Сауда туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 21
Өлеңдер: 16
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Анекдот, әзілдер: 2

Салық көп болса,сауда «өледі».
©  Ермахан Шайхыұлы
Рэкеттен қорыққан,Сауда жасамас.
©  Ермахан Шайхыұлы
Еңбек түбі —қуаныш,Сауда түбі — реніш. 
Ат жақсысы — шанада,
Жігіт жақсысы — саудада.
Сатарын мақтайды,
Аларын даттайды.
Бидайды көрсетіп, арпаны сатты.
Ақырған аюдың ала тонын сатпа.
Қара итін де қара ешкісінің бағасымен сатады.
Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.
Сауда садақпен тең, иілсе тез түзей алмайсың.
Диханшылық түбі кеңіс,
Саудагерлік түбі борыш.
Сауда досқа қарамас.
Сауданың түбі борыш,
Шаруаның түбі кеңіс.
Кімде кім күлімсірей алмайтын болса,
Ол адам сауда-саттықпен айналыспауы тиіс.
Базар бар да малың сат,
Базар білмес, бақ білер.
Молда арбап алады,
Сәудегер алдап алады.
Саудада достық жоқ.
Әкімің әділ болмаса
Жұрт бұзылады;
Саудаң әділ болмаса
Нарық бұзылады.
Саудагер құнықса,
Сақалын күзеп сатар.
Сатушыны алушы ұтады.
Сәудегер бөзін мақтайды,
Үйші тезін мақтайды.