Ас туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 372
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 32
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 24
Баталар: 4
Әңгімелер: 13
Ертегілер: 1

Атсыз үй болса да,
Ассыз үй болмайды.
Ac жоқта ашықсаң, табақты да жеп қоясың.
Сусыз өмір - тұзсыз аспен тең.
Асым қалса қалсын,
Ісім қалмасын.
Май сасыса тұз бар,
Тұз сасыса не бар?
Алдыңа ас тартса,
Атаңның құнын көш.
Астың тұзын татқан біледі.
Қазан асулы,
Ас пісулі.
Ас – иесімен қадірлі,
Бас – миымен қадірлі.
Арам тамақ ас болмайды.
Қазының пісуіне шыдағанда,
Қазанның түсуіне шыдамайсың ба?
Астық көп болғанмен, оны екі жыл жемейді.
Аз асқа табақшы болма.
Асыңды бермесең берме,
Бірақ тасыңмен перме
Қасықпен ас берген,
Сабымен көз шығарар.
Асым аз болса да,
Басым тыныш болсын.
Ауызы асқа тигенде,
Тұмсығы тасқа тиді.
Әр астың өз қасығы бар.
Екі аспаз ас пісірсе,
Аш қалдым дей бер.
Басын ойламай,
Асын ойлайды.
Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.
Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.
Айдабол, ас ішкенде пайда бол.
Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды.
Әр жеген асқа,
Қажет екен ақша.