Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге


Ақтөбе қаласы

№32 мектеп-гимназиясы

Орындаған: Киікбаева Асем Нұрланқызы

7 класс оқушысы

Жетекшісі: Сатмағанбетов Б.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге»

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы

 

 

 

 

 

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1  Теңгенің пайда болуы және дамуы

2.2  Теңгенің алғашқы атауы және алғашқы банкноттар

2.3  Ұлттық Банктің мұражайы

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

         Ұлттық валютамызмыз, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы Қазақстан Республикамыздың тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән. Себебі, теңге біздің қазіргі өміріміздің басты айналым көзіне айналды.

 Ұлттық теңгеміздің тарихы туралы, оның қалай өмірге келгені, қалай пайда болғаны туралы көптеген мәліметтер бар.

1992-1993 жылдардағы Қазақстан республикасының ұлттық банк төрағасының көмекшісі Валентин Назаров «бостан елдің еркін валютасы» деген еңбегі бар. Онда 1992 жылы елімізде экономикалық дағдарыстың өршуі, және де ифляцияның пайда болуы, осыған орай ұлттық валютамызды енгізу туралы көптеген мәліметтер келтірген. Ал Қазақстан республикасы ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко жалпы теңге туралы және де оның тарихы мен келешегі туралы өз пікірін жазған. Ол өз валютамыздың енгізілуінде қандай өзгерістер болғандығы туралы, теңгенің ішкі және сыртңы нарықта алған орны туралы, инфляцияның өскендігін ашық  жазған. Сауық Тәкежанов 1990-1993 жылдардағы экономикалық  реформа, бюджет және қаржы мәселері жөніндегі Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңес комитетінің төрағасы «Теңгенің алтын өлшемі» деген еңбек жазған.

Ал, Ерік Асанбаев Қазақстан Республикасының экс-вице президенті «Теңге» кітабының пайда болуына улес қосқан. Оның айтуынша: Егеменді Қазақстанның тұңғыш валютасы туралы осынау кітап, менің пікірімше із суытпай еліміздің жаңа тарих беттерін толтыруға арналуы тиіс. Ал сол тарихымыз оңайға түскен жоқ. 90-шы жылдардың бас шенінде өз валютамызды енгізу қажеттігі Қазақстанға көптеген мән-жайларымен өктемделінді. Біріншіден, рубль сол кезде құлдырай құнсызданды және мемлекеттік дума депутаты Павел Буничтің сөзімен айтқанда, «ағаш сом» атауына ие болды. Екіншіден осы себеппен кәсіпорындардың өзі рубльді пайдалатын шаруашылық мәмлелерден бойын аулақ сала бастады. Үшіншіден, рубль қожайыны Ресейдің өзі бағаны еркін жүзуге жіберіп, кәсіпорындардың айналымдық қаражатын индекстемейтін болды, — деп өз пікірін айтқан.

Менің бұл тақырыптағы ең басты мақсатым қазақ халқымыздың тұңғыш ұлттық валютамыздың қандай мақсатта және қандай себептермен пайда болғанын, оның тарихын, оның даму жолдарын және де теңгеміздің келешегін толық қанды зерттеп, оқырманға ашық жеткізу.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін өз алдыма мынадай міндеттер қойдым:

-         Теңгенің қалай және қашан пайда болғанын

-         Ұлттық валютаны енгізу туралы шыққан жарлықты

-         Оның қолданыстағы маңызын

-         Теңгенің алдағы  болашағын зерттеу

 

2.1 Ұлттық Теңгенің пайда болуы және оның дамуы

 

Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнота фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тіуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін». Ұлттық валютаның сол кезде тұсауын кескен ҚР Жоғарғы кеңесінің жоспарлау – бюджет комиссиясының  төрағасы С.Тәкежанов болды. Ол ұсынған теңге деген ат республиканың Жоғарғы кеңесінің және үкіметінің мүшелері арасындағы жабық пікір таласта жеңімпаз болды.

1992 жылы инфляцияның деңгейі 250 пайызды құрады! 1993 жылы шілдеде Ресей келісімді бұзды, Қазақстанға 3 күн бұрын хабарлай отырып, өзінің ұлттық валютасын енгізді. Баға шарықтай түсті. Халықтың жинақ шоттарындағы ақшасы қарқынды түрде құнсызданды. Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес купюраларының ағыны қаптап кетті. Дүкендердің сөрелерінен тауарлар әп-сәтте жоқ болып кетті.

Қазақстан Президенті мен Үкіметінің аса зор жігер күшіне қарамастан, біртұтас экономикалық кеңістікті құру мен рубль аймағын сақтаудың жолы болмады. Бөлшектену үдерістері Ресейдегі ақша айырбасынан кейін күрт ушығып кетті. Ұлттық валютаны енгізуді 1961-1991 жылдарғы кеңестік сом төлем құралы болып табылмайтын ТМД –ның басқа өңірлерінен ескі ақша тасқынының алдын алу үшін тездетуге тура келді. Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі құрамында Премьер-министр С.А. Терещенко, Қазақстанның Вице-президенті Е.Асанбаев, Үкіметтің бірінші вице-премьері Д.Сембаев, Ұлттық банк төрағасы Ғ.Байназаров, қаржы министрі Е.Дербісов пен Экономика министрі Б. Ізтілеуов бар ҚР-ның Мемлекеттік комиссиясы  құрылды.

Мемлекеттік комиссияның алдында сол тұста бірмағыналы жауапты талап ететін салмақты мәселелер тұрды. Атап айтқанда, мүқият талдаудан соң нұсқаның ішінен ұлттық валютаға тікелей көшу туралы шешім қабылдады. Біз сол кезде республика осындайда тәуелсіз ақша-несие саясатын ілезде жүргізе бастайды дейтін тұрғыдан келдік. Сонымен қатар теңгенің тікелей енгізілуі халықты болашақтағы белгісіздіктен құтылтады. Және ең ақыр аяғы ұлттық валюта оның шетел валютаға қатысындағы шынайы бағамын айқындауға мүмкіндік берді. Тек теңгенің бағалар ақырына дейін «босамаған» кезед енгіщілгені теріс жәйт  болды.

 

Мемлекет басындағылардың сол кезде шығарған жарлығы:

 

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы

 

ҚР Конституциясының 78-бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін:

ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілсін.

1993 жылғы 18 қарашада сағат 08:00-ден бастап теңге ҚР-ғы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 мыңнан тұрады. ҚР-да қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.

Теңгені ҚР-ның аумағында меншік нысандарына карамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде , сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттар қосу үшін банктер қабылдауға міндетті.

Осы Жарлық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.

 

ҚР-ның Президенті

 

Н.Назарбаев

 

Алматы, 1993 жылғы қарашаның 12-сі

Мемлекет басшысының ақша реформасын нақты жүзеге асыру басталар қарсаңында телевидение мен радиода оның мақсатын және қажеттілігін түсіндіре отырып, сөйлеуі Қазақстандықтарды біршама тыныштандырды. Айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат сегізде басталды және 20 қарашада сағат жиырмада теңгені орнықтырып аяқталды. Айырбастау коэффициенті бір теңгеге 500 рубль болды.

Алғашқы теңгелер Англияда шығарылды. Бакноталардың пайда болуымен бір мезгілде Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытында алғашқы Қазақстан монеталарын шығаруға дайындық басталды. Ал, елді қағаз ақшамен өзі қамтамасыз етуі үшін Алматыда банкнота фабрикасын құру шешілді. Осы жөніндегі шешім 1992 жылы мамырда қабылданды және ҚР Президентінің «ҚР-ның ұлттық мемлекеттік банкінің баспа фабрикасын құру туралы» Жарлығында белгіленді. «Қазақстан теңге сарайы» РМК тіркеу туралы куәлікті 1998 жылы қарашада алды.

Ұлттық валютаны енгізгенге дейін Қазақстанның саяси ұстанымы ТМД елдері экономикасын біріктіруге бағытталған еді. Шындығында, бірыңғай валютаны пайдалана отырып, кооперацияның артықшылықтарын толайым қолдануға және өз тиімділікпен ынтымақтасуға болар еді. Алайда, қазақстандық басшылық пен ТМД-ның басқа қатысушыларының талпыныстарына қарамастан, рубль аймағы ұзаққа бармады. Ресейлік рубльдің енгізілуі шын мәнісінде ыдыраудың басталуын білдірді және басқа мемлекеттерді өз ұлттық валюталарын енгізуге итермеледі.

Қазақстан теңгені тура он жыл бұрын енгізді. Тарихи даму тұрғысынан бұл мерзім көп емес, бірақ экономикалық тұрғыда өз валютасының Қазақстан үшін маңыздылығын шынайы да бүкпесіз бағалауға толық жеткілікті.

Теңгені енгізу түбегейлі экономикалық түрлендіру жағдайларында жүргізілді. 1992 жылдың қаңтарында бағаны әкімшілік реттеу жағдайында жасырынған инфляцияны босатқан бағаның ырықтану үдерісі басталды. Мемлекет біртіндеп тұтыну, өнеркәсіп тауарларына, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаларды, энергия тасымалдаушылар тарифтерін реттеуден бас тартты.

1992-93 жылдардағы ақша жиынының бақыланбай ұлғаюы және банкілердің кәсіпорындарды теріс сыйақы мөлшерлемесімен несиелеуі, елге кеңістік сомдарды лақтыра салу инфляция деңгейі 2960,8 пайызды және тиісінше 2165,0 пайызды құрады, сөйттп экономикада дағдарысты тездетті. КСРО ыдырағаннан кейінгі республикалар арасында шаруашылық байланыстарының үзілуі, кәсіпорындардың қаржылық ахуалының нашарлауы, олардың негізгі және айналымдық капиталының, халықтың жинақ ақшаларының құнсыздануы республиканың инвестициялық әлеуетін күрт қысқартты. Халықтың атаулы жалақысы мен басқа табыстарының өсуі бағаның қарқынына ілесе алмады. Соның нәтижесінде олардың сатып алушылық қабілеті төмендеді, халықтың негізгі бөлігі қайыршылыққа ұшырады. Осы үдерістер экономикадағы жиынтық сұраныстың күрт қысқаруына әкеп соқты, ақыр соңында шынайы ішкі жалпы өнім 1992 жылы 5,3 %-ға, ал 1993 жылы 9,2 %-ға кеміді.

Республика экономикасын инфляцияны күшейткен теріс үрдістерден қорғау мақсатында Президент пен республика Үкіметі үлттық валютаны енгізу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі алдын ала жұмыс босалқы ретінде 1992 жылдың күзінде басталды. Сол кезде оны енгізу жөнінде бағдарлама жасақталып, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен еді. Алайда, тек рубль аймағы болмайтыны айқындалған кезде ғана Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылдың 3-қарашасындағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының  ұлттық валютаны енгізу жөнінде Мемлекеттік комиссиясы және оны енгізуге байланысты іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы құрылды.

Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі іс-шараларды тым қысқа мерзімде жүргізу керек болды. Мұнда осы қадамға техникалық дайындықты қамтамасыз ету мен ақша-несиелік, салық –бюджеттік, әлеуметтік және сыртқы экономикалық салаларда шаралар кешенін жүргізу қажет еді.

Күрделі экономикалық ахуалда басты назар ескі ақшаларды айырбастау шараларымен байланысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ айырбастаудың шынайы ауқымын анықтауға аударылды. Ұлттық валютаны енгізудің әралуан нұсқалары пысықталып жатты. Аралық немесе қосаралас валютаны, «купондарды» не оның қайсыбір алмастырғыштарын енгізбей, тез арада толыққанды валютаны тікелей енгізу шешілді. Уақыт осындай қадамды ақтады, өйткені уақытша ақша белгілерін енгізгенеддер шын мәнісінде екі ақша реформасын бастан кешірді.

Валюталық түзімді ұйымдастыру саласында күрделі мәселелерді шешу күн тәртібінде тұрды. Валюталық бақылаудың дәрежесі мен нысандарын түбірінен өзгерту шешілді. Шетел валютасын Қазақстан банкілеріне шет жерден қайтаруды қамтамассыз ететін уәкілетті банктердің атқарымдарымен экспорттаушылардың міндеттрін айқын белгілеу керек. Сондай ақ реттелетін құбылмалы айырбас бағамының түзімін таңдаудың ерекше маңызы болды.

Ұлттық валютаны енгізу тұсында Қазақстан ұлттық банкі курделі, қарама қайшылық жағдайда 452 млн.доллар мөлшерінде алтын валюталық қорды құра алды. Жаңа купюралардың қажетті қоры құрылды, олар өз банкнот фабрикамыздың жоқтығынан қатаң құпия түрде ең қысқа мерзімде Ұлыбританияда басылып шығарылды. Ақша реформасының қарсаңында Қазақстан Республикасының президенті теледидар арқылы 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасының азаматтарына оның мақстаты мен қажеттігін түсіндіре мәлімдеме жасады. Теңге 1993 жылдың  15 қарашасынан еліміздің бүткіл аумағы бойынша айналысқа енгізілді. Бірінші кезеңінде қарашаның 15 нде 17 – сі бойынша ұлттық валютамен қатар 1-500 сомдық банкноттардың қосарлай жүруіне жол берілді. Ал 1993 жылдың 18 қарашасынан ұлттық валюта Қазақстан Республикасы аумағында жалғыз заңды төлем құралы болып табылады. Банктер мен басқа да шаруашылық субьектілердің барлық активтері мен пассивтері теңгеге қайта есептелінді.

Айналыстан 1961 – 1992 жылы үлгідегі руббль купюрлары 950,6 млрд. Соммасында алынып тасталынды. Айырбас нәтижелері еліміздің аумағындағы бар руббльдің мөлшері туралы болжамды растады. Алдын ала есептеулдер бойыншы республикада шамамен 1,3 триллион сомға дейін қолма- ұол ақша жиналды. 1,2 триллион құралһды.

Дер кезінде жұргізілген дайындық іс шаралары айырбасты белгілеген мерзімді аяқтауға және ақша реформасының мақсаттарына жетуге мүмкіндік берді. Осы мұғдарда әрбір есепшіге, бухгалтерлік жұмыскерге, ақша жинаушыға түскен жүктің бірнеше есе ауыртпашылық жағдайында банк жүйесі мекемелердің жұмысын айрықша атап көрсету керек.

Ұлттық валютаны енгізу Ұлттық  банкке экономикалық, ақша – несиелік және валюталық саясатты дербес жүргізуге мүмкіндік жасады. Енгізілген тұстан теңге құбылмалы айырбас бағамының түзімінде қолданыла бастады.

Осы оқиғалардан соң ілезде Қазақстандық банк аралық валюта биржасы құрылды. Жаңа қаржы институты валюта бағамын түзілдіру мен реттеу үшін керек болды. Биржалық сауда саттық алдымен аптасында екі рет, сонан соң 3 рет және ары қарай 1995 жылдан бастап күнделікті жүргізілді.

1994 жылы Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет егеменді мемлекеттің экономикасы ұлттық валютаға негізделді. Бұл жыл күрделі болды. ТМД – қа қатысушы елдердің қаржылық жүйелерінің бөлінуі тиісті өзара үйлесімсіз, валютаны енгізу мерзімдерін, бұрын қол қойылған келісімдерді бұза жүргізілді. Бұған экономикалық қиындықтар, банк жүйесінің өркендеуі мен қаз тұру мәселелері қосылды.

АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 1994 жылы 8,6 есе кеміді. Бұл бірқатар себептердің салдарынан болды. Ең алдымен 1994 жылы инфляция шығандап 1158,3 пайызға жетті. Өзара есепке жазу сәтсіз жүргізілді. Теңге бағамына 12,6 пайызға жеткен өндірістің құлдырауы да теріс әсерін тигізді. Импорттық тауарларға қанағаттанғысыз сұраныстң көлемі едәуір болып қалды.Ал сыртқы сауданы ырықтандыру импорт көлемдерінің өсуін және оның экспорттан асуын тудырды. Сөйтіп бұл шетел валютасына сұраныстың артуына, демек, доллар бағамының өсуіне ықпал етті. Осы мезгілде кәсіпорындардың өкілетті банктер арқылы Қазақстандық банк аралық валюта биржасындағы тауарлардың, жұмыстардыаң, ісметтердің экпортынан түскен пайданың 50 пайызын міндетті түрде сатуын енгізуге тура келді. Бұл валютаның түсуін көбейтті және ұлттық валюта бағамын белгілі бір тұрақтандыруға келтірді.

1995 жыл республикадағы толыққанды валюта нарықнамасын түзілдіруде бетбұрыс кезең болды. Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 60,3 пайызды,ал долларға қатысындағы құнсыздануы 17,9 пайызды құрады.

Ұлттық валютаға деген ескелең сенім, сауда –саттық теңгерім сальдосының жақсартылуы, көшіп келушілер трансферттердің кемуі, сондай-ақ жаңа табыстық қаржы құралдарының іске қосылуы қолма-қол және қолма-қолсыз валютаға дүрлікпелік сұранысты жоқ қылуға жәрдемдесті. Нәтижесінде валюта рыногында тұрақтанудың алғашқы белгілері байқала бастады. Біртіндеп валюталық түсімнің міндетті сатып алуы 50-ден 30 пайызға кемтілді, сонан соң мүлдем алынып тасталды. Өз кезегінде, бұл жеткілікті түрде өтімділі және көлемдері бойынша едәуір банкаралық валюта нарықнамасының қалыптасуына қол жеткіздірді.

Ұлттық банктің теңгенің айырбас бағамын түзілдіруге қатысуы ҚБВБ – на шабуылдармен шектелді. Олар валюта рыногындағы жағдаяттық қысқа мерзімдік өзгертулерінің нәтижесінде бағам саясаты асқын инфляцияны ауыздықтауға мүмкіндік берді. Мұндай түзімде тұрақтандыруға, сонан кейін экономиканың өркендеуіне қол жеткізілді. 1996 жылы Ұлттық банк реттелетін өзінің валюталық саясатын жүргізуді жалғастырды.

Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының бір мезгілдегі құлдырау кезінде инфляция тежелді. Ұлттық валютаға деген сенім артты. Ал, қаржы минимтрлігінің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері және Ұлттық Банкноталары секілді қаржылық құралдарды енгізу нәтижелері қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валютасына елеулі сұранысты әжептәуір азайтуға мүмкіндік жасады. Долларға қатысты атаулы айырбас бағамының төмендеуі 15,4 пайызды құрады.

1996 жылдың 16-шілдесінде Қазақстан өзіне «Халықаралық валюталық қор келісімдері Баптарының» шарттарына қосылғаннан соң қайсыбір валюталық шектеулерді қолданбауға міндеттеме алды. Біздің еліміз сондай-ақ төлемдік балансқа байланысты себептер бойынша валюталық бағамдардың көбейтілуін іске асырмауға, импортқа шектеулерді енгізбеуге және күшейтпеуге міндеттемелер алды. Халықаралық ағымдық мәмілелер бойынша тқлемдер мен аударымдар жөнінде шектеулер алынып тасталды. Бұл теңгенің еркін айырбасталымдығын қамтамасыз етуге және шектеулерден азат көпжақты төлемдер жүйесіне көшуге мүмкіндік берді.

Ұлттық Банктің 1997-1998 жж.ішкі рыногындағы басқыншылығы жалғасты. Олар теңгенің атаулы бағам тербелістерін деңгейлестіру мақсатында жүзеге асырылды. Осы мезгілде республикамыздың тәуелсіздігінің 7 жыл ішінде ұлттық валютаның АҚШ долларна қатысындағы ең төменгі құнсыздану көрсеткішіне 2,8 пайызға қол жеткізілді.

Әсіресе теңге бағамының күрт тербелістері қолма-қол шетел валютасы рыногында байқалды. Қазақстандықтар Ресейдегі оқиғалар бізде де көрініс табады деп күтті. Соның нәтижесінде құнсыздану болып өтті. Тамыз-қыркүйек айларында шетел валютасына дүрлікпелік сұраныс туындады.

Қазақстанның сауда-саттық серіктес елдеріндегі, ең алдымен Ресейдегі ұлттық валютаның елеулі құнсыздануы, сондай-ақ мұнай мен түсті металдарға қолайсыз жағдайы теңгенің шынайы мәнінде айтарлықтай қымбаттануына әкеп соқты. Бұл қазақстандық тауарлардың ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестік қабілеттігін азайтты, сыртқы саудалық операциялар жөніндегі төлемдік баланстың теріс сальдосын ұлғайтты, экономикалық өсу қарқынына қолайсыз әсер етті.

Көтеріңкі бағамның еліміздің экономикасына теріс салдарларының алдын алу үшін Үкімет пен Ұлттық Банк 1999 жылдың 4-сәуіірінде реттелетін құбылмалы айырбас бағамы түзімінен еркін құьылмалыққа көшу туралы жария жасады.

Валюталық бағам түзімінің ауысуы және соның ізінше болған теңгенің құнсыздануы теңге бағамын асыра бағалауды жоюға мүмкіндік берді. Бұл тұтастай алғанда еліміздің әлемдік нарықнамада бәсекеге қабілеттілік айқындамаларын қалпына келтіруге ықпал етті.

 

Ұлттық банк өзінің ішкі валюталық рынок сауда-саттығына қатысуын едәуір қысқартты және енді басым түрде шетел валютасын сатып алушы ретінде бой көрсетті. Сөйтіп өзінің алтын-валюталық резервтерін толтырып алды. Ұлттық Банктің ішкі валюталық рыноктағы әрекеттері бағамның ұтымды күтістерден асатын тербелістерге жол бермеумен шектелді. Сонда да еркін құбылмалы бағамның түзімі қазақстандық тауарлардың бағалық бәсеке қабілеттігін кемітетін валюталық бағамды артық бағалаудың алдын орады.

1999 жылдың сәуірінде жаңа түзімді енгізген кезде ұлттық валютаның 30,3 пайызға күрт құнсыздануы болды. Сонан соң құлдырау қарқыны мамырда 12,4 пайызға, маусымда 2,5 пайызға кеміді. Ұлттық Банктің валюталық рыноктағы белсенділінің едәуір төмендігін ескергенде, бұл валюталық рынокта ағымдағы нарықтық жай-күйге пара-пар салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізгені туралы айғақтады. Одан арғы мезгілдерде теңгенің биржалық бағамының орташа айлық тербелістері 0,3 пайыздан аспады. Тұтастай алғанда, 1999 жыл үшін теңгенің АҚШ доллары бойынша биржалық бағамы 64,6 пайызға кеміді және жылдың аяғында 1 АҚШ доллары үшін 138,25 теңгені құрады.

1999 жылғы ішкі валюталық рыноктың дамуы көбінесе экономикадағы оңды алға жылжуларымен айқындалды. Сол жылы евро бойынша сауда-саттықтың басталуы маңызды жаңалық болды.

2000 жылы теңгенің биржалық бағамының тербелістері ұтымды күтіс шектерінде болып, орташа айлық өзгерістері 0,1-0,5 пайыз аралығын алды. Осы жылы АҚШ долларына қатысындағы теңге бағамы 5,2 пайызға кеміп, жыл аяғында 1 АҚШ доллары үшін 145,4 теңгені құрады.

Теңгенің айырбас бағамының қазақстандық қор биржасында АҚШ долларына қатысындағы өзгеріс серпіні ішкі валюталық рыноктағы тұрақтылық туралы түйіндеуге мүмкіндік берді. Байқалған тыныштық заңды еді. Теңгенің нығаюына көбіне әлемдік өндірістің жандануы мен қазақстандық эскпорттың негізгі баптарына арналған баға жағдаятының арқасында оңды төлем балансы, алтын-валюталық резервтердің өсуі, сондай-ақ ресейлік рубльдің долларға қатысты нығаюы ықпал етті. Ұлттық валюталық бағам алып-сатарлық қысымға ұшырамады, шетел валютасының жеткілікті ұсынысы оған деген сұранысты толық қанағаттандырды.

Ұлттық банк теңгенің шынайы мәнінде едәуір нығаюына жол бермеуге бекер ұмтылмады. Бұл әрекеттер қазақстандық экспорттық тауарлаардың бәсекелестік қабілет деңгейін сақтауға мүмкіндік жасады. Шынайы айырбас бағамының индексі бойынша есептеулер қаржылық саясатттың дұрыстығын растады. 2000 жылы теңге бағамы бар-жоғы 2,8 пайызға өсті.

2001 жылдың бас кезінен ішкі валюта рыногындағы жағдай айтулы тербелістерге ұшыраған жоқ; теңгенің биржалық бағамының долларға қатысты өзгерістері елеусіз және біркелкі болды, теңгенің АҚШ долларына 148,95 – ті құрады.

Мұнда қазіргі таңдағы экономика өркендеуінің көбінесе дүниежүзілік тауарлық нарықнамадағы қолайлы жағдаймен байланысты екенін терістеуге болмайды.

 

Осылайша өзіміздің төл теңгеміз пайда болды. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығында былай делінген:

Ұлттық валюта – теңге күні туралы.

1993 жыл, 15-қарашаның ҚР-ның ұлттық валютасы – теңге енгізілген күн ретіндегі тарихи маңызын атап өте отырып, сондай-ақ қаржы жүйесі қызметкерлерінің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында қаулы етемін.

  1. 15-қараша ұлттық валюта – Теңге күні, ҚР-ның жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жариялансын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

ҚР Президенті

Н. Назарбаев

Алматы, 1997 ж., қарашаның 13-і

Жарлықтың үлгісі міне осындай болып жарияланды.

 

 

2.2 Теңгенің алғашқы атауы және алғашқы банкноттар

Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:

1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар

1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар,

1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).

Кейіннен айналысқа:

1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар;

1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар;

1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар;

1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);

1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;

2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),

2001 жылы:

2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген);

2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген);

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар;

2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).

2002 жылы:

2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;

1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды.

2003 жылы:

2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.

2006 жылы:

200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн).

Жалпы мәліметтер:

1993 жылы басылған 5 теңгелік купюра. Суретте Құрманғазы.

1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. [1]

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.

1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.

1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді үсынған.

Соған қоса, олардың мынадай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небары 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рублін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды.

Сол уақкыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты.

Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстаннын, төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.

Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.

Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен күрес бірте-бірте ғаламдық проблемалар болып отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы технологиялары бар компанияларға ішінара және толық бере отырып, өздері оларды жасаудан бас тартады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады.

Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр.

Қазақстан теңге сарайы IS0-9001:2000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін ендірді және монета өнімдері мен мемлекеттік наградаларды шығаруға сертификаттар алды. Кәсіпорындар үшін шығарылған наградалар ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін зергерлік өнердің тамаша үлгілері болып табылады. Басқа орталық банктерден монеталар дайындауға алынған тапсырыстан басқа, ҚТС бірнеше халықаралық монеталар бағдарламасына, оның ішінде Олимпиада ойындары мен футбол бойынша әлем чемпионатына арналған бағдарламаға катысуға шақыру алды. Соңғы жетістіктер ретінде биколорлы монеталарды, эмалі бар proof сапасындағы күміс монетаны, ұлттық валютаны енгізуге 15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг номиналы 50 000 теңге күміс және алтын бірегей монеталар шығаруды меңгеруді атап етуге болады.

 

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттіктілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Теменгі бөлігінде монетаныңноминалын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ»деген жазу орналасқан.

Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Алтыннан жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «1 kg.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Аи 999» деген жазу орналастырылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық белігінде ұлттық валюта нышандары суретінін аясында үш монетадан — «Шабандоз», «Регель қызғалдағы» және «Ғарыш» монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 10000 теңгелік купюраның суреті орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта — теңге нышанының графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерленген.

Ескерткіш монеталар 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы — 1000 грамм, диаметрі — 100 mm., «proof» сапасымен жасалған.

 

 

2.3 Ұлттық Банктің мұражайы туралы.

Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.

Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII — XIV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РСФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орысполяк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.

Жәдігерлер арасында ерекше, мысалы «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар»дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінін, 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалдырады.

 

Бұл жерде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап шығарылған бірінші түрлі-түсті күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның кызыл кітабы», «Қазақстанның қолөнері», «Сәулет және тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақгалған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған — «Қызыл бөрі», «Регель қызғалдағы», «Шабандоз» алтын және күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады.

Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді. 1993 жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы теңгелік банкноталар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар жіберілді.

1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.

ҚҰБ кейінірек айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды:

1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылғы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;

1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;

1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге, ол 1996 жылғы үлгі бойынша;

1997 жылғы монеталар, номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңге;

1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша;

2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн);

2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 теңге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн);

номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;

мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдықтәуелсіздігіне байланысты;

5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;

2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша;

номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша;

2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгеден 10000 теңгеге дейін.

Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды.

Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноталардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарылауымен байланысты.

2006 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын және олардың қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді.

Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінде занды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлықтүрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылданады. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлык түрлері бойынша занды төлем құралы болуын токтатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы занды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген онжылдық мерзімін үзартуға құқылы.

Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты валюталардың біріне айналуда. Айналымға енгізген бастапқы кездері ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендігі және елдегі экономикалық дағдарыстардың болуы, оның құндылығына теріс әсер етті. Соның салдарынан теңгеміз АҚШ долларына қатысты құлдырады десе болады. Айталық, теңге енгізілгенде 1 АҚШ долларының бағасы 4,75 тиынға тең болса, 2000 жылы ол 155 теңгеге дейін құнсызданды. Бір жағынан мұндай құбылыс объективті, себебі, кез келген жаңа валютаның тарихы тереңде жатқан немесе экономикасы дамыған мемлекеттің ақша бірлігімен бәсекеге түсе алмасы анық. Екінші жағынан, ол кезендер ұлттық экономикамыздың жаңадан қалыптасу кезендерін сипаттайды. 2001 жылдан бастап осы күнге дейін теңгеміз АҚШ долларына қатысты тұрақтанып, 2001 жылы оның АҚШ долларына қатысты бағамы 155,6 теңгеден 2005—2006 жылдардың ортасына дейін 117,4 теңгеге дейін төмендесе, 2009 жылдың сәуірде ұлттық валютаның девальвацияланып, 150,8 теңгеге дейін қайта көтерілді.

Теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануын біріншіден айналыстағы ақша массасының өсуімен, екіншіден мұнай өнімдеріне деген бағаның өсуінің нәтижесінде пайда болған инфляция дейгейінің 8,5 пайызға жоғарылауымен байланыстыруға болады. Мұндағы ақша массасы екі жолмен өсіп отыр, біріншісі, мұнай өнімдерін сыртқа сатудан түскен валюталық түсімдердің өсуінен, ал екіншісі, отандық банктеріміздің соңғы жылдары шетелдік қаржы нарықтарынан арзан займдар тарту көлемінің артуынан болып отыр.

 

    Ұлттық валютаны даярлауды қатаң құпия жағдайында жүргізілген. Жұмысты жүргізу үшін аса маңызды мемлекеттік іспен шұғылданатын команда жинау қажет болды. Ең алдымен қысқаша мерзімде ақша купюраларының нобайларын әзірлейтін суретшілер тобы керек болған. Валютаны шетелде басып шығаруды шешкен. Бастамашы топтың ішінде валютаның атауын таңдау ұзақ дау-дамай тудырған жоқ. Өйткені көршілес қырғыздар мен өзбектер өз валютасын «сом» деп атайтын болды да, біз қазақтар ақшасын баламалы «теңге» деп атауды ұйғардық.

Суретшілер, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшелері республиканың халық депутаты Темір Сүлейменовтың маңына топтасты. Өз міндеттерін олар тамаша орындады. Біздің еліміз өз валютамыздың енгізілуіне ұзақ уақыт қарсы болған Халықаралық валюта қорымен бірнеше рет келіссөздер жүргізген. Ең ақыры олар тек 1993 жылдағы жаздың аяқ шенінде ғана өздерінің көзқарастарын өзгертті. Қазақстандағы ХВҚ өкілдерімен келіссөздердің жай-күіне қарамастан, теңгемен жұмыс толыққанды жалғаса берді. Алайда, оны Англия басып шығаратынын білгеннен соң олар кенеттен жасырын қысым жасай бастады,  бірақ еш нәтиже бермеді.

Қағаз тиындарды жасау – төл валютамызды енгізу жөніндегі үлкен жұмыстың бір бөлігі ғана. Көп ұзамай теңге енгізілгеннен соң жаңа проблема туындады. Банкноттар тоза бастады, оларды әрдайым Англияда басып, ақшаны ұшақпен әкелетін. Бұл мәселені түбегейлі шешу керек болған. Солай, 1994 жылдың 22- сәуірінде ҚР Ұлттық Банкі мен ағылшындық «Томас Делару» компаниясы арасында банкноттық фабрика үшін техника мен технологияны жеткізілмдеу туралы келісім-шартқа қол қойылды. Осы компания банкнот  өндіріс жөнінде әлемдегі ең ірі жекеменшік кәсіпорын екендігін бәрі біле бермейді және де ол ақша басу үшін 95 пайызға дейін шығарды.

1995 жылдың 29-сәуірінде бүкіл технологиялық желіні сынамалық іске қосу жүргізілді. Келісім – шартқа қол қою тұсынан 12 ай құрылыс жұмысы басталғаннан  9 ай өтті. Нысан 2 есе жылдам салынды. 1995 жылы 19 мамырда лентасын ҚР Президентң Н.Ә.Назарбаев республиканың жоғарғы басшылары мен «Томас Делару» компаниясының президенті Джерими Маршалдың көзінше қиды. Содан бері теңге Қазақстанда басылып шығарылатын болды.

 

Міне, Тәуелсіздігіміздің тарихи 22 жылдығына да жақындап келіп қалдық. Тәубе дейміз, қағанағымыз қарқ, сағанамыз сарқ болмасақ та, экономикалық реформа өз жүрісінен қатты жаңылған жоқ. Тарих доңғалағы әркез өз айналысынан жаңылмайды. Біз өткенге қарап, бүгінді саралап, болашақты болжаймыз. Кезінде төл валютамыз айналымға енгізілгенде бөркімізді аспанға атып қуандық. Бұл біздің экономикалық тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығашы еді. Біз сол кездегі парламенттік «Халық кеңесі» газетінде баспасөз тарланбозы Сарбас Ақтаевтың басшылығымен көптеген  ұлттық проблемаларды көтеріп, тәуелсіздігімізді баянды ететін өзекті үдерістерге бастамашы болдық. Олар - ұлттық рәміздер, астанамыздың Сарыарқаға көшірілуі және төл валютамыз еді...

Өткен тарихқа бажайлай үңілсек, Қазақстанда тәуелсіздік жарияланғаннан кейін кеңестік кезеңде құрылған экономикалық әлеуетті  сақтап қалуға тырысыппыз. Дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданыпты. Оның материалдық және қаржылық базасы болды. Себебі республика шетелге сатып-өткізетін экспорттық тауарларға, шикізат өнімдеріне, атап айтқанда: мұнайға, металл мен астыққа ие еді. Энергия тасымалдаушылар мен ауыр өнеркәсіп өнімі әлемдік рынокта сұранысқа ие болды да, біз бұрынғы социалистік елдермен ежелгі сауда-саттық байланыстарының орнына өз тауарларымызды сатып-өткізудің жаңа арналарын таба алар едік. Мұның орнына ең үздік кәсіпшіліктер мен өндірістер шет елдіктерге сатылып кетті.

Сол кезде Үкіметімізде мемлекеттік мүддені құзыретті түрде қорғай алмайтын адамдар отырды. Біз сол кездің өзінде өз өнімімізді шет елдерге сата алатынбыз. Мұның орнына бірнеше буын қазақстандықтардың еңбегімен жасалған материалдық құндылықтар талан-таражға салынды. Кәсіпорындардың активтері сутегін сатылды, еліміздің экономикасы күйрей бастады, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті тоқырау жайлады. Халық шаруашылығының тұтас бір салалары шетелдік компаниялардың қолдарына тапсырылды.

Осы себептердің салдарынан мемлекеттің қаржылық жүйесі күйрейтіндей қауіп төнді. Сондықтан да рубльдік аймақтан шығу сәтіне алдын ала ұлттық валютамен қордаланатындай шешім шығарылды. Теңгеге даярлық Жоғарғы Кеңесте жүргізілді. Сол кезеңде экономикалық реформалар Комитетін экономика мәселелерін жақсы білетін ғалым Сауық Тәкежанов басқарды. Ол үлттық валютаны енгізу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы болды. Ұлттық банк теңгенің дизайнын әзірлеу үшін "Қазақстан дизайн орталығының" суретшілерін тартты. Президент әкімшілігінің Ерік Асанбаев бастаған жұмыс тобы ақша қағазында кімнің бейнеленетінін шешті. Қазір қарап отырсақ, ұлы адамдарымыз бейнеленген сол бір ақша банкноттарымыз көзімізге ыстық. Хайролла Ғабжәлелов салған алғашқы 1 теңгеліктің Әл-Фараби бейнеленген дизайны сол кездегі халықаралық сарапшылардан жоғары баға алған еді...

Сөйтіп, сол кезеңде Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, мемлекеттік рәміз-нышандарға ие бола, соның ішінде өзінің ұлттық валютасын енгізуге даярлана бастады. Сонымен бірге 1992 жылға дейін 1993 жылға дейін айналыста кеңес рублі болды, сонан соң Ресей жаңа рублін енгізді. 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Ұлттық валютаны енгізу туралы Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің бірлескен Қаулысы қабылданды. Президенттің Жарлығы шықты. Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы біздің теңгеміздің туған күні деп саналды. Міне, ол да бүгіндері бозбалалық 20 жастан асып барады...

Алайда, өз валютамызға ие болып алып біз бірден тәуелсіздік жаряланғаннан бері жинақталған барлық мәселелерді шеше алмадық. 1993 жылдан соң макроэкономикалық шамалар қатты тербелді. Бұл әбден түсінікті де. Біз жаңа ғұмырымызды бастауға тырыстық, мемлекет тіршілігіндегі барлық үдерістерді басқаруды үйренуге, экономика мөселелерін шешуге ұмтылдық. Парламент белгілі бір дәрежеде Үкіметті қателесуден тізгіндеп отырғандай болды. Сонан соң әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, Министрлер кабинеті жиі қателесе бастады. Мәселен, экономикаға араласпау туралы қаулы қабылдады. Ал, кез келген елде үкімет нарықтық қатынастарды реттеуге міндетті. Атқарушы биліктің осындай бұрыс қадамы  көсіпорын басшыларының өздігінше әрекет ете бастауына әкеп соқтырды. Кеңшарлар таратылды. 1996 жылы ішкі жалпы өнім күрт қысқарды, ол 1993 жылмен салыстарғанда 25 пайызға дейін құлдырады.

Осындай келеңсіз кезең 1998 жылға дейін созылды. Осының салдарынан жағдайды түзету үшін аса зор күш-жігер керек болды. Бірақ та көптеген мұнай өндіруші компаниялар сол кездің өзінде басқа мемлекеттердің меншігіне беріліп қойылған еді, бірқатар кәсіпорындар банкроттыққа ұшырады және де тікелей міндеттерін шешудің орнына баюмен айналысуды үйренген мемлекеттік шенеуніктердің тұтас бір қауымы қалыптасты.

Егер де қаржылық жүйеге, біздің валютаға келетін болсақ, оның бағамы тек тұрақтанды деуге болады. 1999 жылға шейін теңге бағамын жасанды түрде ұстап тұрдық. Бірақ басты проблема валюталық бағамда емес. 1996-98 жылдары барлық күш инфляциямен күреске жұмсалды. Үкімет теңгешілдік саясатты жүргізе отырып, ақша тапшылығын тудырды. Ал шаруашылықтың негізі өндіріс қой, ақшасыз оны көтеру мүмкін емес. Теңгешілдік саясат өндіріске тым теріс әсерін тигізді. Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өңдеу салаларын ең алдымен тиісті ақша айналысымен қамтамасыз ету қажет еді. Кейіндері мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауылға ондаған миллиард теңге жұмсалды. Бұрын осы ақшаның жасампаз қуатын босатуға қандай кедергі болып еді? Бүгінгідей ауылдық несие серіктестіктеріне ұқсас қаржыландыру тәсімдерін екі  не бес жыл бұрын құруға кім рұқсат етпеді? Қысқаша айтқанда, біз уақытымызды босқа кетірдік, спортшылардың сөз саптауынша қарқынды жоғалттық. Ал, бірақ қолымызда халық шаруашылығын жөнге келтіру үшін барлық құралдар - алтын қоры, валютаның экспорттық түсімдері және ақша басатын станогымыз болып еді.

