Бүгін туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 12
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 95
Нақыл сөздер: 17
Құттықтау, тілектер: 1
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1
Эсселер: 2

Бүгін көрген – таңда жоқБіз келдік аман-есен бес жыл жүріп,Өткізіп әр нәубетті қолдан беріп."Бүгін көрген – таңда жоқ," - деген заман,Жолықтық..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Бүгінгі күн-кешегі күннің шәкірті.
Бұрынғы-бүгінгінің айнасы.
Бүгінгісін ертеңге қалдырған ешқандай істі бітірмейді.
Бүгін атар оғың болса,
Ертең жауың оқ ата алмайтындай қыл.
Бүгін бар дүние ертең жоқ,
«Өзімдікі» дегенің өзгеге кетеді.
Ауырғаның кеше, ас ішкенің бүгін.
Ертеңгі құйрықтан бүгінгі өкпе артық.
Кешегі күн өтті,
Алдыңғы күн өтті,
Бүгін енді жетті.
Бүгінгі жоқ – ертең көп.
Бүгінгінің ертеңі бар.
Еріншекке бүгіннен ертең оңай.