Бар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 10
Өлеңдер: 15
Әңгімелер: 2
Шығармалар: 1

Бар – бақыр,Жоқ – алтын.Бар болса, мыстай қадырсыз; жоқ болса, алтындай қастерлі болады. Бұл мақал туған-туысқандарының арасында беймəлім жүрген..
©  Түркі халықтары
Барыңда батып іш,
Жоғыңда сатып іш.
Бар елің базар, жоқты қайдан қазар.
Бар қарындас батуда болмасын,
Жоқ қарындас жолда тұрмасын.
Бардың ісі пәрменменен,
Жоқтың ісі дәрменмен.
Бар болып, жоқтық ісін қылма,
Жоқ болып, бардың ісін қылма.
Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.
Жоқтан бары артық.
Барым әзір, жоғым жай.
Барамын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.