Өкінішке қарай, 2000 жылға дейін тек қана макроэкономикалық көрсеткіштермен ғана мақтана алдық, ал ол көбінесе біздің шаруа жүргізе білетіндігімізге емес, энергия тасымалдаушылар мен шикізаттың әлемдік бағаларына тәуелді. 2001 жылдан бастап оңтайлы экономикалық саясаттың арқасында жағдай біршама түзеліп, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дұрыс рельске түсті. Дүние жүзілік қаржылық дағдарыстан да өте алдық. Ұлттық валюта мемлекеттің әлеуметтік саясатында, зейнетақымен қамтамасыз етуде, жұмыс орындарын ашуда, жастар саясатын жүргізуде аса маңызды рөл атқарды. Әлеуметтік саясат дегенде арзан тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды меңзеп отырмыз. Қазіргі таңда өндірістерді құру Үкіметтің салық саясатына және қарыз пайыздарын азайтқысы келмейтін банктерге тікелей тәуелді. Тіпті көпшілікке кеңінен тараған ипотекалық бағдарламаның өзі өсімқорлық пайыздардың кесірінен мықшыңдап жүрмей отыр, ал бұл пайыздар орташа дәулеті бар қазақстандықты кедейлендіріп, коммерциялық банктерге асқан пайда түсіруде. Қазір кез келген адам бұқаралық ақпарат құралдарынан, ғаламтордан көптеген дамыған елдердің банктері өздеріндегі онсыз да төмен несие үшін сыйақы тағайыншамасының пайыздарын одан әрі азайтып жатқанын көріп біле алады. Ал кейбір мемлекеттердегі, мысалы Жапониядағы банктер қарыз пайыздарынан бас тартуда. Сондықтан да біздің кәсіпкерлер мен банктердің әлеуетті деген тапсырыскерлері қазақстандық ақша рыногына сақтықпен қарайды. Бір адамды өмір бойы, бірнеше адамды ұзақ уақыт алдауға болады,  ал бірақ ешкім де бүтін бір халықты алдап көрген жоқ деген тәмсіл де бар ғой.

Қазіргі кезеңде Қазақстан дәйекті түрде көтеріліп келеді, бұл
ішінара, өнеркөсіп өндірісінің, жалпы өнімнің өсуімен
расталуда. Жеңіл, тамақ өнеркәсібі, машина жасау өркендеп келеді. Кәсіпорындар қаз тұрып не болмаса қайта бейінделіп келеді. Әрине, жүмыссыздық бар, бірақ та белгілі бір
мамандықтар бойынша жұмыскер кадрлардың
жетіспеушілігі де орын алып отыр. Бұл экономиканың тіріліп,
өркендей бастағанын ілдіреді. Республиканың келешегі
үшін Ұлттық Даму қоры құрылды. Яғни, біз қазір нағыз тәуелсіз мемлекеттің дербес шаруашылық және қаржылық саясатын жүргізіп келеміз. Бірақ та біраз уақыт өткеннен кейін біз Европаның көптеген елдері сияқты бірыңғай валютаға оралуымыз ғажап емес.

Мемлекет болса еліміздегі қарапайым адамдар жағына шығып, қатардағы азаматтарды теспей сорғандардың аптығын біртіндеп басып жатыр. Соның нәтижесінде экономикамыз нығайып келеді. Қазір құдайға шүкір, теңгеміз құнтұрақтылы, оны өткенде Бас банкир Марченко да Елбасымызға баяндап берді. Алтын-валюталық резервіміз 50 миллиард долларлық межеге жетіп қалыпты. Ал, аяқ-қолы таңылған кәсіпкерлік қуат жанданса тәуелсіз республикамызды гүлдендірері хақ. Сонда ғана төл теңгеміз әлемнің ең нығайған валюталарының біріне айналатыны сөзсіз...

 

Қорытынды

 

         Қазақ халқының өз ұлттық валютасының пайда болуы тәуелсіз ел мемлекет екендігіміздің шынайы айнасы болып табылады. Өз валютамызды енгізу – біздің халықтарымызды бөлетін ТМД елдері арасына қойылған ешқандай жасанды кедергі болып табылмайтынын ашық жариялағанымыз. Тауарлардың, адамдардың барыс-келісінің, капиталдың өзара еркін қозғалысына да тосқауыл болмайды. Бұған қоса Қазақстан – Ресей келіссөздері барысында Ресейдің үкіметі мн реформасына байланысты Қазақстанға техникалық жіне басқа да көмектер беруге міндеттеме қаблыдады.

Қазақстан валютасын қолдау туралы Халықаралық валюта қорымен, Бүкіл дүние жүзілік, Еуропалық жіне Азия даум банкілерімен, сондай –ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті. Бүгін теңгеміз соңғы екі жылдың ішінде қалыптасқан 700 млн астам АҚШ долларының сомасында өзіміздің алтын-валюта резервімізбен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл басқа валюталарға қарағанда тұрақты курсты сақтау үшін алғы шарттар жасайды, әрине, егер қатаң түрде ақша – несие, бюджет, салық саясатын жүзгізген жағдайда ғана.

Қазақстанның ұлттық валютаға көшуі бұрынғыдан да нақты әрі тәуелсіз жоспар бойынша әлеуметтік-экономикалық  реформалар бағытын жалғастыруға мүмкіндік береді. Ақша реформасын дәйекті жүргізу бізге көп ұлтты Қазақстан халқының тұрмыс дағдайын бірте-бірте жақсартуға көмектеседі.

Бүгінгі күні Банкнот фабрикасы Мемлекеттік қоймамен бірге кейбір ретте Қазақстандағы қаржылық тәуелсіздіктің тірегіндей болды. Ол мемлекетімізде ақшаның ұлттық валютамыз – теңгенңғ қалыпты атқарымданып, жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.

Ақырында біздің ұлттық Теңгеміз ТМД-да ең тұрақты валюталалардың бірі болып отыр. Ол әрі қарай алтын-валюталық резервтердің өсуімен, экономикалық нығаюымен ұлттық әлемдік ауқымда да бұдан да бетер орнықты болады деп үміттенеміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті
    Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары.
    2.Жамбыл Артықбаев, Әділхан Пірманов, «Қазақстан тарихы», энциклопедиялық басылым, Алматы «Атамұра» 2008.
    3.«Егемен Қазақстан» газеттері.
    4.«Дала мен қала» газеттері.
    5.«Уақыт тынысы» газеттері.
    6.«Экономика білім негіздері» журналдары.

 

 

 

 

 

 

 

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу