Ауру туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ауру" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ауру" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ауру" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ауру" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 20
Мақал-мәтелдер: 93
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 33
Нақыл сөздер: 29
Туындылар: 2
Әңгімелер: 19
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 1

Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.
©  Абай Құнанбаев
Мен сүйікті ісімнің «ауруына шалдыққан» америкалық тұрғынмын. Мұндай аурумен ауыратындар үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.
©  Илон Маск
Біліксіз кісі ауру іспетті,
Ауруды емдемесе, тез өледі.
Білмегеннен түбінде бас ауырар.
Бес бармақтың біреуін тістесең де,
Бәрі бірдей ауырады.
Барлық ауру бір жолмен келеді—
Қомағайлық арқылы.
Ауруға ең қиыны — түн.
Аурудың жаманы да тамақтан өтеді,
Амалы да тамақтан өтеді.
Ауруын емдетпеген тез өледі.
Ауырғанның бәрі өле берсе,
Аспан асты бос қалар.
Ауырғаның кеше, ас ішкенің бүгін.
Ауырып тұрдым, аунап тұрдым.
Ауру — өлім хабаршысы, белесі.
Өлім деген — тіршіліктің елесі.
Ауру — өлімнің түрткісі.
Ауру адам әдетте ынжық болады.
Ауру адамның айтқан өсиеті
Жақсылық жайында болады.
Ауру жазылып қалады, әдет қалмайды.
Ауру қанша қатты болса да,
Өлімнің кепілі емес.
Ауру мен жолаушы қамын
Жол қиындығын көрген біледі.
Ауру өлмес, ажалды өлер.
Асығыс піскен асты жеген ауру болады.
Асқынған ауруға пышақ ем.
Аңғармай сөйлеген,
Ауырмай өледі.
Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ.
Жасырған кеселді өлім әшкерелейді.