Жеті санының қасиеттілігі
Бастауыш сынып мұғалімі: Есиркепова Жангул Ускенбаевна
Кіріспе
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарғанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт - санасы мен ата - бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген біз келешект ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қарулансақ, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір - қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. 1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны. Бұл санның ерекшелігі неде?
Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғыну арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады. Киелі сандар сияқты жай сандардың да ең маңыздысын, ең қызықтысын қатар қоя отырып, шешілмеген проблемаларды көрсеттік.
Бізді жан – жақтан сандар қоршайды. Олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз олармен санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік, сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы да қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз. Сондықтан сандарды ойлап табу қажет болды. Олардың шығу тарихы өте шытырман және біз қазіргі кезде пайдаланып жүрген қарапайым жүйеге келу үшін адамдарға біршама ұзақ уақыт қажет болды. Қазір сандар бізге барлық жерде және әрқашан қажет. Біздің әлем сандарсыз қалай болар еді, соны көзіңізге елестетіп көріңізші..
1. Негізгі бөлім
1. 1. Сандар қалай пайда болды?
Біз зерттеу жұмысымымды сандардың шығу тарихынан бастаймын. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болуы керек. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманғы санаудың ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап – ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз «digit - сан» сөзін пайдаланамыз, ол «саусақ» деген ұғымды білдіреді. Біз дене мүшелерінің көмегімен санай аламыз. Жаңа Гвинеядағы Папуа аралдарындағы тайпалар да санаудың кем дегенде 900 әртүрлі жүйесі бар. Көптеген тайпалар саусақтарымен санайды, бірақ ондық жүйені пайдаланбайды. Бір тайпа қол саусақтарынан кейін аяқ башпайларын санайды.
Жүз мыңдаған жылдар бойы адамдарға тек саусақтармен санаудың өзі – ақ жеткілікті болып келді. Бірақ осыдан 6000 жылдай бұрын дүние өзгерді. Таяу Шығыста тұратын халық мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастады да, олар фермерлерге айналды. Мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастаған адамдар базарда сауда жасауға кірісті. Оларға қолдарында қанша нәрсенің бар екенін, қаншасын сатқанын немесе сатып алғанын нақты білу керек болды, әйтпесе адамдар бірін – бірі алдауы мүмкін еді. Сондықтан фермерлер жазба жасап отырды, ол үшін ағаш таяқтарға немесе сүйектерге кетіктер түсірді немесе жіптерге түйіндер байлады. Иракта өзен балшығының дымқыл кесегіне белгілер жасап отырды. Дымқыл кесек күнге кепкен кезде, ондағы жазбалар ұзақ сақталатын еді.
Сөйтіп, Ирактағы фермерлер тек сандардың белгілерін ғана емес, сонымен бірге жалпы жазу өнерін де ойлап тапты. Бұл өркениеттің бастамасы еді және ол сандардың арқасында мүмкін болды.
Бүкіл адамзат тарихында адамдар жүздеген «сандық алфавиттерді» ойлап тапты. Мұнда ең маңызды жүйелердің шағын бөлігі ғана бейнеленеді. Олар әркелкі, бірақ ортақ нәрселері де өте көп. Жүйелердің көпшілігі сызықтар мен нүктелер сияқты жай белгілерді топтастырудан басталады. Ал көпшілігінде жай 10 цифрды жазудың түрлі стильдері бар, ол – қолдағы саусақтар саны.
Мысалы: Вавилон сандары
Мысыр иероглифтері
Мысыр сандары
Қытай сандары
Қытай шрифті
Үнді сандары (Гвалиор)
Көне еврей сандары
Грек сандары
Рим сандары
Майя сандары
Қазіргі заман араб сандары
1. 2. Таңғажайып 7 саны
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден - ақ 7 санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата - бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным - түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді 7 санымен атайды.
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының атыжөнін білуге міндетті. Мұны әке - шешесі, ата - әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізнен жеті атаны былайша таратады:
1. Бала.
2. Әке.
3. Ата.
4. Үлкен ата.
5. Баба.
6. Түп ата.
7. Тек ата.
Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата - бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:\
Аң аулап қысы жазынан,
Қосыптыән - күй сазына –
Бабалардан біздерге
Жеткен жеті қазына
Біріншісін, біліп қой,
Қүтты қазан - ошағы
Екіншісі – ер жігіттің
Құдай қосқан қосағы.
Ер қанатты – жүйрік ат,
Құйындата құйғымақ
Қазаққа құт бір қазына -
Құсқанат құмайтазы да.
Қарт бабаң құрып қақпанды,
Қақпанмен тамақ тапқан - ды.
Баптапты қыран бүркітті.
Тау - тастан түлкі үркітті.
Бөктеріп берен мылтықты,
Бәрінің көзін құртыпты.
Жете біліп ал мұны.
Жеті қазына барлығы
1. Ер жігіт.
2. Сұлу әйел.
3. Ілім - білім.
4. Жүйрік ат.
5. Құмай тазы.
6. Қыран бүркіт.
7. Берен мылтық.
Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678 - 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет - ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20 - ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байла - нысты» дейтін тұжырым бар.
Ол жеті өзгеріс мынандай:
1. «Халықтың ханы, сұлтаны, пір - әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».
3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат - тон айып тартады».
4. «Ата - анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата - ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».
5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата - анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек».
6. «Құйрық – бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі».
7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
Әрине, бұл жеті өзгеріс - тен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдай - ларға, рәсімдерге байланыс - ты әдет - ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан.
Жеті жұт. Бұлар:
1. Құрғақшылық.
2. Жұт (мал қырылу).
3. Өрт.
4. Оба (ауру).
5. Соғыс.
6. Топан су.
7. Зіл - зала (жер сілкіну)
Жеті жоқ. Ол былай:
1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ.
3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ.
5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ.
7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар:
1. Тыңдамаған сөз жетім.
2. Киюсіз тозған бөз жетім.
3. Иесіз қалған жер жетім.
4. Басшысы жоқ ел жетім.
5. Аққу, қазсыз көл жетім.
6. Жерінен айырылған ер жетім.
7. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.
Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1, 8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көріне - тін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.
Аптаның жеті күні
1. Дүйсенбі. 7. Жексенбі.
2. Сейсенбі. 6. Сенбі.
3. Сәрсенбі. 5. Жұма.
4. Бейсенбі.
Наурыз көженің жеті түрлі құрамы:
1. Ет 7. Кеспе
2. Бидай 6. Айран
3. Тары 5. Күріш
4. Жүгері
Жетісудан желекті
Жел, жел есеп, жел есіп,
Жерде Наурыз сел етті.
Желбіретті байрақты...
Жеті дәмнен көже асып.
Жеңгем қазан қайнатты.
Сол жеті дәм қандай - ды?
Жеңгем сөзін жалғайды:
- Су, тұз, бұрыш, ет, күріш
- Қай қазақ қант салмайды?!
- Қатық қосса көжеге,
- Тамсандырар таңдайды!
- Айттым міне, «қандай - ды»,
- Женгем сөзін жалғайды:
- - Әбілтайы атаның
- Әлі санай алмайды.
Кемпірқосақтың жеті түсі. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.
Кемпірқосақ мынандай жеті түстен тұрады:
1. қызыл, 7. Күлгін.
2. қызғылт - сары. 6. Көк.
3. Сары. 5. Көгілдір
4. Жасыл.
Музыканың жеті нотасы:
1. До 7. Си
2. Ре 6. Ля
3. Ми 5. Соль
4. Фа
Жетіген – қазақтың ұлттық аспабы, жеті ішегі бар.
Әлемнің жеті кереметі:
1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
2. Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі - алаңшалар үстіне салынған.
3. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
4. Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
1. 3. 7 санының қасиеттілігі.
Адамзаттың бүкiл ғұмыры «жетi» деген санның айналасында өсiп, өнiп, өрбiп отырады екен. Бойына бала бiткен әйел шарананы 280 күн көтередi. Бұл – жетi күннiң қырық есесi. Яғни, 7х40. Сәби жетi айға қарағанда тiс жарады. Екi жетiге, яғни он төрт жасқа толғанда бiрiншi мүшелден асқанда адам қатарына қосылып, кей мәселелерде үлкендермен теңесетiн болады. Үш жетiге, демек, жиырма бiр жасқа толғанда бойы өсуiн тоқтатады.
«Жетiнiң» адамзаттан басқа, жер бетiндегi барша тiршiлiк иесiнiң де тiрлiгiне қатысы бар. Тышқан үш жетiнiң iшiнде, 21 күнде балалайды. Қоян мен атжалман жиырма сегiз күнде туады. Мысық соқырын жетi күндi сегiз еселегенге тең мерзiмде, яғни 56 күнде туса, иттер 7х9, демек, 63 күнде күшiктесе керек. Аң патшасы арыстан жетiнi тоғызға көбейткендегi дәлдiкпен күнде туады. Ал, пейiштен жеткен жануар кәдiмгi, өзiмiздiң қой 7х14 - ке асырып барып 98 күнде қоздайды екен ғой. Тауық қыт - қыттап жүрiп, жиырма бiр күнде жұмыртқалайды.
Мiне, жетi санының қасиетi туралы жұмыр жердiң ғалымдары мен бiлгiрлерi осыған көз жеткiздi. Нейробиологтар жетi санының мидың шұғыл жұмыс iстеуiне әсер етедi деп есептейдi. Оны калифорниялық ғалымдар да қуаттап, мидың әрекетiн оңды арттыруға «жетi» деген санның магиялық ықпалы зор деп тапты. Реттiк саны жетеу болып келетiн телефон нөмiрлерi миға тез қонатын көрiнедi. Осы цифрдың артықшылығын тексеру үшiн бiрнеше кiсiге он сөздi тiзбелеп жазып, жаттатып көрiңiзшi, қай - қайсысы болса да, қаперiнде жетi сөздi ғана тұтып қалған болып шығады.
Мидағы екi жасушаның арасына жүйке импульсiн тасымалдайтын синапстың саны да жетеу болып шығыпты. Мамандар адамның жүйке жүйесiндегi процестердi сипаттайтын математикалық модельдер де жетеу деп тапты.
ІІІ. Қорытынды.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.
Бәрiнен де біз балалар жетi жаста мектепке баруға пiсiп - толатынымызды айтсаңызшы. Қасым ақын да «Жетi кеттi жүгiрiп, жетпiс қалды үңiлiп...» деп жазған. Біз жетiле келе, сан есiмнiң өзге есiмдiктерге қарағанда, жiктеу есiмдiгiнiң «бiр+еу, екi+еу»... «жетi+еумен» ғана шектелетiнiн танып - бiлеміз. Одан кейiн, орысшада алтау, ал, қазақ тiлiндегi жетi септiктi жаттап өсетiн боламыз. Жетiнiң кереметiн бiлген бала жерде қалмас. Себебi, мысырлықтар «жетiнi» тiршiлiктiң де, шығармашылықтың да символы деп бағалаған екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру