Асығу туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 26
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 38
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 2
Анекдот, әзілдер: 1

     Қуантар болсаң асық, Мұңайтар болсаң сабыр тұт.

Сізге осы мақал ұнай ма? Адамдарға қуаныш сыйлау дегенді қалай түсінесіз?..
©  Гүлтас Құрманбай
Асыққан аяғын алдырар.
Асықпа, тойға барарсың,
Өлеңші болсаң, жеңерсің,
Палуан болсаң, жығарсың.
Асығыс піскен асты жеген ауру болады.
Асығыс істелген нәрсе алысқа бармайды.
Асығыста салмақты бол,
Ашу қысса, ұстамды бол.
Асыққан — ақылдының ісі емес,
Жүгіргеннің ішегі көгермейді.
Асыққан тез ариды,
Жүгіріп жол алмас болар.
Ақырын жүрген күні-түні жүрсе де, талмайды.
Асыққан аттыдан асықпаған жаяу озады.
Асыққан үйрек көтінен сүңгиді.
Асыққан ісін бітірмес,
Ақылды ер атын жетермес.
Ақылды істі асығып ойланбайды,
Ішегің көп жүгірсең майланбайды.
Асыққан қыз ерге жетпес,
Ерге жетсе, етек-жеңі жерге жетпес.
Асыққан шыбын сүтке түсер.
Күйеуге асыққан әйел байға жарымас,
Күйгелек еркек үйге жарымас.
Жақсылыққа асыққаның –
Берекет.
Жамандыққа асыққаның –
Пәлекет.
Асыққан –
Жігерін құм қып жасытқан.
Асыққанның ісі шала.
Асықпаған арбамен қоянға жетеді.
Асыққан етегіне сүрінеді.
Асыққан шайтанның ісі.
Тамақты асығып ішпе
Түйілерсің.
Сөзді асығыс сөйлеме,
Күйінерсің.
Асығыс іске әзәзіл араласар.
Асыққан жолаушы, атына теріс мінеді.