М әрпі туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 1
Жаңылтпаштар: 18

«М»Мұрат, мына машинаға мiн,Мынау мотоциклге мiнгескенiң мiн.
©  Ескен Елубаев
Маса жүрді ызылдап,Маса қаны бұзылды-ақ...Бір уақта шекесіҚоя берді дызылдап.
Моншақты тақты оншақты,Оншақты болды моншақты.
Мұртынан күлуге жөн бе екен,Сыртынан күлген жөн бе екен?Сыртынан күлген өзге тең!Мұртынан күлген оңды екен!
Масаны шыбын шақты,Маса масаға мұңын шақты.Құлыншақты да шыбын шақты,Құлыншақ бұрын шапты.
Менің нем кем деп ең,Бер үйді ең кең деген.Бер үйді ең кең деген,Менің нем кем деп ең?!
— Мың мінБойында кімнің?— Жалқаудың бойындаМін мың!
Мыңның мұңы —Мұңның мұңы.Мұңы мыңның—Мұңы мұңның.
МазасызЖазасыз,АмалсызАзасыз.ЖазасызМазасыз,АзасызАмалсыз.
Маймылдың тісі тіс-ақ,Түсі түс-ақ.Істеген ісі іс-ақКісі құсап.Бірақ ұсақ,Ұсағы ұсақ!
Мынау арал қай арал?Қайың менен тал арал,Талға қарға ұялар.
Мына сайда отырған бай БағланбайБұл қай бай Бағланбай?Бұл қай бай Бағланбай?
Маған сенсең, көк сеңсең көп сеңсең,Өзгелер сенбесе сенбесiн, маған сен сен.
Маған аға:«Шықшы,– деді,– бағанаға».Маған аға:«Шықшы,– деді,– далаға да!»
Мынау тұрған неменелер?Неменелер дегенің шөмелелер.Төбедегілер де шөмелелер.
Мұзға мұз ұқсас,Тұз – тұзға ұқсас,Мұз да, тұз да ұқсас.
Малға,Шөп керек,Шөп көп керек,Көк шөп керек.
– Мынау балқаймақ қай балқаймақ?– Бұл балқаймақ – май балқаймақ.