Психология | М. Жұмабаевтың «педагогика» атты еңбегіндегі психологиялық мәселелер

 Психология | М. Жұмабаевтың «педагогика» атты еңбегіндегі психологиялық  мәселелер

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................
І ТАРАУ. М. Жұмабаев педагогикалық психология ғылымының көрнекті өкілі
1.1 М. Жұмабаевтың өмірі мен творчестволық қызметі.................................
1.2 XX ғ. басындағы қазақ педагогикалық-психологиялық ой- пікірлердің қалыптасу жағдайлары...............................
І Тарау бойынша тұжырым................................................................................
ІІ ТАРАУ. М. Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегіндегі психология ғылымының өзекті мәселелері
2.1 М.Жұмабаев мұрасындағы жалпы психологияның мәселелері ..................................................
2.2 М. Жұмабаев және педагогикалық психологияның өзекті мәселелері...................................
2.3 М. Жұмабаев ұлттық психология терминдерін алғаш жүйелеушілердің бірі.................................
ІІ Тарау бойынша қорытынды...........................................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................
Қосымша

Кіріспе
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Сөз болып отырған кезеңде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің сан қырлы мәселелері бойынша қалам тартып, ой бөлушілердің қатары молайып еді. Ұлттық мінез-құлық – әлеуметтік-психологиялық категория. Ол халықтың шаруашы лығы мен тұрмысының өзгешелігі, қоғамдық құрылыс пен табиғат жағдайының, мәдениет пен нанымшылдықтың, басқа халықтармен қарым-қатынас формаларынан көрінеді. Ол адамның дағды, талғам, тәртібінде, дүниетаным байланысын да, сыртқы ортаның құбылыстарын ұғыну, халық өмірінің жан-жақты алғышартының себебінен адам психологиясының сезім-әрекеті сипатында көрінеді.
Олай болса тәрбие – мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырылып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәжірбиелерін үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оның ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірбиеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру маңызды міндеттердің бірі. Міне сол міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады.
Ұлттық мінез биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс, яғни, өмір жағдайымен, тарихи ортамен тығыз байланысты. Мәселен, қазақтың өткен заманындағы психологиясы мен осы кездегі мінезінде айырмашылық бар. Әсіресе, кеңес заманы салтанат құрып тұрғанда ұлттық психология көп өзгеріске ұшырады. Әрине, мұның пайдалы жақтары да, тиімсіз тұстары да кездеседі.
Ұлттық сана-cезімнің қалыптасуына рухани-мәдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар үлкен рөл атқарады. Ондай шығармаларда халықтың сана-сезімінің дамуына ерекше әсер ететін көңіл-күй, эмоциялық сипаттар бейнеле неді. Мәдениеттің белгілі қайраткерлері өз халқының тарихы на үңіле отырып, ондай шығармаларды өздері дүниеге әкеледі.
Осы айтылғандарға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, әсіресе, оның тәлім-тәрбие, ұлттық психологиялық асыл қазыналарын ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс. Туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев. Мағжан өз еңбегінде педагогика мен психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды.
Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп басып, дәл әсер береді.
Бұл еңбегінде Мағжан Жұмабаев «тәрбие – дене тәрбиесі және жан тәрбиесінен құралады» дей отырып, баланың туған күнінен бастап тәрбиелеуде оның физиологиясы мен гигиенасына байланысты мәселеге тоқталады. Ұстаз бұлардың барлығын қазақ халқының өмірі, тұрмыс-жағдайы, кейбір ата-ана бала тәрбиесінде болған салғырттықпен байланыстырып, маңызды кеңестер береді.
Зерттеу мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық-психология саласындағы еңбегіне талдау жасап, психология ғылымына қатысты термин, ұғымдарды саралау.
Зерттеу болжамы: Мағжан Жұмабаевтың мұраларын зерттеу арқылы – 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ психологиялық ой-пікірлерінің даму деңгейін анықтауға болады.
Зерттеу обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық- психологиялық еңбегі.
Зерттеу пәні: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық психология саласындағы көзқарастары және ой-пікірлері мен оның ұлттық психология ғылымына қатысты термин, ұғымдары.
Зерттеу әдісі: тарихи тұрғыда жазылған педагогикалық-психологиялық әдебиетке контент-талдау, өмірбаян әдістері арқылы зерттелді.

І ТАРАУ М. ЖҰМАБАЕВ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ

1.2 М. Жұмабаевтың өмір жолы мен қызметі туралы жалпы мағлұмат

М. Жұмабаев – қазақтың кемеңгер ұлы ақыны. Ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбандыққа шалғандардың бірі. Қынаптағы семсердей, халқының игілігіне не істеуге жұмсалса да даяр болған. «Мен ақынмын, көкте жүзуім керек» демей, қазақты сөзбен емес, іспен оятуға талпынған. Елінің қамын жеген, қаршадайынан қазақ халқы қайтсе қатарға қосылар деп армандаған аяулы ақын енді міне, ел-жұртының арасына қайтып оралуда.
М. Жұмабаев 1893-жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозында әулетті отбасында дүниеге келген. Қазір бұл ауыл М. Жұмабаев атында. М. Жұмабаев өз заманының ең білімдар адамының бірі болған. 1903-жылы дейін ол әуелі ауыл молдасынан, содан кейін мұғалімнен оқиды. Бұдан кейінгі жылдар Уфадағы Ғалия медресесінде дәріс алады, орыстың маңдай алды оқу орындарында білімін толықтырады. 1913–1917-жылдары Омбы мұғалімдер семинариясын, 1923–1926-жылдары Мәскеудің әдеби-көркем институтын бітіреді /1/.
М. Жұмабаевтың қоғамдық-саяси көзқарасы қалыптаса бастаған кезде Ресей империясының отары Қазақстанның халі мүшкіл еді. Өскен капиталистік қатынастар жайлай түсті. 1913-жылы Қазан қаласында М. Жұмабаевтың «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Жиырмадан енді асқан жас ақын бірден жұртшылық назарына ілігеді. Әсіресе қазақ жастары арасында Мағжан аты кеңінен жайылады. Олар ақын айналысына топтаса бастайды. Омбы қаласында «Бірлік» деген қолжазба журналына редактор болады.
Ресейдегі ақпан төңкерісіне байланысты қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалыс жаңа белеске көтерілді. Нағыз таң атты деп есептеген Мағжан 1917-жылдың көктем-жаз айларында кұрылған «Алаш» партиясы басшысының Қазақстан Ресей Федерациясының құрамында автономия алуы тиіс деген ұранына қосылады. М. Жұмабаев 1917-жылдың көктемінде Ақмола облыстық комитеті халық ағарту бөліміне енгізіледі. «Алаш» партиясының съездерінде, Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат, қазақ мектептері үшін оқулық жасау комиссиясының мүшесі болып сайланады. Мағжан 1918-жылдың қаңтарынан мамырға дейін абақты деген сұмдықты басынан өткереді.
М. Жұмабаевтың 1917–1920-жылдар аралығында өмірі мен шығармашылығы әлі де қосымша зерттеуді талап етеді. «Бостандық туы» газеті Омбыда шығып тұрғанда, ал 1921-жылы осы облыстық газет Петропавлға көшкенде оның жауапты редакторы болып істеген. 1920–1927-жылдары М. Жұмабаевтың шығармашылығы ең шырқау биігіне жетеді. 1922-жылы Қазанда, 1923-жылы Тәшкенде ақынның өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақын үсті-үстіне өлең, поэмалар, әңгіме, очерк, мектеп балалары үшін арнайы шығарма жазуға қатысты. «Ақ жол» т.б газеттер, «Шолпан» журналы, түрлі баспа орындары ақын қаламынан туған дүниелерді үзбей, сиясын кептірмей жариялап тұрды /2/.
Осы кезде ақын аудармашылық, педагогикалық қызметке де қызу араласады. 1923–1926-жылдардың аралығында өзі жазған «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы», «Педагогика», «Бала тәрбиелеу жолдары», «Сауатты бол» оқулықтарын әлденеше рет бастырып шығарады. Омбының мұғалімдер семинариясын, сол кездегі Сібірдің университеті аталып кеткен мәртебелі оқуын үздік бітірген жас ақын педагогика, психология мамандықтарын музаның құрбандығына шалмаған. Екі-үш абзал міндетті қатар алып жүруге тырысқан /6/.
Мағжанның өнеріне тән нәрсе – қолға алған тақырыбының тарихи немесе теориялық бүге-шегесін барынша терең білдіретінінде. Бұған оның алғыр ойын, ұшқыр қиялы мен сезімін қосамыз.
М. Жұмабаев – М.Горький шығармаларын алғашқылардың бірі болып тәржімалады. Ол қазақ оқырмандарын пролетариат-тың ұлы жазушының «Сұңқар жыры» т.б әңгімелерімен таныстырды. Өз тұстастары оны еуропалық зор мәдениетті жазушы деп білсе, бұл нәтижеге ол оңайшылықпен жеткен жоқ. Мағжан өзі сүйген орыс және дүниежүзі ақындарының көп-көп шығармаларын таңды таңға соғып айтуға бартын.
Көркем шығарма – суреткер дүниетанымының бірден-бір өлшемі. Осы жағынан да М. Жұмабаев шешуші қадам жасайды. Оның шығармаларында «психологиялық талдау», «ішкі монолог» деген сияқты бейнелеу жиі кездеседі.
Мағжанның алып тұлғасын танытқан ең шоқтығы биік шығармасы – «Батыр Баян». Бұнда көркем психологизмнің, алуан түрлері түзілген. Адам мінезі, әрекеттері, ішкі жан дүниесі, сөзі, адамдардың өз әрекеттерінің жүректе, жан әлемінде әлдебір өзгеріс, сілкініс туғызуы – осы формалардың бәрі-бәрі ұласып, жалғасып отырады. Психологиялық талдау, ішкі монолог, жан әлеміндегі арпалыс, тебіреніс, кейіпкер ойының қырлары, бір ойдың екінші бір ойды теріске шығаруы, ішкі адамның бір мәмлеге келе алмай жанталасуы, соның нәтижесінде адамдардың соңғы шешімге, әрекетке бой ұруы яғни диалектикасы дейтініміз міне бұл кең өріс алады.
Эпикалық поэма оқиға қызығына құрылатын жанр. Ол адамдардың ішкі әлеміндегі құбылыстарды тікелей бейнелеуді мақсат етпейді. Кейіпкер психологиясын, мінезін, біз оның ісіне, әрекетіне қарай бағалаймыз. Бар іші сыртқа теуіп тұрады. Оқиға жетегінде жүріп әсерленеді. Жалпы көркем әдебиет – роман, әңгіме, өлеңдердің барлығы адам сезімі, өмірі, ой-санасы, мінез-құлқын т.б қамтиды.
Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп басып, дәл әсер береді.
1927-жылы М. Жұмабаев оқытушылық қызметпен айналысады. Жаңа өлеңдер жазады. Саяси көзқарасы өзгерген Мағжан шығармашылығының жаңа парағы ашылды. Бірақ тағдыр бұл беталысымен қалам тартуға жазбады. Ел басын сталинизмнің қара бұлты торлай бастады. Оның көлеңкесі алдымен қазақтың Мағжан секілді маңдай алды боздақтарына түседі. «Басқа пәле тілден» деуші еді. Мағжан Мәскеуде оқып жүргенінде «Алқа» деген әдеби үйірме ұйымдастырған болатын. Бұл 1925-жыл еді. Содан төрт жыл өткен соң осы «контрреволюция ұясы» болып шыға келді. Обалы нешік, ақын зауал туды деп жүнжіген жоқ. Ізденді, күресті. Түбінде әділет жеңетініне кәміл сенді. Солай болды да. Бағына М. Горькийдің көзі тірі. Сол кісіден Мағжан әйелі Зылиха арқылы хат жолдайды. Ұлы гуманист жазушының көмегімен Мағжан 1936-жылы қамаудан мерзімінен бұрын босанып шығады.
Ақын тағы да жан алып, жан берді. Шын көңілден «социалистік еңбек еліне» қызмет етпекке барын салды. 1937-жылы мамыр айында Қызылжардан Алматыға келеді. Мұнысы қаңғалақтап жүріп, құрулы торға өзі түскенмен бірдей болды. Сол жылдың желтоқсанында Мағжан ежовшылардың қаңды шеңгеліне түседі. Келер жылдың он тоғызыншы наурыз күні «жапон тыңшысы» деген айыппен атылды.
Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп басып, дәл әсер береді.
Қорыта келгенде, туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев. Мағжан өз еңбегінде педагогика мен психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды.
1.2 XX ғ. басындағы қазақ педагогикалық-психологиялық ой-пікірлердің қалыптасу жағдайлары
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Сөз болып отырған кезеңде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің сан қырлы мәселелері бойынша қалам тартып, ой бөлушілердің қатары молайып еді. Бұлардың арасында Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғырұлы және т.б бар. Мәселен, С. Көпеевтің күні бүгінге дейін жарияланбаған қолжазбаларының бірінде педагогика мен психологияның ғылыми мәселелеріне байланысты құнды пікірлер кездеседі. Ол сезім мүшесінің қызметі, жүрек пен жанның, жан мен мидың байланысы, ойлау, қиял қуаттары, түс көру себептері, бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынасы, қыз баланы оқуға тарту жайында қызығылықты да салиқалы пікірлер айтады.
С. Көпеев адамның ерік-жігер, қажыр-қайраты туралы айта келіп, «еркі күшті адам алдына қойған мақсатты жолында ештеңеден қайтпай, талабынан бас тартпай, келешектен ешбір үміт үзбей, ұсақ-түйекпен айналыспай әрекет етеді» дейді. «Жігері мен қадір-қайраты мол адам еш уақытта үйде отырып, тыныш өмір сүре алмайды. Оның бүкіл тыныс-тіршілігі ылғи да талас-тартыс пен күреске толы. Өйткені, оның бар арманы мақсатқа жету жолына бағышталады». С.Көпеевтің адамның мінезі мен психологиясы туралы бұдан басқа да айтқан ғылыми түйіндері баршылық.
Қазақ Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы педагогикалық-психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасып, дамуы жайлы сөз қозғағанда «Әліппе» (1924-жыл) авторы А. Байтұрсынұлын ерекше ілтипатпен қазақтың ғылыми тәлім-тәрбиелік жүйесінің көш басшысы ретінде еске аламыз. Ғалымның қазақ «Әліппесін» жасауы, араб жазуының реформасы, қазақ тіл білімі мен сөз өнерінің негізгі терминдерін түзеп, халқымыздың ойлау мүмкіндігімен сабақтастыра, олардың әрқайсысына таңба беріп, грамматикалық категорияларының жүйесін жасағаны, әсіресе, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін, сөйлем жүйесін жасағандығы, ұлттық тәлім-тәрбие ғылымына қосылған баға жетпес үлес екендігі даусыз.
Қазақтың аса көрнекті жазушысы, публицист, журналист, ақын, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының (1885 – 1935) күрескерлік жолы оның 1906-жылы Санкт-Петербургте «Серке» атты газеттің шығуына ат салысуынан басталады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 333



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?