Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Ғылыми жұмыс (жоба): Экология | Қоқыс ғасыр мәселесі

Ғылыми жұмыс (жоба): Экология | Қоқыс ғасыр мәселесі

Ғылыми жұмыс (жоба): Экология | Қоқыс ғасыр мәселесі казакша Ғылыми жұмыс (жоба): Экология | Қоқыс ғасыр мәселесі на казахском языке
Жұмыстың мақсаты:
1. Табиғаттың тозуы – экологиялық дағдарыс екенін түсіндіру.
2. Экологиялық тәрбие беру.
3. Туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту.
4. Өлкеміздің экологиялық жағдайын білу үшін ізденуге баулу
Зерттеу кезеңдері:
Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды.
Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан - жақты талдау жасалды. Екінші кезең — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Үшіншісі — алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы

Күтілетін нәтиже:
Рухы мықтының ұнжырғасы түспейді
1. Өндіріс орындарында тазалаушы қондырғылар орнату
2. Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану
3. Қалдықсыз технологияға көшу
4. Жасыл өсімдіктер санын молайту
5. Суды қорғау
6. Жерді құнартып отыру

Жоспар:
1. Қоқыстардың түрлері
2. Қоқыстардың айналадағы ортаға әсері
3. Менің ауданымның экологиясы
4. Ауданымыздағы қолға алынған жұмыстар
5. Қорытынды
6. Пайдаланған әдебиеттер

Жұмыр жерді мекендейтін сан - мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер - анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»- тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл - қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл - қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыз - дағы күл - қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер - жерінде есепке алынбаған тау - тау күл - қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл - қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл - қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат - бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол - ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Ұлан – байтақ Қазақстанның бір бөлшегі – Теректі ауданы. Теректі ауданы Батыс Қазақстан облысының солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданының солтүстік шекарасы Орал өзені, батысы Орал қаласы жерлері, шығысы Бөрлі ауданы жерлері және оңтүстігі Сырым және Ақжайық аудандары жерлері мен шектеседі. Жер көлемі - 8. 4 мың шаршы шақырым, 58 елді мекен орналасқан. Олардың ең ірілерінің бірі – өзім туып өскен Покатиловка ауылы. Покатиловка ауылының жері бай, табиғаты әсем, тарихи сырға толы өлке. Қазіргі уақытта туған өлкенің экологиясы мені қатты алаңдатып отыр. Соған орай экологиялық проблема ғаламдық проблемаға айналды. Қазіргі уақытта қоқыс зерттеуіне көп көңіл бөлуіміз керек. Ал қоқыстарды зерттейтін сала - Гарбология деп аталады.

Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты. Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың - Эльбрустей тау пайда болады. Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді:

Қоқыс - еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс - әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің ауданымның экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі, аудан халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді. Теректі ауданында тұратын халық саны соңғы 01/01/2009 жылда 42813 адамнан құралды. Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1, 2 - 1, 4 кг. қоқыс шығарса 1 адам 1 күнде 59938, 2 кг, сонда 1 адам 1 айда 1 858 084, 2 кг, жылына 1 адам жылда 22 297 010, 4 кг қоқыс, 42813 адам 1 жылда 954 601 906 255, 2 кг қоқыс полигонына апарылады екен. Қатты тұрмыстық қалдықтардың көмілу сызбасы картада көрсетілгендей, Покатилов ауылында ҚТҚ төгілетін жер И. Шұғайыпұлы көшесінің шетінде орналасқан.

Теректі ауданы 2000 - 2020жж. арналған қоқыс полигонының сызбасы және қалдықтарды көму технологиясы көрсетілген. Әр 20 жыл сайын қоқыс полигонының орнын ауыстырып өзімізді - өзіміз жұбатамыз. Егер қаланың күндіз – түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.

Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімсіз - ақ өзін - өзі тазартып ала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң -
қоқсығынан ақыл - оймен өмірге келген халық
шаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалауға табиғатта шама жоқ. Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау - тау қылып күл - қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады. Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады. (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның түтіні 1 м - ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 106 | 15.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Еңбек адамы Әзия Қыстаубаеваның қызметі және өмірі
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Еңбек адамы Әзия Қыстаубаеваның қызметі және өмірі
Ғылыми жұмыс (жоба): Экология  | Экология біздің өмірімізде
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жұмыс (жоба): Экология | Экология біздің өмірімізде
Ғылыми жұмыс (жоба): Аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жұмыс (жоба): Аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу
Дипломдық жұмыс: Педагогика | Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Педагогика | Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру
Баяндама: Ізденімпаз ұрпақты ғылыми жобаға баулу – ұстаздың құзыреттілік  тәсілі
Баяндамалар жинағы
Баяндама: Ізденімпаз ұрпақты ғылыми жобаға баулу – ұстаздың құзыреттілік тәсілі
Реферат: Педагогика | Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Педагогика | Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі
Реферат: Педагогика | Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Педагогика | Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі
Ғылыми жоба: Аралдың ежелгі мәдениеті
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жоба: Аралдың ежелгі мәдениеті

KZ / Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін], гылыми Қоқыс ғасыр мәселесі жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Экология ғылыми жұмыстар пән, Қоқыс ғасыр мәселесі, гылыми Қоқыс ғасыр мәселесі жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа сборник готовых научных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском дайын гылыми жумыстар жобалар Экология ғылыми жұмыстар пән , Ғылыми жұмыс (жоба): Экология | Қоқыс ғасыр мәселесі Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы