадан 25 мың оқушы дәптерін дайындауға болады, 1 тонна макулатура 1000 кВт/сағат электрқуатын 20 шаршы метр суды үнемдейді. Макулатураны қағаз өндіру үшін қолдану ауаның 75 %-ке ластануын азайтады және 25-44 %-ке дейін суды үнемдейді.

Сусындардан босаған ыдыстарды (баклажка) түрлі пайдаға жаратуға болады. Мәселен: аула алдын безендіру, құстарға жем сауыт, гүлдерді отырғызу және қорғау т.с.с.

Сыныбымызда еңбек сабағынан сусыннан босаған ыдыстан «кәмпит салатын ыдыс» жасау сәтіміз.












Көліктердің доңғалақтарын (балондарын) да жақпай тұрмыстық жағдайда пайдалануға болады. Алысқа бармай, өзіміздің мектебімізге қарама –қарсы орналасқын «Самұрық» бала-бақшасын атап өтсек:







Түскен жапырақты жақпаңыз! Оны жерде қалдырыңыз, олар жерге керек. Бүл табиғат берген өлемдегі ең керемет тыңайтқыш. Шіріген жапырақтың хош иісі туралы ақындар өлеңдерінде бекерге айтпаған. Бірақ жапырақты жаққан кезде мутагендер және канцерогендер болып табылатын дем алу және жүрек-қан тамырлары жүйесіне зияндызаттар бөліп шығарады. Ғалым-экологтар жапырақты жақпау керек, оньі үйіндіде компостирлеу керек, отырғызылғандарды онымен араластыру керек.

Ол ылғалды сақтайды және жаңа өсімдіктерді қоректендіреді.

Shape3Қорытынды

Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіп салаларының пайда болуына әкелді.

Елбасының 2050 жылға дейін қабылдаған стратегиялық бағдарламасында моно қалаларды көркейтуге арнаулы бағыт берілген.

Қаламыздың болашағы кейінгі ұрпақ- біздің қолымызда. Осы ғылыми жұмысты жазу барысында , мынандай ұсыныстарды тізіп айтқым келеді.

1.Қаламызда ірі кәсіпорын болғандықтан қалдықтарды қайта өңдеу цехтары жұмыс істесе.

2. Көшелерде қоқыс түрлеріне қарай (картон, шыны,тамақ қалдықтары,темір т.б

арнайы ыдыстар болса.

3.Балабақшадан бастап мектеп жасындағы балаларға тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалануға, үнемдеуге тәрбиелейтін қосымша үйірмелер болса.

4.Осы қалдықтардан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырса.

5. Туған қаламыздың экологиясына көңіл бөліп, өркендеуіне үлес қосқым келеді.

Қосымшалар:

1. Оқушылар нені білу керек?

Тұрмыстық деңгейдегі қоршаған ортаны ластаған заттардан арылуы үшін, денсаулығымызды зиянды заттардан қорғау үшін, кез келген қалалық және ауылдық тұрғындар мынандай жағдайларды білу керек.

Үй айналасындағы экологияға арналған қосымша ережелер:

а) Тұрмыстағы қатты заттар арнайы аула контейнерлерінде немесе арнайы көлікпен шығарылуы тиіс. Подъездді, балалар ауласын, контейнерлердің маңын стихиялық қоқыс төгетін орынға айналдырмау қажет.

б) Жер үйлердің қожайындарына айтамыз. Төмендегі жағдайлар болуы керек:

- үйдің айналасында арнайы контейнерлер болу қажет.

- тұрмыста қолданылған заттарды өздігінен алып кетуге бағытталған арнайы мекемелермен келісім шарт жасасу қажет.

в) үйден 8-10 метр алыста орналасқан, тереңдігі 3,5 метр бойында тұрғызылған аула дәретханасы болу керек; Оны жарты жылда бір рет тазартып тұру қажет.

г) үйден 8-10 метр алыста орналасқан сұйық және азық-түліктік заттарға арналған арнайы жасалынған қоқыс төгетін орын болу қажет.

3. БҰЛ ЕРЕЖЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН

АЗАМАТ БІЛУ ҚАЖЕТ!

«Қоршаған ортаны қорғау туралы»

Қазақстан Республикасының Заңы

5.Статья. 3 бап. Кез келген азамат қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға міндетті, қоршаған ортаны қорғау заңын қадағалау міндеті де жүктеледі.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»

Қазақстан Республикасының Кодексі

240 Статья. 1 бап. Қоршаған ортаны қорғау бойынша тағайындалған экологиялық және санитарлы-эпидемиялық стандарттық нормаларды бұзғаны үшін:

- жеке тұлғаларға ескерту немесе айлық есептік көрсеткіштік бойынша 10 мөлшеріне дейін, лауазымды адамдарға 20 мөлшеріне дейін, ал заңды тұлғаларға 200 мөлшерде айлық есептік көрсеткіштік бойынша айып салынады.

249 статья. Көрсетілген қоқыстарды өртеу барысында туындаған өрттің әсерінен және ауаның ластануына әсерін тигізетіні үшін, ауаны сақтау талаптарын орындамағаны үшін, тұрмыстық және өндірістік өнімдер мен қоқыстарды нормаға сай пайдаланбағаны үшін жауапқа тартылады:

-ескерту немесе айлық есептік көрсеткіштік бойынша жеке тұлғаларға 3 мөлшеріне дейін, ал лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштік бойынша 50 мөлшерде айып салынады.


Қоқыстың сақталу кестесі


1

Қағаз

2-10 жыл

2

Консерві қалбыры (күйдірілмеген )

Шамамен 90 жыл

3

Шылым сүзгісі

Шамамен 100 жыл

4

Полиэтилен пакет

Шамамен 200 жыл

5

Пластмасса

Шамамен 500 жыл

6

Әйнек

Шамамен 1000 жыл

7

Күнде қалған полиэтилен

3-5 жыл

8

Картон

10 жылға дейін

9

Жүн, жүннен жасалған маталар

30 жылға дейін



Shape4

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Экология Ә. Бейсенова, Ж.Шілдебаев, «Мектеп» баспасы, 2005 жыл;

2. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.

3. «Экология краткий справочник школьника», М.Дрова, 1997 г

4. Экология негіздері.Ғ. Сағымбаев. 3. Экология.Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.

5. Денсаулық журналы.5. Экология.Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев,

Г. З. Сауытбаева

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу