Тұз туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 23
Жұмбақтар: 14
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 11
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 4
Аңыздар: 1

Жиренше шешен (ІV нұсқа)
Бір күн Жиренше шешен жолаушы келе жатып, бір ауылдың тұсына келсе, ауыл мен екі арада өзен су бар екен. Оның өткелі қай жерде екенін біле алмай..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Маза жоқ майыңда да тұз болмаса
Маза жоқ майыңда да, тұз болмаса,Көркеймес көңілің ұл мен қыз болмаса.Алысқа, арып-ашпай, бара алмайсың,Көнеден келе жатқан із болмаса.Болмайды..
©  Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
Астың тұздығы — аштық.
©  Сократ
Тұз күмбездері
ТөсіңдіКім теспеді,Кім кезбеді,Аш бөрідей жортумен бір кездері.Атырауым, көп сырды бүгіп қапсың,Тосқауыл боп қалың түз күмбездері.Ал, ұлдарың таниды..
©  Айтуар Өтегенов
Тұзсыз етте шіриді,Жұмыссыз ер де жүнжиді.
Мұз мұзға ұқсас,Тұз тұзға ұқсас,Мұз да, тұз да ұқсас.
Мұзға мұз ұқсас,Тұз – тұзға ұқсас,Мұз да, тұз да ұқсас.
Түйе мойнын тұз кесер
Түйе мойнын тұз кесер,
Жігіт мойнын қыз кесер,
Сартылдаған сары аяз,
Жылқының мойнын мұз кесер.
Бұлан да бұлан, бұлан сан,
Бұланның санын оқ..
©  Ақтамберді жырау
Судан шығады,
Судан қорқады.

Жауабы: Тұз
Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн.

Жауабы: Тұз
Сусыз өмір - тұзсыз аспен тең.
Келтірсе тамақтың тұз дәмін қалай,
Келтірер сөздің әзіл сәнін солай.
Май сасыса тұз бар,
Тұз сасыса не бар?
Астың тұзын татқан біледі.
Тамақ табағымен емес, тұзымен дәмді.
Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.
Тұзын татсаң,
Тұз салғышты сындырма.
Тұзы көп те емес,
Жоқ та емес.
Тұзсыз нан – күшсіз.
Еңбегі ештің, тұзы сор.
Тату болсаң балдай бол,
Ащы болсаң тұздай бол.
Ұятсыз қатын тұзсыз ас секілді.
Жоққа тұз да қат.
Әуелгі үш әріп —
Дәмге нәр тілді үйірген,
Кейінгі қос әріп —
Мақтаның түсі үйілген.
Қосылса бес әріп —
Темір жіп созып иірген.

жауабы
Тұз ..
Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.

жауабы
Мұз - Тұз