Қазақ әдебиеті | Әл – фараби туралы мектеп оқушыларында көзқарас қалыптастыру

 Қазақ әдебиеті | Әл – фараби туралы мектеп оқушыларында көзқарас қалыптастыру

Мазмұны

КІРІСПЕ

І – ТАРАУ. ӘЛ – ФАРАБИДІҢ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИДЕЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ .

ІІ – ТАРАУ . ӘЛ – ФАРАБИДІҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ.
2.1. Әль – Фарабидің гуманистік көзқарастары .

ІІІ – ТАРАУ . ӘЛ – ФАРАБИ ТУРАЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА КӨЗҚАРАС ҚАЛЫПТАСТЫРУ .

ҚОРЫТЫНДЫ .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Әл – Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған . Ол данышпан философ, энциклопедист – ғалым , әдебиетші – ақын , математик . Әл – Фараби 870 ж. Арыс өзенің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында дүниеге келген, Ол ең алғаш білімді қыпшақ тілінде Отырар қаласында алған , өсе келе сол замандағы ғылым мен мәдениет орталығы атанған Бағдад , Дамаск , Каир т.б. қалаларда білім алады. Өзінің түркі тілімен қатар араб , араб , латын , санскрип тілдерін жетік білген .
Әл – Фарабидің ғұлама ғалым ретінде зерттеу жүргізбеген , ат салыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады . Сондықтан Әл – Фарабиді отандық және шет елдік шығыстанушы зерттеушілер таяу және Орта шығыстың ең алғашқы әлеуметтік саяси ғылымының негізін қалаушы ретінде таниды . Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау , ғылым мұраларын мұқият өте үлкен маңызды жұмыс . Сондықтан дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келеді. Таяу және Орта шығыс елдерінде кітап басып шығарудың басталуымен шығыс халықтарының тарихын , әдебиет , философия , философиялық шығармаларын , мәдениеті мен ескерткіштерінің қолжазбаларын басып шығару үшін көп жағдай жасалды . ХХ ғасырдан бастап бұрыңғы өткен ойшылдарымен оқымыстылардың шығармаларымен бірге Әбунасыр Әл – Фарабидінде трактаттары басылып шыға бастады . Ең алғаш 1905 жылы белгісіз каирлік кітап шығарушы Фарабидің ең үлкен және негізгі « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаты » деген еңбегін басып шығарды . Кітаптың алғы сөзінде ескі әдебиеттерге сүйеніп берілген Фарабидің өмірі мен ғылым еңбектері туралы бірқатар мәліметтер берілді .
1907 жылы Каирде Фараби трактаттарының философиялық жинағы / Мажмуат фалсафа ли ибн Наф аль – Фараби / 8 шағын философиялық шығармаларынан тұратын еңбегі басылып шықты . Каирде 1909 , 1910 , 1916 , 1926 , 1948 жылдарда Фараби еңбектерін басып шығарды .
Фараби мұраларын зерттеуде дүние жүзінің көптеген оқымыстылары еңбек етті . Олардың ішінде араб – парсы тілдерінде жазған ибн әлнадим
/ 995 / , Әл – Байхоки / 1169 / , Ибн - әл Венике / 1484 / , Кам Сартон / 1927 / , түрік тілнде А. Сайылы мен П. Үлкен / 1950 / жазған .
Елімізде , шығыстану ғылымында фарабитанушы зерттеу 1924 жылы атақты әдебиетші А. Саадиден басталған . С. Н. Григорян / 1958 / еңбектерінде : / VII – XVI ғ. Орта Азия мен Иран философиясының тарихынан » , « Таяу және Орта шығыс халықтарының ортағасырлық философиясы » / Фарабидің әлеуметтік – саяси көзқарасы қаралған . М. М. Хайруллаев өзбек тілінде / 1963 / жазған өзінің « Фарабидің Философия тарихындағы көзқарасымен оның маңызы » және « Фараби :дәуірмен
уақыт » атты еңбектерінде оны өз дәуіріндегі ұлы гуманист деп бағалайды .
Ал қазақстандық философтар А. Х. Қасымжанов және С. К. Сатыбекова өздерінің еңбектерінде Әл – Фараби гуманист , ұлы ағартушы , ойшыл деп суреттейді . Шетелдік зерттеушілерден Әл – Фарабидің жалпы философиялық шығармаларына арналған И. Мадкура , Р. Вальцер , А. Эхаванидің еңбектері жатады . Неміс ғалымы Г. Леидің зерттеулерінде Фарабидің саяси - әәлеуметтік көзқарастары қысқаша талдау жасаған . Ал тәжік ғалымы Фарабитанушы А. Д. Жахиддің еңбектерінде мемлекеттің теориясы Фарабидің толығымен ашылған .
Атақты шығыстанушы – зерттеушілер И. Гольлцмер , М. Штайншипайдер , Дж. Сартон , Карра де Во , Н. Штайнер , Ф. Диетерицин , А. Мец , А. Массэ , А. О. Лери , Дж . Хоурони және де басқа ғылымдар Араб халифатының идеялық өмірі туралы , ондаған ой еркіндігі мен гуманизм туралы өз еңбектерінде көп жазған .
Кейінгі жылдарда , аз уақыт ішінде елімізде Фарабидің өмірімен өнерін халыққа таныстыру , насихаттау жөнінде едәуір істер істеліп жатыр . Сөйтіп , бүкіл Батыспен , шығысқа мәшһур , ғалымдар атасы Әбунасыр Фараби араға мың жылды салып барып , өзінің туған отаны – Қазақстанға қайта оралды . Мұның өзі осы заманда білім биігіне көтерілген қазақ халқының мәдени өсуінің , санасы артуының , өзін - өзі танудың бір жарқын белгісі іспетті .
Қазақстанда Фараби еңбектерін ең алғаш рет жинау , зерттеу , таныстыру жұмысын өз тарапынан мойнына алып , көп пайдалы іс атқарған адам – Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының коореспондент – мүшесі , профессор Ақжан Жақсыбекұлы Машанов . Оның Фараби өмірі тарихи орны туралы мақалалары газет , журналдарда жарияланды , жинақтарда шықты . Фарабидің ғылыми мұралары жөнінде ол әлденеше рет республика , бұрыңғы одақтық көлемде , халықаралық конгрестерде баяндама жасады . Фараби еңбегін алғаш рет қазақ тіліне аударғаны да мәлім. Фарабидің жер жүзі елдерінің кітапханаларында шашырап жатқан еңбектерін іздестіріп тауып , бірталайының көшірмесін алдырғанда профессор А. Машанов , ал 1968 жылы араб елдеріне саяхат жасап , араб ғалымдарымен кездесіп , Фарабидің Шам / Дамаск / шаһарындағы зиратын іздеп тауып , суретін түсіріп әкелді .
Фарабитану мәселесі бізде жаңадан қолға алынып отырған мәселелердің ең ауыры және құрметтісі . Ауыр дейтініміз , Фараби еңбектері әлі толығымен зерттеліп , қазақ тіліне аударылып болмаған . Құрметті дейтініміз , Әбунасыр Әл – Фараби қазақ жерінен шыққан , аты әлемге тараған , шығыстың Аристотелі . Оның еңбектерін толығымен зерттеп , өз ана тілімізге аударып , халыққа таныту , ғылымда пайдалану құрметті жұмыс . Сондықтан Фараби жайлы алдағы уақытта да тың зерттеулер жүргізіліп , бұл саладағы ғылым жүйесіне көп жаңалықтар қосылады деп сенеміз .



І – ТАРАУ. ӘЛ – ФАРАБИДІҢ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИДЕЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ .

Орта Азияның Араб халифатының құрамына кіруі оның әлеуметтік – экономикалық және мәдени өмірінде үлкен өзгерістер жасады . Орта Азия әсіресе таяу және Қиыр шығыс мемлекеттерінің арасындағы сауда – саттық қатынаста үлкен роль атқарды .
ІХ – ХІІ ғ.ғ. Отырар қаласы өзінің гүлдену дәуірінің шыңына жеткен қала болды . Отырар Саманидтер мемлекеті мен түркі тілдес тайпалардың шекарасында орналасқан еді . Өндіріс пен мәдениеттің өркендеуі бұл ауданда қала мен дала арасындағы сауданың дамуына жағдай жасады , бұл қала мен оның шаруашылықтарының оданда күшті дамуына көмегін тигізді . Халифат әр түрлі бөлек феодальдық мемлекеттерге ыдырай бастады . Бұл мемлекеттер Орта Азия , Иран , Сотүстік Африка , Испания жерлерінде құрылды . Мәдениеттің даму процестері осы жаңадан құрылған мемлекеттерде тағы да жүздеген жылдар бойы дами түсті .
VII ғ. екінші жартысы мен ІХ ғ. бірінші жартысында азаматтық , рухани білімдер / ғылымдар / қарқынды дамыды. ІХ ғ. өзінде табиғи білімнің / ғылымның / дамуы күшейді . Үнді , Сирия , Грек тілдерінен медицина , астрономия , логика , психология және басқа да ғылымдар туралы еңбектер көптеп аударыла бастады . Бұған халифтердің өздері көп жағдай жасады : Мажур / 754 – 776 / , Харон ар – Рашид / 786 – 809 / , Мамун / 813 – 833 /
Осы аудармашылық жұмыстың арқасында ежелгі грек авторларының көптеген еңбектері белгілі болды . Платон / « заңдары » / , « Гиней » / , Аристотельдің / « Саясат » , « Категория » , « Этика » / Гипократтың / « Острые болзни » / , Гоменнің / « Ренесло » / Пталомейдің / « Великое построения » / , Архимедтің / « Соприкасающиеся окружности » / .
Халиф Машунның билік ету тұсында « Ақылдылар үйі » / Байт ал – Хикма / өзінің гүлдену кезеңінде еді . Бұл ұй негізінен Харон ар – Рашид халифтың тұсында құрылған үлкен кітапхана қоры бар , астрономиялық обсерваториясы бар өзіндік ғылыми академия еді .
Әл – Фарабидің өмірі мен философиялық , ағартушылық қызметі шаруалардың феодалдарға қарсы қозғалыстарымен бірге суреттейді . Жаулап алынған территориялар халық қозғалысшыларының орталығы болды . Закавказье , Иран , Орта Азия және Оңтүстік Қазақстанда наразылық патриоттық сезімнің күшеюімен қатар жүрді . Қарсылықтың ең үлкені және ұзақ жүргені қармат қозғалысы барматтар сесбасының құрамына кіргендер еді . Қарматтар өздерінің діни – философиялық көзқарасында ақыл мен білімге көп жүгінді , сондықтан , оқымысты , мәдениетті адамдардың қолдауына ие болған .
Феодализмге қарсы халық қозғалычстары , мұсылман діни басшыларының алдыңғы қатарлы ойшылдарға қатынасы мен көзқарасы мәдениеттің дамуын тоқтата алмайды . Керіссінше ІХ – Х ғ.ғ. философиялық және табиғи ғылымға деген қызығушылық арта түсті , исламмен қайшылық күшейді . Міне , осы жағдайлар негізінен ал – Фарабидің идеялық көзқарасын қалыптастырды .
Әртүрлі оппозициялық секталарға қарсы күрестің қажеттілігімен және исламдық білімнің негізін қорғау мақсатымен мұсылмандық занатикалылық ілім калам құрылды .
Калам « улум ал – ислам » құрамына кірді , бұл дегеніміз « ислам туралы ғылымның » жалпы уақыты келе мұсылман идеологиялық құрыллысының ажырамас бір бөлімі болды.
Ортағасырлық араб тілді ғылыммен философияның дамуына халифат халқының әртүрлі өкілдері белсене қатысты . Өз заманының атақты оқымыстысының бірі , ортағасырлық математика ілімінің негізін салушы Мұхаммед Ибн – Мұса аль – Хорезми / 783 – 850 ж./ болды , оның есімімен « алгоритм » және « алгебра » терминдері және « Астрономиялық ережелер » , « Тригонометриялық ережелер » атты еңбектер байланысты .
Хорезмидің жақын қызметкері ІХғ. – көрнекті астрономы Мұхаммед ал – Ферғани болды , ол да Орта Азияның азаматы еді . Оның « Астрономия кілттері » атты еңбегі астрономия ілімінің дамуында үлкен роль атқарды .
Философиялық ойлардың дамуындағы негізгі кезең болып көрнекті философ , жаңа бағыттың бастаушысы шығыстық аристотемизмдегі - Абу – Юсуф ибн исках аль Кинди / 800 – 819 / болды . Мұсылман авторларының мәліметтері бойынша ол білімнің әртүрлі саласына арналған 150 – дей еңбек жазған . Кинди философияның мәселелеріне байланысты көптеген трактаттар қалдырған . Кинди гректің философиялық ойларына үлкен құрметпен қарады , әсіресе ол Аристотельдің философиясын насихаттауға , түсіндіруге , оқытуға ерекше ықылас қойды . Оның негізгі ізбасары Абу – Насыр әл – Фараби болды .
Аристотельдің атағы ортағасырлық шығыста өте күшті болды , оған жалған шығармалар таңылып отырды . Аристотель Еңбектерінен және білімнің идеялық ойын түсінбей , оқымай ғылыммен айналысу мүмкін еді.
Міне осылайша , шығыстың Аристотель ілімін дамытушы , белгілі шығыс философы Әл – Фараби « шығыс Аристотелі » аранды .
Фараби өте бай творчестволық мұра қалдырды . Кейбір оқымыстылардың мәліметтеріне қарағанда Фараби еңбектерінің саны 80 мен 130 аралығында болып есептеледі : Фараби шығармаларын негізінен екі топқа бөлуге болады .
І . Ежелгі грек философтарының мұраларын таратуға , оқытуға арналған еңбектері ,трактаттары .
ІІ . Ортағасырлық ғылым мен философия мәселелері туралы дербес трактаттары .
Фараби Аристотельдің барлық логикалық трактаттарына түсіндірме шолу жасады / « Бірінші аналитика », « Екінші аналитика » , « Категория » ,
« Этикасына » , « Риторика » / .
Абунасыр әл – Фараби шығармаларын мазмұны бойынша төмендегідей трактаттарға бөлуге болады.
І . Жалпы философиялық мәселелерге арналған трактаттар , яғни , тұрмыстың негізгі заңдары мен категорияларына арналған талдаулар . Оған :
« Субстанция туралы сөз » , « Сұрақтың мәні » , « Заңдар туралы кітап » атты шығармалары жатады .
ІІ . Адамның танымдық / қасиеттері / қызметінің философиялық аспектісіне тракататтары , танымның әдіс , форма , сатылары туралы . Оған « Ақыл – ойдың мәні туралы » , « Жастардың ақыл – ойы туралы кітап » , « Логика туралы қысқартылған үлкен кітапс » , « Логика туралы қысқартылған кіші кітап » , « Пәннің мәні туралы трактат атты шығармалары кіреді .
ІІІ . Философияның және әртүрлі нақты ғалымдардың тематикасы , мазмұны және пәні туралы трактаттар оған :
« Философияның мәні туралы кітап » , « Ғалымдар классифификациясын анықтау туралы кітап » . « Философияны оқып үйренгенге дейінгі нені білу керек жөніндегі кітап » атты шығармалары жатады .
ІV . Математика ғылымы бойынша еңбектер , яғни материяның сандық және кеңістіктік қатынастарын оқып , үйренуге арналған трактаттар . Олар :
« Көлемі мен саны туралы кітап » , « Кеңістік геометриясына кіріспе
кітабы » , музыка жайлы үлкен кітап ».
V . Адам организмі мен жануарлардың неорганикалық табиғатының құрылымы , материяның құрылымы мен түрлері жайындағы трактаттар :
« Вакуум туралы » , « Физиканың негізгі туралы » , « Жануарлар органы туралы » , « Адам органы туралы » .
VІ . Лингвистика , Этика , Риторика , Каллиграфия туралы шығармалары :
« Хат өнері жайлы кітап » , « Өлең мен риторика жайлы кітап » , « Калиграфия жайлы кітап » .
VІІ . Қоғамдық – саяси өмірге , әлеуметтік құрылыстың ерекшеліктеріне , мемлекеттік басқару мәселелеріне , адамгершілік және оның категориялары , тәрбие мәселесіне , саясат , этика , педагогика , юриспруденция басқа да қоғамдық ғылымдарға арналған трактаттар . « Азаматтық саясат », « Бақытқа жету туралы трактат » , « Соғыс пен бейбіт өмір туралы кітап » , « Қоғамды оқып үйрену туралы кітап » , Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат ».
Кейбір мәселелерді түсінуге Фараби өз дәуірінен асып түсті , әйтсе де ол ортағасырлық фанатизмнен , феодалдық деспотизмнің ықпалынан арыла алмады . Бірақ , оның бұл кемшіліктері қателік емес , қайта оның ойшыл екендігін көрсетіп , әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі . В.И. Ленин атап көрсеткендей : « Оның тарихи сіңірген еңбегі сонда , өзінің алдындағы ізашарлармен салыстырғанда жаңа құнды міндеттер берді .
Өктемдікті айыптаудағы Фарабидің сіңірген тани отырып , тарихи жағдайларға байланысты шектеулігін көреміз . Ол қоғамдық құрылыстағы
« адамгершілік қасиеттерді » айыптады , бірақ оның неден туындайтындығын , түпкі себебін түсінбеді . Жоғары адамгершілік идея үшін күресуде ол бұл үшін ең бірінші әлеметтік – экономикалық база құру қажеттігін түсінбеді .
Сонымен бірге Фараби жеке әлеуметтік топтардың арасындағы күрес туралы , « байлар мен кедейлер » арасындағы айырмашылық туралы , адамды адамның қанауы мен әлеуметтік әділетсіздік туралы айтқаны мен , ол мемлекеттік құрылыспен қоғамдық саяси өмірдің дамуының себептерін түсінуден аулақ тұрды . Оның адамдардың адамгершілік және қоғамдық өмірі жайлы пікірімен адам қоғамының дамуы туралы пікірі көп жағдайларды абстрактылы түрде шектеулі болды . Фараби « идеялық » қаланың утопиялық сипатын жақын арада болады деп есептеді .
Бірақ Фарабидің әлеуметтік - этикалық қоғамдық философиялық көзқарас жүйесінде жаңа бағытқа жол ашты .
Фараби қоғам мен мемлекет туралы діни – теологиялық ілімнен бас тартты , қоғам мен мемлекеттің ішкі заңдылықтарына сәйкес пайда болуы туралы теорияны ұсынды .
Фараби қоғамның дамуын бағыттайтын басты күш адамның ақыл – ой мен көрегендігі деп түсіндірді .Құдайдың қоғамдық өмірге кедергі жасауын ол адамның белсенділігімен , білімге , бақытқа ұмтылуымен алмастырды . Ойшылдың теориясында құдайдың еркі орнына адамның еркі , « ол дүниедегі » бақыттың орнына бұл өмірдегі шын бақытты ұсынды . Орта Азия , Индия , Иран және басқа шығыс халықтарының философия - әлеуметтік ойларының жетістіктерін жалпылай отырып ежелгі грециялық философиялық қоғам туралы ілімнің барлық мәселелерін қамтитын бірыңғай жүйесін жасады .
Фараби ұлы гуманист болды . Ол соғыссыз қайырымдылықсыз , қанаусыз , жалпыға бірдей бақытты болашақты армандады . Әділеттіліктің , теңдіктің , достықтың өзара көмектің , өзара құрметтіліктің , жоғары мәдениетті қоғамның жерде орнауын армандады .
Адамды жетіле түсуге , бақытқа , молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби әділеттілікті халықтар достығын насихаттауды , мәдениетті , ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеяларды оның өз заманындағы шығыс елдерінің әрі дүние жүзі халықтарының көкейкесті проблемаларымен үндесіп жатады . Сондықтан оның энциклопедиялық мол мұрасы біздің қазіргі 20 ғасырдың аяғындағы әлеуметтік өмір мен мәдениеттің ішіне ұласып кетеді . Фарабидің : « Бақытқа жету жолында барлық халық бір – біріне көмектесетін болса , жер беті түгелімен берекеге толады » - деген сөзі тап бүгінде өте актуалды .
Ол адамның іс - әрекетінде интелекттің / зиялылықтың / ролі аса зор деп бағалады . « Олардың ақыл – ойы халықтар арасыдағы ұрыс – жанжалдардың пайдасыздығын ұғуға жетеді . Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке жету жолында , / демек бақытқа жету жолында / бір – бірімен келісімге келуі керек » , өйткені ненің жаман , ненің жақсы екенін тек қана адамның ақыл – ойы шешеді » дейді . Гуманизмді , халықтар достығын насихаттап , адамның өзін , оның ақыл – ойын , қабілет пен жігерін өте жоғары қояды , адамның шынайы бақытын тілейді , оларды тынымсыз іздену , оқу – үйрену арқылы өзін - өзі жетілдіруге шақырады . Тек адамның мінез – құлқына байланысты ғана одан жаман немесе жақсы қылық шығады » , - дейді .
Өзінің көптеген шығармаларында Фараби білімдердің типологиясы туралы мәселеге белгілі бір жәйттерді талдау үстінде ішінара қана тоқталады . Өйткені бір мәселе жөніндегі ол « Ғылымды классификациялау және анықтау туралы кітап туралы кітап » / сөз / , / Китофи ихсо әл улум ва ат – таприб » яғни қысқаша « ЧХСО әл – улум » деп аталатын арнаулы еңбек берді . Еңбек 5 үлкен бөлімнен тұрады . Онда Фараби орта ғасырдағы білімнің классификациясын беріп қана қоймайды , сонымен бірге барлық ғылым саласын сипаттап соларды жан – жақты талдап берді . Мамандардың пікірінше бір трактат аса үздік еңбек , оның құндылығы ғылымдарға жасаған талдаулы өзінен бұрыңғылардан мүлде өзгешелігінде және оған мүлде жаңа тұрғыдан қарайтындығына ғана емес , ғылыми пролблемаларды қамту дәрежесі мен оларды талдаудағы тереңдігі жағынан « Чхсо - әл – улум » сол замандағы теңдесі жоқ жеке – дара озық тұрған бірден - бір терең мағыналы түсіндірілген әлгі ғылымдардың мазмұнымен біте қайнап астасып жатқан еңбек . Сондықтан ғылымның бұл еңбегін орта ғасырдың бейне бір энциклопедиясы іспеттес .
Кіріспе бөлімінде Фараби бұл трактаттың мақсаты ғылымдарды тетелестіре тізіп атап шығу ғана емес , солардың мен тарауларының мазмұнына терең жеке- жеке талдау салыстырып , олардың қайсысы дәлелді , қайсысы пайдалы екенін ажыратуға мүмкіндік алатын болсын дегенді көздейді . Ғылымды білмей тұрып , өзін ғалым етіп көрсеткісі келетін , білгішситін дүмшелерді әшкерелейді . Ондайлардың ғылымға деген көзқарасы терең білімге зерек ақыл – ойына сүйенбей , надандығын , көрсоқырлығына ғана сүйенеді . « Осы кітаптың көмегімен жұрт ғылымдарды өзара салысытырып , олардың қайсысы құнды , қайсысы пайдалы , жетілгені , сенімдісі , күштісі қайсы , әлсіздеуі , мәні кемдеуі қайсы дегенді біле алады » дейді .
Фараби ғылымдарды былай классификациялайды :
1 – бөлім . Тіл туралы ғылым . Ихсо - әл – улум осыдан басталады . Оның 7 үлкен тарауы , бөлігі бар .
2 – бөлім . Логика . Фараби логиканы ойлаудың заңдары мен ережелерін зерттейтін теориялық пәндердің бірі деп есептейді . Оның ғылымның бір саласы деп сипаттап нағыз өнер деп түсінеді . Ол логиканың барлық бөлімдері мен бөлшектеріне талдау жасайды , логикалық ойды жеткізудің әр алуан жолдарын қарастырады , пәннің толық сипатын береді , логиканың міндеті мен құрылымын көрсетеді .
3 – бөлім . Математика заттың сандық , кеңістік қатынастарын зерттейтін математиканы өз алдына дербес 7 үлкен бөлімге бөледі . І . Арифметика; 2 . Геометрия ; 3 . Оптика ; 4 . Жұлдыздар туралы ғылым ; 5 . Музыка туралы ; 6 . Салмақ туралы ғылым ; 7 . Механика .
4 – бөлім .Табиғи және құдайы ғылымдар ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 913



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді