Дипломдық жұмыс: Психология | Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері

Дипломдық жұмыс: Психология | Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері казакша Дипломдық жұмыс: Психология | Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................4
1 Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың
психологиялық-педагогикалық негіздері........................................................13
Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері..........................................................................................................13
Тұлғаның қалыптасуының кезеңдері мен оның өзін-өзі дамытуының тұжырымдамалары............................................................................................22
Бірінші тарау бойынша тұжырым
2 Болашақ мамандарды дайындаудың әдістемесі..................................................33
2.1 Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманды дайындаудың моделі..................................................................................................................33
2.2 Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды дайындаудағы іс-тәжірибелік жүйесі.............................................................................................37
Екінші тарау бойынша тұжырым
Қорытынды.........................................................................................................46
Қолданылған әдебиеттер...................................................................................49
Қосымшалар .............................. .......................................................................54

КІРІСПЕ
XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тендециясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді. Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық фактор жетекші болады, өйткені «адам-адам» жүйесінде әсер етудің эффектісі әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз.
Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы – белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық, психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі - болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.
Философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымда адам тұлғасының қалыптасу проблемасы бойынша білім қоры жинақталған. Оларға философтардың жасаған адамның гуманистік тұжырымдамасы жатады. М.М. Бахтин, В.С. Библер, Н.А. Бердяев, Л.В. Коновалова, О.Н. Крутова, М.К. Мамардашвили, А.Г. Шварцман, т.б. пікірінше адам тұлғасының ерекшелігі, өзгешелігі мен өзіндік құндылығы ерекшеленеді, адамның рухани дамуы, өзінің өмірлік орнын айқындау мен экзистенционалдық таңдауға дайындығы анықталады. Ресей педагогикасы мен психологиясында адамның мәні адам өз өміршендігінің субъектісі ретінде және өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаның субъектісі ретінде қарастырылады: Б.Г.Ананьевтің, А.Г. Асмоловтың, Л.С. Выготскийдің, О.С. Газманның, Э.В. Ильенкованың, Н.Б. Крылованың, Л.Н. Куликованың, А.Н. Леонтьевтің, В.Н. Мясищевтің, С.Л. Рубинштейннің, В.И. Слободчикованың және т.б. еңбектерінен көруге болады. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде білім беру сферасында тұлғаның этномәдениеттік қызығушылықтарын іске асыру туралы Л.Гумилев, Н.Джандильдин қарастырған [1; 2, 30]. Келесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінің үлкен маңыздылығы бар. Мысалы, казақ халқының педагогикалық-психологиялық ойларының пайда болуы мен дамуы Қ.Б. Жарықбаев [3, 168], адам тұлғасының дамуына қазақ халық педагогикасының әсері туралы ғылыми-педагогикалық негіздерін Сәдуақас Қалиев, тұлғаға әсер етудің эстетикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктерін С.Ұзақбаева, Ә.Табылды [4; 5], оқушы жастардың тұлға ретінде қалыптасып, дамуына қазақ халқының көркем мәдениетінің даму рөлі туралы М.Балтабаев зерттеген [6, 68]. Өз еңбектерінің мазмұнында оқушы-студент туралы пассивті, тәуелді және өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі дамытуға қабілетсіз деген түсінікті келесі ғалымдар берген: К.А. Абульханова-Славская, А.Г.Асмолов, А.Булынин, Л.М. Митина, А.В. Мудрик, А.В. Петровский, яғни осындай тұлға болашақта маман ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындай алмайды [7, 199; 8, 3-12; 9, 22-26; 10, 28-38; 11, 80; 12, 44-53]. Осы дағдарыс жағдайынан шығу жолын, білім беруді тұлғалық ұстанымдарға және жеке қөзқарасқа қайта бағдарлауды айтып кеткендер Ш.А. Амонашвили, Б.М. Бим-Бад, С.М. Джакупов, Т.В. Габай, Ж.И. Намазбаева, М.М. Мұқанов [13, 56; 14, 3-9; 15, 195; 16, 160; 17, 3-10; 18, 90-95]. Білім беру жүйесіндегі тұлғаға бағытталған көзқарас гуманистік парадигманы іске асырумен байланысты (оқыту, тәрбиелеу және дамыту теориясы мен әдістерінің жүйесі), яғни тұлғаның өзіне және оның құндылықтарына бағыттаушылық пікірлерді Ш.А. Амонашвили, Т.В. Габай, Ж.И. Намазбаева білдірген. Сонымен бірге осы мәселе Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаты тұжырымдамасы мен 2030 жылдарға дейінгі ҚР білім берудің даму стратегиясында қаралған [19, 30; 20, 11].
Философияда тұлға әлеуметтік және биологиялық сипаттамалары бар адам ретінде анықталады. Әр адам, тұлға бола тұра, бір жағынан, жеке болады, екінші жағынан - әлеуметтенген болады, яғни әлеуметтік маңызы бар қасиеттерімен сипатталады. Әлеуметтік сипаттамалар маңызды болып анықталады: дәл солар өмірдегі жетістікті анықтайды. Кез-келген адамның әлеуметтік түрі болады. Тұлғаның түрі қоғамның түрімен анықталады.
Психологтар үшін тұлға – психиканың сапасы, ол адамның қоғамда дамуының нәтижесі ретінде анықталады. Тұлға психикалық ұйымдастыру түрлері иерархиясының жоғары ерекше деңгейі ретінде, өмір мен іс-әрекет субъектісі ретінде, қоршаған ортаны және өзін-өзі өзгертетін адам ретінде, индивидтің бір әлеуметтік қасиеті ретінде, әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды дамытудың және болмысының жеке формасы ретінде қарастырылады.
Педагогиканы тұлғаның өз қасиеттерінің, процестерінің, жағдайларының, өзінің психикалық мүмкіншіліктерінің реттеушісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, «тұлға» ұғымы басқарудың, өзін-өзі басқарудың, өз қабілеттерін, қажеттіліктерін, сезімдерін реттеудің тұлғалық деңгейі туралы көзқарастарды кіріктіреді.
Осыған орай әрі қарай қарастыруды талап ететін негіздемелері ретінде келесі тұжырымдамаларды айтамыз: педагогикалық процестің тұтастығы, адам мәдениеті мен адамгершілігінің қайта жаңаруы ретіндегі тәрбиенің тұтастығы, аксиологиялық көзқарас. Оларды тұлғаға-бағдарлаушылық білім берудің ғылыми негіздерін өндіріп, біріктіреді. Оның мәні – болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне бағытталған, индивидтің тұлғалық қызметтерін дамытуға бағытталған педагогикалық жүйенің бағдарлануында. Біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарасы оқыту процесі барысында әр студенттің тұлғасы дамуы үшін ыңғайлы білім беру ортасын жасауға бағытталған.
Өзін тұлға ретінде қабылдайтын болашақ маман қоршаған адамдарды қабылдауға деген өзіндегі мүмкіншілігін ашады (әріптестерін, балаларды, оқушыларды және т.б.), оларды өзіндей көреді және олардың жеке ерекшелігін сыйлайды. Педагогикалық жәня психологиялық білім берудің негізгі міндеті – оқушыларды өздігінен ойлауға, проблемаларын шешуге, яғни тұлғалық өсуін қамтамасыз ету үшін өз қасиеттерін қолдануға үйрететін педагог-психологты тәрбиелеу.
Білім берудегі тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарас маман тұлғасының шығармашылық дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін ең тиімді формаларының, әдістерінің және тәсілдерінің іздестіру аспектісінде орындалатын оның субъектілерінің тұлғалық қызметтерін дамыту мен толық көрініс беру үшін жағдайлар жасаудан тұрады. Педагогты дайындау олармен алдағы педагогикалық жұмыстың субъект іс-әрекеті барысында қалыптасатын тұлғалық-бағдарлаушылық және субъект іс-әрекетімен айқындалатын күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.
Тұлғаға бағытталған көзқарастың білім беруге деген мақсаты сырттай берілген қасиеттерді «қалыптастыру» деп қаралмайды, оның негізгі мәні тұлғалық мүмкіншілікті ашу және демеу, тұлғаның рухани және моральдық мүмкіншіліктерін анықтау, оларды өзін-өзі дамытуға кіріктіру деп түсінеміз. Сондықтан да педагогикалық және психологиялық тұрғысынан болашақ маманның өзін-өзі дамыту іс-әрекеті мен оның өзіндік санасының ерекшеліктерін тұлғаның кіріктірілген компоненті ретінде зерттеу маңызды болады.
Осы проблема Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жағдайымен күрделене түседі де, осыған орай біздің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістері жоғары дәрежелі мамандар дайындығын талап етеді. Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде болашақ маманның кәсіби дайындығы мәселелерінің аспектілері қарастырылады:
1. Мұғалімдердің жалпы педагогикалық дайындығы туралы Н.К. Крупская, Н.В. Кухарев, В.А. Сластенин, Н.Д. Хмель, М.И. Кудабаева және т.б. өз еңбектерінде зерттеп, қарастырған [21; 22; 23; 24; 25].
2. Мұғалімдерді дайындау барысындағы кәсіби біліктерді қалыптастыру мәселелері Б.И. Степашин, Н.А. Томин, Н.Ф. Белокур және т.б. еңбектерінде қаралған [26; 27].
3. Педагогикалық тәжірибе барысында студенттер дайындығын жақсартудың аспектілері О.А.Абдулина, Г.А. Кит және т.б. зерттеулерінде көрініс тапқан [28; 29].
4. Мұғалімдер дайындығы мен біліктілігін көтеруді жетілдіру аспектілері Н.В. Александров, Г.А. Победоносцев және т.б. зерттеулерінде бейнеленген [30; 31].
5. Педагогикалық мәдениет мәселесі Т.В. Иванова, Н.З. Чавчавадзе, Е.Н. Шиянов [32; 33; 34].
6. Болашақ мамандардың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің мәселелері С.Б. Елканов, Б.П. Зязин, А.И. Щербаков және т.б еңбектерінде қаралған [35; 36].
90-шы жылдары Ресейде, Қазақстанда және жақын жердегі басқа шет елдерінде университеттік білім беру жоғары білім тберу теориясы шеңберіндегі зерттеудің объектісі ретіндегі зерттеу жұмыстары пайда бола бастады:
1. Университеттік білім беруді жетілдіру туралы Н.С. Ладыжец, В.А. Садовничий және т.б. зерттеген [37; 38].
2. Университеттік білім беру қызметтерін модернизациялау мәселесі Т.С. Садыков, К.Н. Нарибаев, О.С. Сабденов, С.А. Абдыманапов және т.б. зерттеген [39; 40; 41; 42].
3. Университеттік білім берудің мақсаты мен міндеттерін дамыту мәселелерін С.А. Абдыманапов және т.б. қараған [43, 336].
4. Ортақ білім беру кеңістігін құру мәселесін В.Е. Шукшунов, А.И. Галаган көтерген [44; 45].
5. Жоғары білім берудің жүйелі реформалары туралы өз еңбегінде Л.Я. Гуревич айтып кеткен [46].
6. Оқу процесін жетілдіру мәселесі туралы Ф. Янушкевич, В.А. Кан-Калик зерттеген [47; 48].
7. Халықаралық ынтымақтастық туралы мәселені А.К. Құсаинов қозғаған [49].
8. Білім берудің көп сатылы жүйесі жағдайындағы университет студенттерінің кәсіби қалыптасуын К.К. Закирьянов зерттеген [50].
Сонымен, зерттей келе біздің анықтағанымыз кәсіби тұрғысынан тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық негіздері жасалмаған.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу мекемелері мен 86 жоғары оқу орындарының филиалдары бар, осылардың ішінде 9 жетекші университеттердің ерекше статусы бар. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру мен оларды дайындау жүйесін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық жоғары оқу орындары ашылды. Осы жоғары оқу орындарының реестірі аккредидатиялық мүшемен Лиссабондық конвенцияның ережелеріне сәйкес және академиялық мойындау сұрақтары бойынша ұлттық ақпараттық орталықтардың Европалық жүйесіне беріледі.
Классикалық университеттерде педагогикалық-психологиялық мамандықтары бойынша 45-тен 95 %-ке дейін бітірушілер (факультеттеріне қарай) білім алынады екен және осы сан үнемі өсу үстінде. Қазіргі кезде педагогикалық еңбек нарығы ең ашық болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның барлығы болашақ педагог-психологтардың кәсіби өзін-өзі қалыптастыру проблемасының ғылыми қарастырылуы бүгінгі күнде келесі аспектілерде өзекті болатынын көрсетеді:
- әлеуметтік-саяси жоспарда (2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру);
- университеттік білім беруді дамыту жоспарында;
- мектептік білім беруді дамыту жоспарында;
- болашақ мамандарда әлеуметтік-кәсіби бағдарлау жоспарында;
- педагог пен студент ынтымақтастығы негізінде педагог тұлғасын дамыту жоспарында.
