Тұз туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 22
Жұмбақтар: 14
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 11
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 4
Аңыздар: 1

Жеке өзiн жей алмайсың,Онсыз асты да аузыңа салмайсың.(Тұз)
©  Ескен Елубаев
Судан алады, Суға салса өледі. 3 әріп тауып беріңіздерші өтініш.
Судан шығады,
Судан қорқады.

Жауабы: Тұз
Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн.

Жауабы: Тұз
Әуелгі үш әріп —
Дәмге нәр тілді үйірген,
Кейінгі қос әріп —
Мақтаның түсі үйілген.
Қосылса бес әріп —
Темір жіп созып иірген.

жауабы
Тұз ..
Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.

жауабы
Мұз - Тұз
Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ таппайсың.
Бір нәрсе өзі нәзік керек еді,
Қолынан жерде жатса не келеді.
Дариға ағып жатқан салса тастан,
Сонымен даражаға тең келеді.
Судан шығар жарқырап масаттанып,
Тіл шықса дүниені қылар жарық.
Қайтадан суға түсе ғайып болар,
Адамзат керек қылар рахаттанып.
Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел, елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес.
Көлікпен түздің,
Ащы тас сүздім.
Өзі ащы, бірақ,
Дәмді етер асты.
Судан алады,
Суға салса өледі.
Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты.