![]() |
|
![]() |
Ауру туралы Нақыл сөздер ✍️
Басқа: 15
Мақал-мәтелдер: 89
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 28
Нақыл сөздер: 25
Туындылар: 1
Әңгімелер: 16
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Егер адам өмірдің мәніне немесе оның құндылығына қызығушылық білдіре бастаса, онда оның ауру болғаны.
— Зигмунд Фрейд
Егер бiреу өмiрдiң мағынасы немесе құндылығы туралы сұраса — ол ауру (принцесса Бонопартқа жазған хатынан).
— Зигмунд Фрейд
Ғылым біздің көптеген ауруларымыздың емін ойлап тапты, бірақ олардың ең қорқыныштысы — немқұрайдылықты таба алмады.
— Энн Салливан
"Кейінірек" - ерте ме, кеш пе, сіздің арманыңызды сізбен бірге көметін қауіпті ауру.
— Тимоти Феррис
Әсмә (р.а.):«Бірде әлдебір әйел Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: Уа, Расулаллаһ! Қызым ойламаған жерде қызылша ауыруына шалдығып, шашы жидіп түсе..
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Ауыру асқынып тұр, қазақтар әлі сенбейді, өзі ауырсада тұмау, әлергия деп үйінде ыңқылдап жатыр... Қазақ шын сөзге сенбей, өтірікке айрандай ұйыды..
— Нұрхалық Абдырақын
Адам тәніндегі ауруды доқтыр емдесе, жанындағы ауруды жақсы сөз емдейді.
— Нұрхалық Абдырақын
Науқастың көңілін сұрауға барғанда оған өмірі және ауруы туралы жақсы нәрселер айтып, үміт отын оятыңдар.
— Хадис шәриф
Денсаулық деген — күнде бір жеріңіздің сырқырауы.
— Фаина Раневская
Егер қайсыбiр ауруға қарсы тым көп ем белгiленсе, бұл аурудың жазылмастығын бiлдiредi.
— Антон Чехов
Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.
— Қазыбек би Келдібекұлы
Бұл өмірде мені айналып өткен аурулар өте көп. Сондықтан мен өзімнің осы өміріме де ризамын.
— Ник Вуйчич
Қызғаныш — құрт ауру. Ол мыс қазандай қайнайтын азап оты.
— Мұхтар Әуезов
Қазақта жазылмайтын бір ауру бар –
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
— Міржақып Дулатұлы
Егер ауру оны қабылдауға ықылассыз болса, ең жақсы дәрi де оған көмектесе алмайды.
— Мигель де Сервантес
Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.