Ата туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ата" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ата" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ата" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ата" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 104
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 47
Өлеңдер: 165
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 25
Құттықтау, тілектер: 36
Баталар: 1
Әңгімелер: 46
Ертегілер: 4
Поэмалар: 3
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 7
Аңыздар: 6
Эсселер: 1

Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Ата өлсе де атаны көрген өлмесін.
Атасын құрметтеп тұрған баланың тілеген тілегі қабыл болады.
Аталы баланың аузы ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.
Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.
Атасын сыйлаған абыройға бөленер.
Атасы мылтық атқанның баласы оқ жонар.
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ата – баланың қорғаны.
Атаға баланың алалығы жоқ.
Аталы сөзге арсыз таласады.
Алпыстағы атаңды жыққанша,
Алтыдағы атанды жық.
Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.
Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.
Атаға қыз қонақ.
Балықта бата жоқ,
Итте ата жоқ.
Балаға —
Ата қорған, ана құрбан.
Сән берем, әркімге, көңілге,
Ұқсаймын көктемгі өңірге.
Әріпті бастапқы сызса егер.
Жөн сілтер ұстазбын өмірге.

жауабы
Мата - Ата
Арзымасқа алдырма,
Аяғыңнан шалдырма.
Арзымасқа алдырып,
Аяғыңнан шалдырып,
Атаңды ұятқа қалдырма.
Алыссаң — атаң болса да жық,
Аясаң, көтеріп жібер.
Ашылмаған ұра жоқ,
Атадан қалған мұра жоқ.
Тұңғиықты қара су,
Түйе бойлап шыға алмас.
Кім атадан кем туса,
Оның сөзін пұл алмас.
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш,
Ұсынған мойынды кісі кеспес.
Ата - асқар тау,
Ана - бауырыдағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.