Әкім туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Әкім" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Әкім" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Әкім" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Әкім" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 29
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 43
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 7
Әңгімелер: 13
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 2

Ақындар мен әкімдер
Кітап жиған қазақтың жиһазы Абайсыз болмас, Абайы болмаса ол қазақ емес, жалпы ондайды саналы адам деу қиын. Төрінде Абайдың кітабы тұрған үйдің..
©  Шерхан Мұртаза
Партия қуған өңкей қырт...
Партия қуған өңкей қырт,Жазылмайтын ол қылқұрт.Мен тартам ел қайғысынӘкiмi – залым, биi – әңгүрт.
Сұрқия тiлiн жалдайды,Момын мен..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Әкім көп беріп, аз алатын болсын.
Әкім өзгерсе де, әдет өзгермейді.
Әкімдерден ғаділет тайса,
Елдің пейілі тарқайды.
Әкімменен қарсы болсаң, күнің жаман,
Молдаменен қарсы болсаң, дінің жаман.
Әкімнің ақысы болса,
Қараның қақысы бар.
Әкімнің көңілінде болғанша,
Көзінде бол.
Әкімнің мойны қылшадай, басы таудай.
Әкімшіліктен де гөрі әділет қымбат.
Әкіміңнің көзі соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр.
Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.
Әкім болған көп тұрмас.
Әкім болсаң, қызметші ал,
Ол — сенің аяғың, аяғыңның айыбына көз боп жүр.
Әдепсіз үйге кіріп болмас,
Әкімсіз жұртта тұрып болмас.
Арық малға суық өш,
Даулы кісіге әкім өш.
Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.
Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.
Әркім өз қаласына әкім.
Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.
Әкімменен араз болсаң күнің жаман,
Молдаменен араз болсаң дінің жаман.
Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.
Құтырған әкім
Құдыққа түкіреді.