Қазіргі зерттеулерде қоғамның кәсіби дәрежелі мамандарды талап ету және олардың тұлғасына ерекше талап қою арасында; дағдыларын өздігінен дамыту қажеттілігі мен маманның жеке қасиеттерін дамыту ретінде өзін-өзі дамыту және тәжірибеде осы қасиеттерді қалыптастыру стратегиясының болмауы арасындағы қарама-қайшылық туындап отыр. Негізгі қарама- қайшылықтың мәні тұлғаның өзін-өзі дамуы белгілі бір жағдайда өзін-өзі ұсынудың объективті үдерісі ретінде қаралуында болады екен. Бірақ тұлғаның өзін-өзі дамуының ерікті процесі басталуы үшін белгілі бір қажетті жағдайлардың болуы маңызды және оған басшылық ету керек. Осы іс-әрекеттің мәні ғылымда да, тәжірибеде қарастырылмаған. Сонымен осы зерттеудің өзектілігі бір жағынан тәжірибе талаптарына жауап беруімен байланысты болады және екінші жағынан осындай іс-әрекеттің теориялық негізін анықтау деп қарастырамыз. Осы қарама-қайшылықтың шешілуінің тиімді жолдары мен тәсілдерін іздестіру барысында зерттеуміздің тақырыбын таңдауға мүмкіндік берді: «Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері».
Зерттеудің объектісі: Жоғары оқу орындарындағы тұтас педагогикалық процесі.
Зерттеу пәні: Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманның өзін-өзі дамыту үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: Болашақ маманның өзін-өзі дамытуының тиімді жолдарын, жағдайлары мен тәсілдерін анықтап, олардың теориялық негіздемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
– психологиялық-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан «өзін-өзі дамытудың» феноменін талдау негізінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
– маман мәдениетінің негізгі компоненттерін анықтау;
– тұлға дамуы тұрғысынан болашақ маманның кәсіби-тұлғалық мәдениетінің құрылымдық компонентерін анықтау;
– болашақ маман тұлғасының құрылымдық моделін;
– болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін жасау.
Зерттеудің болжамы: Егер, жоғары оқу орнында білім беру мен тәрбиелеудің теориялық негізі жүйеленсе және оқытудың тұлғаға бағытталған жүйесі іске асырылса, онда болашақ маманның теориялық білімі ауқымдалып өзін-өзі дамытудың педагогикалық –психологиялық мүмкіндіктері артар еді.
Зерттеудің методологиялық негізі:
• жоғары мектеп дидактикасы, білім беру теориясы, жүйелілік көзқарасы теориясы, тұлғаға бағытталған көзқарас теориясы, Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы, экзистенционализмнің философиялық аспектілері, ҚР білімберу және тәрбие саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар;
• өзін-өзі дамыту үдерісінің тұжырымдамалық бағыттары, оларға жалпы ғылыми категорияларды «тұлға», «тұлғалық өсу», «өзін- өзі дамыту» талдау жатады;
• Л.С. Выготскийдің, С.Л. Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің дамыту педагогикасының идеялары, іс-әрекет теориясының негізгі ережелері, А.Г. Ковалев, В.А. Сластенин дамытқан тұлғаның жалпы психологиялық теориясы [51; 52; 53; 54];
• Л.С. Выготскийдің, М.С. Каганның, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің білім беру философиясы, таным теориясы, тұлға қалыптасуының теориясы;
• Б.Г. Ананьевтің, Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің іс-әрекет тұжырымдамасының негіздемесі [55];
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің пәні мен логикасына сәйкес, келесі педагогикалық-психологиялық әдістері қолданылады (анализ, синтез, классификациялау, жобалау және т.б.); эмпирикалық (педагогикалық-психологиялық бақылау, ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, сауалнамалар, педагогикалық-психологиялық эксперимент, педагогикалық-психологиялық диагностика); математикалық (алынған мәліметтерді тіркеу, шкаласын жасау, ранжирование). Осы әдістер экспериментальдық жұмыстың негізі болып, қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің тұтастығын қамтамасыз етеді.
1-ші тарауда философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан болашақ маманды дайындау үрдісі мәнінің теориялық талдау негізіне ғылыми-методологиялық ережелері анықталған.
Болашақ маманның кәсіби мобильдігі мен біліктері дегеніміз практикалық және ғылыми іс-әрекетте, қоғамдық тәжірибеде үнемі туындайтын өзгерістерге жылдам жауап беру қабілеттілігі болып табылады. Егер жоғары оқу орны өз түліктерін кәсіби іс-әрекеттің кіріктірілген (пәнаралық) негіздері аумағындағы білім мен біліктермен қамтамасыз етсе, оларды маман етіп дайындаса, әр пәннің «аппаратын» (методологиясын, негізгі ұғымдары мен ережелерін) таным және кәсіби іс-әрекет міндеттерін шешудің тәсілі пайда алынатын етіп шығарса бұл мүмкін болар еді. Болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың методологиялық алғышарттары ретінде жоғары кәсіби білім берудегі жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым қарастырылады. «Жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым» екі мағынаны біріктіреді: «жүйелі көзқарас» пен «іс-әрекеттік көзқарас»......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахск, Дипломдық жұмыс: Психология | Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін