Ізгілік туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ізгілік" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ізгілік" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ізгілік" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ізгілік" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 41
Өлеңдер: 16
Нақыл сөздер: 15
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 2
Эсселер: 2

Біреуге деп көр қазба,
Өзің түсерсің.
Барамын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.
Өзінің түйедей мінін көрмей,
Біреудің түймедей мінін көрер.
Өзім білем өрге апармас.
Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.
Көзіне қарама, сөзіне қара.
Қолы жетпеген кәріп.
Басқа түссе, баспақшыл.
Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.
Ымды білмеген, дымды білмейді.
Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.
Жақсы көрер тамырдың,
Атын алма, тайын ал.
Жартыны жарып жеген
Татулықтың белгісі.
Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса төр көрінеді.
Көңіл - қазы, көз - таразы.
Өзі зордың иығы да зор.
Кең пейілді кем болмас.
Соймасымды соямын,
Сүйгенімнің көңілі үшін.
Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас.
Жолдасыңның жоғын қарас:
Табылса жоғына жақсы,
Табылмаса көңіліне жақсы.
Екі жасты қосқанның сауабы бар,
Дос арасын ашқанның обалы бар.
Адалдық — ардың ісі.
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.