Көңіл туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Көңіл" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Көңіл" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Көңіл" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Көңіл" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 94
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 791
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 70
Туындылар: 1
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 2

Көңілім келсе – көлдеймін,
Көңілім келмесе – шөлдеймін.
Көзің барда көргенің –
Көңіліңе тергенің.
Көзден кетсе, көңілден кетеді.
Көзі сынық инемен
Көйлек тіге алмайсың.
Көңілі сынық құрбымен,
Ойнап-күле алмайсың.
Көңіл жетсе, бәрі жетер.
Сырқат пен семіру — көңілден.
Ер не көрмейді,
Ер көңіл не бермейді.
Көңілсіз басталған іс
Көпке бармайды.
Жүрек сүю үшін жаралған,
Көңіл түю үшін жаралған.
Оқып сөйлеме,
Көңіліңе тоқып сөйле!
Көңіл кірі айтса кетер,
Көйлек кірі жуса кетер.
Көз көрмей, көңіл сенбейді.
Көңілден қайыр,
Көзден мейір.
Көңілсізден күлкі шықпас.
Қалған көңіл — шыққан жан.
Адамның көңілі
Бір атым насыбайдан қалады.
Көз көргенді көңіл тілейді.
Көзі соқырға жолдас болсаң да,
Көңілі соқырға жолдас болма.
Төсектің тарлығы — тарлық,
Көңілдің тарлығы — қорлық.
Көңілің тартпаған іске қол ұрма.
Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.
Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.
Көңілдегі құпияңды —
Көзің айтып қояды,
Көп сөйлеген күпілдеп —
Сөзің айтып қояды.
Тіл — көңілдің кілті.
Көз — нұрдың ұясы,
Көңіл — сырдың ұясы,
Сезім — жырдың ұясы.