Психология | Х. Досмұхамедұлының психологиялық көзқарасы

 Психология | Х. Досмұхамедұлының психологиялық көзқарасы

Мазмұны

КІРІСПЕ
I. БІРІНШІ ТАРАУ.
1.1. Х. Досмұхамедұлының өмір жолы мен шығармашылығының
басты кезеңдері.................................................................................... 5
1.2. «Аламандық» мәселесінің психалогиялық мәні..............................14
1.3. Халықтың ауыз әдебиеті (фольклор) - ұлт психоалогиясының айнасы.................................................................................................. 18
1.4. Ұлт тілін қалыптастырушы............................................................... 26
1.5. Психалогия мен физиологияның ұғымдарын жасаушы................. 36
II. ЕКІНШІ ТАРАУ.
2.1. Х. Досмұхамедұлының «Адамның тән тірлігі» кітаптарына контент- анализ әдісі арқылы талдау жүргізу ..................................40
2.2. Зерттеу әдістемесіне жалпы сипаттама............................................. 41
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................... 45
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................... 48
ҚОСЫМША............................................................................ 51

Кіріспе
Егеменді қазақ мемлекетінің қалыптасуы өте күрделі тарихи кезеңдерде жүріп жатыр. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының әлеуметтік қиыншылықтары аз емес. Соның ішінен жекелеп айтып кетер бір саласы – қазақ халқының қоғамдық – саяси, әлеуметтік мұралары мен өскелең жас ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт - дәстүрімен, ата – баба мұраларынан толық қол үзіп қалмауы елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі даусыз.
Елдің елдігі мен ертеңін ойлап, қам жеген, туған халқының көкірегіне сәуле құюға мақсат еткен қазақтың асыл азаматтарының бірі – көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы ғалым – дәрігер, профессор Х. Досмұхамедұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары мен идеялары бүгінгі ұрпаққа баға жетпес мұра.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілі, республика ғылымы мен денсаулық сақтау ісінің Қазақстан мен Түркістан республикаларында талантты ұйымдастырушысы, кезінде заңсыздықтың құрбаны болып, қуғын-сүргінге ұшыраған, күрделі де тағдыр иесі, халқымыздың алып тұлғасы екендігін қарастыра отырып, Х. Досмұхамедұлының туған тіліне, ұлтына, әдебиетіне, тәлім - тәрбиесіне, ұлттық психологиясына деген көзқарастары бүгінгі тапңда зерттеу қажеттілігін туындатып отыр.
Ғұлама ғалым педагог ретінде Қазақстанда жоғары мектептің қалыптасуы мен дамуы тарихында, оны ұйымдастыруда алатын орнын ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар Х. Досмұхамедұлы қазақ мектептері мен оқу орындарына арналған бірнеше қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Атап айтқанда, I және II сатыдағы мектептерге арналған «Өлі табиғат» (1922ж), «Зоология» 1-бөлім, омыртқалылар, 2-сатылы мектептерге арналған (1922ж); «Зоология». 2-бөлім (1926) омыртқасыздар (192ж); зоология. 3-бөлім; оқушылдар гигиенасы (1925ж) қазақ тілінде жарық көрді. Осымен орайлас «Анатомия және физиология», «Адамның тән тіршілігі» сияқты оқулықтары жаппай бастап ашылып жатқан қазақ мектептері үшін ауадай қажет кітаптар еді. Сондықтан да бұл оқулықтар 1922-1928 жылдар аралығында бірнеше рет басылды. Х. Досмұхамедұлы қаламынан туған оқулықтардың өне бойындағы ұтымды қолданыстар, тың балама сөздер ұлттық ғылым тілін, ұлттық психологияны дамытудың сүрлеуін салуға септескені дау туғызбайды.
Х. Досмұхамедұлының басшылық жасап және тікелей тығыз араласыумен мектеп типтері, мектеп бағдарламалары, ғылыми терминология жасалды, қазақ мектептері үшін бірқатар оқулықтар тәржімаланды.
Санкт-Петербургтағы әскери-медициналық академияда шартты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің авторы, академик И. П. Павловтан дәріс тыңдаған бар болғаны екі – үш қазақ екен. Оның бірі - Х.Досмұхамедұлы, екіншісі – С.Асфендияров.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері:
- Х.Досмұхамедұлының ұлттық психология саласындағы шығармашылығын теориялық тұрғыда жүйелеп, соның негізінде ғыдыми-практикалық нұсқаулар жасау;
- Х.Досмұхамедұлының өмірлік, қоғамдық-қайраткерлік, педагогтік және шығармашылық жолын ашып көрсету;
- Х.Досмұхамедұлының этнопедагогикалық және этнопсихологиялық шығармаларына талдау жасау және оларды бүгінгі күн талабы тұрғысынан негіздеу.
Зерттеудің болжамы:
Х.Досмұхамедұлының ұлттық психологиялық көзқарастары, этнопедагогикалық және этнопсихологиялық идеялары қазақ елінің ұлттық психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасуында жетекші рөл болып табылады. Х.Досмұхамедұлының психологиялық көзқарастары жан-жақты зерттелегн жағдайда бүгінгі және келергі қазақ жастарының санасында «Ұлттық салт-дәстүр», «Ұлттық психология» деген ұғымдар аса мұқияттылықпен орын алар еді.
Зерттеудің объектісі:
Х.Досмұхамедұлының психологиялық көзқарастары;
Зерттеудің пәні:
Х.Досмұхамедұлының этнопсихология ғылымдарына қатысты құнды көзқарастары.
Зерттеу әдістері:
Тарихи тұрғыдан физиология саласында жазылған Х.Досмұхамедұлының шығармаларына баға берумен қатар оған контент-анализ әдістері арқылы талдау.
Тақырыптың жаңалығы: Х. Досмұхамедұлының ұлттық психология жағындағы еңбектері осы күнге дейін толық зерттелген жоқ. Сондықтан біз өз зерттеуімізде мына мәселерді қарастырамыз:
1. Ғұлама ғалымның қазақ елінің салт дәстүр, әдет-ғұрып, тіл, мәдениет, имандылық, адамгершілік, тәлім-тәрбие т.б мәселелерін қазақ этнопсихалогиялық ерекшеліктеріне қарай жақындастыру.
2. Х.Досмұхамедұлының қазақ мектептеріндегі қазақ балаларын оқыту жайлы құнды пікірлері өзекті мәселе ретінде жүйеленеді.
3. Ғалымның физиологиямен психалогия саласындағы қолданған түсініктері, терминдері сарапталып, ол контент – анализ бойынша дәлелденеді.

I. тарау
1.1. Халел Досмұхамедұлының өмір жолы, шығармашылығының басты кезеңдері.
Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов, бір құжатта – Досмұхамедов – Машақов 1983 жылы сәуір айының 24 – і күні дүниеге келген. Бір мәліметте сәуір айының 22 – сі деп жазылған. Алайда біз Халелдің өз қолымен жазылған еңбек кітапшасына сүйеніп, алғашқы мәліметті дұрыстыққа санаймыз [1, 9 б].
Ал туған жері туралы зерттеушілер арасында түрлі пікір бар. Халелдің Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келгені анық. Талас тудырып отырған жай Қызылқоғаның Қарабау деп аталатын жері ме, Тайсойған құмы ма? Ғалым Ахмедов Қарабау жері деген [2, 15 б]. Мереке Құлкенов әуелі Қарабауда дүниеге келген десе, кейінгі еңбегінде Тайсойған құмының Сарқұдық деген жерін атайды [3, 28 б]. Атырау облысына белгілі қарт Шоқан Мырзағалиұлы Қаржауов “Қарабауда емес, Тайсойғанда, Жарыпшыққан өзенінің бойында дүниеге келген дейді ” [4, 19 б]. Ол Халелдің көзін көрген, екеуінің әкелері қатар өскен. Сондықтан оның дерегін басшылыққа аламыз. Бұған қосымша боларлық тағы бір дерек бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіндегі құжатта “Он үшінші ауылда” дүниеге келген деген анықтама келтіріледі. Тергеушілерге берілген дерек Халелдің өз аузынан шыққан. Бұл дерек Шоқан Мырзағалиұлының дерегін нақтылай түседі [5, 65 б].
Халел Досмұхамедұлы Қазақстаннан шыққан дара тұлға. Ата тегін тарқатсақ былай болады: Беріш – Байсейіт – Жайық - Дәулет – Тұмаш - Ерназар – Алдар – Тілеке – Бейнақ – Машақ – Досмұхамед.
Халелдегі мықтылықты генетикалық ерекшеліктен іздесек, Алдар би оның қара қазығы Алдар би-атақты Сырым батырдың ақылшысы, Сырымды тәрбиелеген аға билердің бірі.
Халел сауатын ауыл молдасынан ашқан. Оның бұдан кейінгі білім алуы Ойыл (Көкжар) қаласындағы бір кластық орыс-қырғыз (қазақ) училищесінде, Орал қаласындағы екі класты реалды училищесінде жалғасты. Мұны 1903 жылы бітіріп, сол жылы Санкт – Петербургтегі Императорлық Әскери Медициналық Акдемиясына түскен. 1909 жылы араша айының 17 күні аталмыш жоғарғы оқу орнын үздік белгімен аяқтағаны туралы 262-санды диплом берілген. Академияда оқып жүрген кезінде, дәлірек айтқанда 1907 – 1908 жылдары статс – кеңесші Адиунгтің стипендиясын алған. 1909 жылғы мамыр айының 8-і мен тамыз айының 30-ы күндерінің аралығында Пермь губерниясы Чердын уездік земствосының Морчан учаскесінде дәрігер болып қызмет істейді. Бұл академия бітірер алдындағы өндірістік тәжірибеден өткені, оны өте жақсы атқарғаны туралы жергілікті мекеменің берген анықтама қағазы бар. Халелдің “дәрігер болып тағайындалдым” деген жазуына қарағанда, ол өзінің еңбек жолын осыдан бастап есептеген.
1909 жылғы қараша айының 29-нан 1913 жылғы мамыр айының 5-не дейін Орал казак әскери бөлімінде кіші дәрігер болып қызмет көрсетеді. Одан 1920 жылғы қаңтар айының – не дейін Орал облысы Темір уезінің бөлімше дәрігері болған. [6, 12 б].
Халелдің Санкт – Петербургте академияда өткізген алты жылы 1903-1909 жылдар білімнің өсуі ғана емес, оның саяси санасының да оянуына ықпал еткен. Халелдің дүние танымының қалыптасуында, рухани өсуіне, ғылым жолын қууында ерекше белесті кезең болды. 1905 – 1907 жылдардағы Ресейді дүр сілкіндірген толқулар болашақ күрескер, қарымды қайраткердің саяси қадамына алғашқы баспалдақ болды. Сол жылдар туралы ол кейін: «Демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да жиі-жиі наразылық білдіріп жатқан. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімді жетілдіруге кірістім. Әр түрлі саяси партиялардың программасымен, талап – тілектерімен таныстым, мені және басқа да қазақ студенттерін ешбір саяси партияның программасы қанағаттандырмады» – деп еске алады. Оны әсіресе, оңшылдардың ұлы орысшыл шиновинизімі, бұратана халықтың тағдырына немқұрайлы көзқарастары ашындырды. Осы кездерде, яғни 1906 жылы қырдағы ауылдарда аралап жүргенімде полицияның көзіне іліктім де, саяси жұмыс жүргізуіме тыйым салынды, - дейді ол «Көп кешікпей басталған Сталиндік реакция жағдайында халық арасында саяси жұмыс жүргізу мүмкіндігі болмай қалғандықтан бар ынтамызбен оқуға бас қойдық». Иә атасы Машақ бидің шежірелі сырларын естіп өскен, Дәулетүмбет (әкесінің атасы) сияқты оқыған ағаның алдын көрген Халел аталған алты жылды астанадан бал арасына ғұмырлық өнер білімді жиып алды. Күні-түні көз майын тауысып, кітап ақтарды. Киргиз деген кемсітуді есітпейін деп орыс тіліне ерекше ден қояды. Осылайша құм қазағы, қыр ұланы Халел Императорлық Әскери-медициналық академияны алтын медальмен бітіреді. 1905 жылдың соңына таман Орал қаласында бес облыстан делегаттары съезге жиналып, Ресей кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі есепті “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы” құрылған болатын. Оның Орталық Комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге Халел де мүше болып сайланған. Осы кезде Орал өңіріндегі халық оба ауруына төтеп бере алмай, қырылып жатқан. Осыны көріп, Орал әскери бөлімшесіндегі қызметтен босануды ойлап, басшыларына өтініш білдірді. Әскери мамандарға жасалған жақсы жағдайлардан бас тартып, халық ортасында дәрігерлік көмек жасап, санитарлық-гигиеналық мәселелерді аурудың алдын алу шараларын түсіндіруде ойлайды. Оның Орал облысындағы дәрігерлігі Темір уезінде әскери міндеттен азаматтық қызметке ауысты. Бұл жағдайды академик Ғ. Тәшенов пен Ғ. Әнесов былай деп жазды. Осы орайда әскери борышын өтеп жүрген Халелдің жеке бас тұрмыс - тіршілігі ешкімнен кем емес, қайта көптен озық болғанын айта кету жөн. Оған мына архивтік құжат дәлел бола алады. Мәселен оның штаб қызметкері мұқият толтырып отырған әскери кітапшасының 8-тармағында алатын қаражаты (айлығы) санамалап берілген. Олар: жалақы – 720 сом, қосымша – 264 сом, тамақтануға – 96 сом, пәтерге – 72 сом, қызметші жалдауға – 50 сом. Отын мен шыраққа – 25 сом. Осыған қарап Халелдің тұрмыс халі жаман болмағаны түсінікті. Оның үстіне ол әскер қатарында Романовтар үйінің патшалық құруының 300 жылдық естелігіне орай Императорлық қола медальмен марапатталады. Ал оба індетінің тұруына қарсы шара қолданудағы әр бір күні Заңға сәйкес 12 күнге есептеледі. Осы еңбектерін алға тарта жүріп, ол 1913 жылы Орал облысы вице – губернаторы берген № 6618 куәлікпен әскери борыштан түгел босанады.
Зерттеуші, дәрігер Б. Хабижанов, А. Мектеповтың «Ана тілі» газетіне жарияланған мақаласына арқа сүйеген болу керек, екеуі де бір шақтылықты ескермеген. Халелдің рухани өміріне ықпал етуші үлкен тұлғаның бірі сөз жоқ, Ахмет Байтұрсынұлы, Халелдің дәрігерлік қызметіне баспасөз күшін пайдалануы туралы айтқанда, аты аталған зерттеушілер “Қазақ” газетіндегі, “Ауру жайынан” деген мақаланы бетке ұстайды. Бұл мақалада А. Байтұрсынұлы: “Қазақтың дәрігер ғылымын оқыған адамдарды аурудан күтіну жайынан һәм жеңіл-желпі емдер жайынан жазып, елге ұсақ кітапшалар таратса екен, - деген өтініш білдірген» [7, 45 б]. А. Мектеповтың ойынша Ахаңның ұсынысы Халелге қамқоршы болып, көңіліне жел берді. Хронологиялық тәртіпке жүгінсек тілге тиек болып отырған бұл мақала “Қазақ газетінің” 27 санында басылса, Халелдің аталмыш басылымдардағы алғашқы дәрігерлік мақаласы “Тамыр дәрі хақында” деп аталып, ол 13-ші санында жжарық көрген. Халелде көкірегі ояу жан. Баспасөздің қуатты құрал екенін білетін кезі бұл Академияның соңғы курсында оқып жүргенде ауылға келіп, Сорқуыс деген жерден дәрігерлік бекет салдырған. Оны жергілікті халық “Халелдің ставкасы” деп атап кеткен [ 8, 24 б].
Дәрігерлік тақырыптағы мақалаларын атасақ 1914 жылы “Қазақ” газетінде “Жұқпалы ауру хақында” “Сары кезік-сүзек”, “Ақ жол” газетінде 1924 жылы 430 санында “Шума қандай ауру?”, 1925 жылғы 522 санында “Жұқпалы аурулар”. Бұларға талдау жасаған маман дәрігерлер дәрігерлік тұрғыдан қосып алатыны жоқ, үйдің, судың, хайуанаттың, киімнің, ауру адамды күтудің гигиенасын Халекең өте дәл берген” деп бағалайды.
Ал Халелдің кітап болып жарық көрген еңбектері: “Как бороться с чумой среди Киргизского населения” – бірінші басылымы 1918 жылы, екіншісі – 1924 жылы басылды. Мәскеуде халық денсаулығын сақтау камиссариятына қарасты санитарлық эпидемологиялық басқармасы автордан Ташкентте шыққан кітабының екі данасын салып жіберуін сұрап, хат жазған. Сонымен қатар Ташкентте болып шығарған “Исатай-Махамбет” (1925ж), “Аламан” (1926ж) атты жинақтары 1991-1992 жылдары аралығында қайтадан баспадан жарық көрді. Халел Досмұхамедұлын біз ұлы Махамбет мұрасын тұңғыш зерттеуші ғалым ретінде Махамбеттану ғылымына қосылған елеулі үлес деп бағалаймыз [ 9, 25 б].
1913 жылғы “Оба ауруының көрінісі” деген өлеңнің қолжазбадан көшірілген нұсқасы бүгінде кейбір зерттеушілердің қолында. Індеттің қалай болғанын мұндағы:
“Қуады жалған дүние азаматы,
Тірліктің қызығы да балдан тәтті.
Көмуге жер қазушы болмаған соң,
Өлікті 150-ден отқа жақты”,– деген жолдарда көрсетеді [10, 16 б].
Сонымен, Халел Досмұхамедұлының медицина саласындағы еңбектерін жалғастырсақ, Орта Азия мемлекеттік Университетінің медицина факультетінде адам анатомиясы мен физиологиясы пәндерімен сабақ береді. Қазақ тілінде екінші сатыдағы мекетептер мен техникумдар үшін Халел “Адамға тән тірлігі” атты оулық жазды. Кітаптың адам тәнін, оның тірлігін және тазалықты (саулық сақтауды) үйренуде атқарар маңызы зор. Автордың пәннің мазмұнын баяндауда тіл шеберлігі, ойда төте, түсінікті етіп, өмірде күнделікті көріп жүрген заттарға теңеп айту тәсілдері өнеге аларлық. Кітапта адам тәнінің “Сүйек жүйесі”, “Сүйектердің байланысуы”, “Ет жүйесі”, “Қимыл заңдылықтары”, “Қан жүйесі”, “Сол-мефа жүйесі”, “Таныс, ас қорыту шағылыс тұқым жүйелері”, “Жүйке жүйесі” және “Сезім мүшелері” деген тақырыптары қамтылған. Халел Досмұхамедұлы 1920-1925 жылдары Ташкент қалалық ағарту институтында оқытушы, Орта Азия Университетінің медицина факультетінде ординатор, Түркістан Республикалық ғылыми комиссияның төрағасы қызметін атқара жүріп, орыс ғалымдары қатарында қазақ студенттеріне арналған оқулықтар жазуға және биология-медицина саласынан алғашқы қазақтың ғылыми атауларын (терминалогиясын) жазуға кіріседі. Сонымен қатар Халел табиғаттану мен жануартанудан (зоологиядан) алғашқы оқулық жазған автор. 1922 жылы Ташкент қаласынан шыққан “Табиғаттану” атты еңбегінде “Бүйіл”, “Ауа”, “Су”, “Жер”, “Кең” және “Жер жүзінің өзгерілуі” деген тақырыптар қарастырылған, кітаптың екінші жартысында таразының түрлері, оның тең тастары, өлшегіштер, құбыша, зертхана бұйымдары, кристалдар т.б. 47 сурет-бейне жеке жинақталып берілген. Ал оның екі рет басылым көрген жануарлар туралы еңбегі үш бөлімнен тұрады. Жалпы жануарлар дүниесінің ең көп таралған омыртқасыздар екі кітап, ал омыртқалылар жеке бір кітап болып түзілген. Бұл кітаптардың қай-қайсысы да жануарлардың сыртқы бейнесін олардың тән құрылысы (анатомиясы) мен тіршілігін бейнелейтін суреттермен толықтырылған [11, 25 б].
Халел аударған “Оқушының саулығын сақтау” атты кітап екі рет 1923, 1925 жылдары басылып шықты. Оның алғы сөзін жазғанда ол: “Оқушының саулығын сақтау” деген осы кітапшаны Голландия үкіметінің тапсыруы бойынша нағыз білгір деген дәрігерлер жазан екен... Кітапша Еуропа көлемінде жүлде алған, шет тілдерге тәржімелеген, оны Голландия халық ағарту министрлігі барлық мектептерде қолдануға міндеттепті. Біз қазақшаға аудардық, өзіміздің тұрмысымызға сәйкестендірдік, біраз қосымшалар кіргіздік. Қазақ-қырғыз мектептерінде саулық сақтау жұмыстарының нашар екеніне күйініп, ана тілімізде ол жөнінде ешбір құралдардың жоқтығын ескере келіп, осы кітапшаны басып шығаруды жөн көрдік – депті [12, 54 б].
Х. Досмұхамедұлы өмірінің ақырына дейін негізгі мамандығы дәрігерліктен қол үзбей, Воронеж Әлеуметтік денсаулық және гигиена институтында бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. Өмірінің соңғы кездері қудалауға түсіп, Воронеж қаласна жер аударылғаннан кейін де қаламын түсірмеді. “Қазақ оқушыларының өсіп-дамуы” (1930ж), “Жаратылыстану терминологиясының орысша-қазақша сөздігі” (1931ж), “Жас пионерлер мен оқушылардың жазғы лагерлері”(1933) т.б. еңбектері автордың көзі тірісінде жарық көріп үлгерді.
Ғалымның биология және медицина саласында жазған ізашар еңбектері өз маңызын күні бүгінге дейін жойған жоқ.
Халел Досмұхамедұлы – белгілі дәрежеде көне түрік жазба ескерткіштерін зерттеумен де шұғылданған ғалым. Махмуд Қашқаридың әйгілі “Сөздігі” туралы “Диуани лұғат-ат-түрк” деген атпен көлемді мақала жазып, 1923 жылы “Шолпан” журналының 6-7 санында жарияланыпты. Ол кезде М.Қашқари “Диуани” қазіргі түркі тілдерінің ешқайсысын аударылған жоқты. Сондықтан зерттеу жұмыстары да жүргізілмеген болатын. Өйткені, араб тілінде жазылған мың беттен артық қолжазбаны оқып шығып, соның негізінде мақала жазу Халел сияқты жан-жақты білімдар адам болмаса, екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа.
Бұл бөлім Халел Досмұхамедұлының ғылымындағы жолына арналатындықтан, баспа және жоғарғы оқу орындарын ұйымдастыру саласындағы елеулі қызметтерін төмендегіше атап өтсек. Баспа саласы: Орта Азия мемлекеттік баспасының коллегия, басқарма мүшесі (1913, 1925), қазақ мемлекеттік баспасы күншығыс бөлімінің меңгерушісі (1925), қазақ мемлекеттік баспасы меңгерушісінің орынбасары және басқарма мүшесі (1926). Жоғарғы оқу орындарын ұйымдастырудағы қызметі: 1920 жылы Ташкенттегі педагогика институты ұйымдастыру комиссиясының мүшесі, оның ректорының орынбасары (проректоры), педагогика кафедрасының доценті Халел Досмұхамедұлының Алматыға келуі 1928 жылдың қыркүйек айы деп жобалайды, Ораз Жандасовтың дерегі бойынша 1927 жылы Ташкенттегі жоғарғы оқу орнын Алматыға көшіру мәселесі қойылғанда, Қазақ Мемлекеттік Университетін (бүгінгі Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті) ұйымдастыру комиссиясының мүшесі болған. 1929 жылы қазан айының 1- і күні ҚазМУ-дың педагогикалық кафедрасының профессоры атағын алды. Ал 1924 жылы ол Ресей академиясының Орталық өлкетану бюросының мүше корреспонденті болып сайланған.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялағалы Қазақ тарихшылары Алашорда ұйымын зерттеу барысында Халел туралы да көп деректің бетін ашты. Халелдің саяси шыңдалуына Қазақстан Респуликасы Ғылым министрлігі, Ғылым академиясының мүше корреспонденті Кеңес Нұрпейісов жеке тарау жазып, оны дәйекті жеткізеді. Тарихшы ғалым М.Қайгелдиевте ақтаңдақтың орнын толтыруда өзіндік үлесін қосуда [13, 62 б].....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 810



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі