Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық практиканың болашақ мұғалім дайындаудағы ролі

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық практиканың болашақ мұғалім дайындаудағы ролі казакша Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық практиканың болашақ мұғалім дайындаудағы ролі на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ ……………………………………………………………..…………
1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................
1.1. Педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш сынып
мұғалімдерін дайындаудың ерекшеліктері……………………..…….….
1.2. Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практиканың тарихи-
педагогикалық сипаттамасы………………………………………..…….
2. БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ
МАҢЫЗЫ ………………………………..................................................….
2.1. Мектепте болашақ мұғалімдердің педагогикалық практикасын
кешенді ұйымдастыру жолдары ……………………..…………………...
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………….....………………...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………….………………..

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Егемен еліміздің қай заңын алсақ та, білім беру барысында жасөспірімдердің жеке бас қасиетін, тұлға ретінде қалыптасуын және оның танымдық әрекетімен, ой-санасын дамытуға баса көңіл бөледі. Себебі, жасөспірім – бұл болашақ маман. Осы тұрыдан алғанда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де өзекті істің бірі болып табылады.
Адамның жекебас болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйтқысы, мәйегі осы бастауышта құрылатыны педагоктердің де, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім.
Педагогикалық үрдіде орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, яғни оқушымен дұрыс қатынасқа түсу икемдігін қалыптастыру, оны әдістемелік және теорилық жағынан дайындаумен қатар орындайтын мақсаттардың негізгілерінің біріне айналып отыр.
Педагогикалық институттарда териялық білім берумен қатар педагогикалық практиканы қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік құжаттар негізінде, педагогикалық, психологиялық зерттеу жетістіктермен, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен сабақтастыра отырып жүргізудің мүмкіндігі мол.
Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамаларының жарық көруі, осыған орай мектеп бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруі, бастауыш сыныптарға жаңа буын оқулықтарының енуі, білім мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды, оқушыларды дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман дайындау ісіне өте жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр.
Білім мен тәрбиенің байланысын диалектикалық тұрғыдан үнемі дамуда және бір-бірімен байланыста түсініп, осы үрдістегі күрделі мәселелерді дидактикалық бағдарда шеше білетін маманның тұлғасы педагогикалық практика кезінде қалыптасады.
Орыстың белгілі ғалымдары, тіпті сонау Крупская Н.К. [1], К.Д.Ушинскийден [2] бастап, кеңестік дәуірде Сухамлинский В.А. [3], Каменский Я.А. [4]. А.С.Макаренка [5] т.б. атақты педагог классиктердің бәрі де жоғары оқу орынында білім мен біліктілікті жетілдірудің және мұғалім кадрлердің болашақтағы өз ісіне дайын болуының негізі педагогикалық практиканың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты екенін атап айтқан. Солай бола тұрғанмен, әрбір мамандықты дайындауға арналған педагогикалық практиканың өзіндік ерекшелігі, мазмұны, жүйесі бар.
Ғалым педагогтар, психолог, әдіскерлер: О.А.Абдуллин [6], Б.Р.Айтмамбетов [7], А.Е.Әбілқасымова [8], Л.К.Керімов [9], Н.Д.Хмель [11], Халықова К.З. [10], Қ.Әбдіжамитұлы [12] педагогикалық практиканың мақсатын, мәнін зерттеу барысында оны жастарды мұғалімдік қызметке дайындаудың бірден-бір үрдісі ретінде дәлелдейді. Бұл зерттеулердің әр қайсысы мұғалім дайындау мәселесінің әр саласына арналған. Бірі педагогикалық практика кезіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының жүйесін ашса, енді бірі студенттерді маман етіп дайындауда педагогикалық практиканың білімдік, тәрбиелік мәнін жүйелеуге арналған.
Теориялық, әдістемелік, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алғанда да, педагогикалық институттарда бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктер бастауыш сыныптарға жоғары білімді маман дайындауға арналған білім стандарты мен типтік оқу жоспарының мазмұнынан туындайды.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне сан-салалы ғылымдар негізінен теориялық берумен бірге бірнеше пәнді қатар оқытудің әдістемесін меңгертіп, олардың әрқайсысына тән мазмұндық және әдістемелік ерекшеліктерін жете білетін маман дайындау жан-жақты зерттеуді керек ететін күрделі мәселе.
Жұмыстың объктісі: педагогикалық институттарда бастауыш сынып мұғалімін дайындау процесі.
Жұмыстың мақсаты: педагогикалық практика барысында бастауыш сынып мұғалімдерін қазіргі талапқа сай кәсіби шеберлікке баулудың педагогикалық және әдістемелік негізін жасау.
Жұмыстың міндеттері: педагогикалық институтта мұғалім кадрларды дайындаудың әсіресе, бастауыш мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін жетілдірумен айналысудың даму тарихымен танысып, оны ғылыми тұрғыда тұжырымдау негізінде алдыңғы қатарлы әс-тәжірибелерді анықтау.
- Қазақстан бастауыш мектептеріндегі педагогикалық практиканың қазіргі жағдайын саралап, кездескен кемшіліктерді жоюдың жолын ұсыну;
- педагогикалық практика барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастырудың бағдарламасын жасау;
- бастауыш сыныптардағы педагогикалық практиканың алдын-ала жүргізілетін жұмыс түрлерінің жүйесін жасау;
- бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін баулудың әдістемелік нұсқауын эксперимент нәтижесінде ұсыну;
Жұмыстың әдістері:
- мектептегі және педагогикалық институттарда білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу;
- жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауға арналған білім стандартының мазмұнын жасау;
- педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспа материалдарымен танысу, оларға талдау жасау;
- бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік нұсқауларға шолу;
- педагогикалық институттың педагогикалық практикаға арналған оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және әдістемелік нұсқауларымен танысу;
- бастауыш сыныптарда студенттердің өткізетін педагогикалық практикасының мазмұнымен, құрылысымен, оны ұйымдастырудың түрлерімен және әдістерімен танысу;
- педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу және сауалнамалар жүргізу;
- мектептегі оқу процесін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-тәжірибелерімен танысу;
- педагогикалық институттағы педпрактиканың алдынала жүргізілетін жұмыстардың мазмұнымен танысу;
Жұмыстың методологиялық негізі: таным, баулу ұғымдарының ғылыми философиялық негізі, теория мен практиканың өзарар байланысы, болашақ мамандардың кәсіби шеберлігі туралы педагогикалық, психологиялық еңбектердегі жекеба қасиеттерін дамыту және оларды шығармашылыққа баулу туралы қағидалар.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, төрт бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.2. Педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың ерекшеліктері
Қазіргі кезеңде ғылымда және білім беру жүйесінде интеграция процестерінің жедел жүзеге асуының маңыздылығы тұсында, таныиның диалектикалық бірлігі және шындықтың қайта құрылуының маңыздылығы арта түсуде.
Педагогикалық практика әр түрлі, әсіресе интегралды, кешенді білімді қолдануды қажет етеді, сондықтан оны қолданудың соңғы нәтижесі жаңа білім алу және жаңа іскерлікке үйрену болып табылады. Педагоктік мамандықтың мәнін тану және меңгеру ұзақ уақытты керек етеді де, әлеуметтік дамудың әрбір кезеңінде оқу-ағарту ісіне жаңа талаптар мен міндеттер қойылған сайын жаңарып, жасарып, дамып отырады.
Қандай да болмасын маман дайындау мәселесінің нәтижелілігі теориялық білім мен практикалық іскерліктің қабысуынан келіп туындайтыны белгілі. Осыған байланысты педагогикалық практиканың негізгі міндеті студенттің педагогикалық ойын дамытып, іскерлігін шыңдау.
Педагогикалық практика студенттердің өзін-өзі дамытуына, ізденуіне, өз икемдігі мен талантын анықтауына да көмектеседі. Себебі, қазіргі таңда педагоктер алдына қойылып отырған талаптардың басты бір саласы – мұғалімнің, жалпы адамның өзін-өзі бағалай білуі. Сырттан біреудің берген бағасынан гөрі адамның ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін есептей отырып, өзін-өзі анықтауы оның бойындағы күш-қуатты шығарып қана қоймай, білімі мен тәжірибесін орынды жерінде, тиімді пайдалануына жағдай туғызады.
Педагогикалық практика мамандық бойынша оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлерін саралауға, іріктеуге, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді тиімді қолдануға да үйретеді. Мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесінің оңтайлы, қолайлы, жаңа түрлерін бақылай білуге, анықтауға, бағалауға, талдауға, қорытынды жасауға да төселеді. Басқа педагоктің жұмысындағы жақсы жақтарын көре білу үлкен дайындықты, мұғалімдік этиканы, мәдениеттілікті, білімділікті қажет етеді.
Өз ісін жете білетін маман дайындауда педагогикалық практиканың алатын орнын айтып қана қоймай, оның ішкі мазмұнын түпкі мақсатын түсінген педагоктер бұл туралы өз пікірлерін ертеден-ақ ортаға салып келеді. С.Т.Шацкий “Жас мұғалімдер өмірмен байланысты педагогикалық ортада үйрену керек. Жастар үшін академиялық қажеттілікпен шектелу және практикалық қызметке сырттай бақылаушы ретінде қарау зиянды. Өз күшімізді байқау үшін курстардың арнайы жағдайларында пайда болған идеяларды тексеріп көруді дамытуымыз керек”-деп, атап көрсетті [11,69]. Осы сияқты Ресейдің әлеуметтік тәрбие беру Академиясын басқарған белгілі педагог П.П.Блонский де өз естелігінде “Тек лекциялар мен кітаптар арқылы ғана педагогикаға үйрену мүмкін емес, сонымен бірге практика қажет, бірақ ол дәл көшірме емес, шығармашылық және саналы түрде түсіну тұрғысынан болуы керек”-деп жазған болатын [11, 75]. Сонымен қатар, Н.П.Блонский теориялық білім мен практикалық процестің үйлесімді бірлікті болуын жақтады. Осы бағыттың жалғасын қазіргі көрнекті ғалымдар О.А.Абдуллина [13], Ю.К.Бабанский [14], Н.И.Болдырев [15], И.В.Кузмина [16], Б.Я.Гудзенко [17], В.А.Сластенин [18], т.б. еңбектерінен де кездестіруге болады.
Практика таным әдісінің өзі болып табылады. Шындығында, студенттер практика кезінде өмірден байқағанын тікелей пайымдау, мақсатты түрде бақылау, талдау, жинақтау, дерексіздендіру және тағы басқа педагогикалық жағдайларды бастан кешіруге мүмкіндік алады.
Практика жалпы адамзаттық танымда оның бастапқы да, соңғы да кезеңі болып табылады. Кез-келген ғылым саласына маман дайындауда да практика осындай қызмет атқарады. Қазіргі ғылыцми әдебиеттерде танымның концепциясын әр-түрлі түсіндіру кездеседі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ғылыми ұғымдар, түсініктер тәжірибеден тумайды, алдымен жоспары жасалып, теориямен бекітілген болжамдар ұсынылады, содан соң ол тәжірибеде тексеріледі.
Студенттің танымы мектеп өмірінен басталып, көркем шығармалар оқуға, деректі ғылыми білімдер алуға, кинофильмдер көруге, сондай-ақ, институтта алған білімдері мен қоршаған ортадан әсер еткен жағдайларға және тәрбие нәтижелеріне тікелей байланысты. Студенттің танымын кеңейтіп, бұрын алған білімдері мен жинақталған тәжірибелерін іс жүзінде қолдану арқылы кәсіби шеберлікке төселуінің бірден-бір жолы педагогикалық практика.
Методологиялық білімнің абстрактілі негізі жанама немесе тікелей практикаға бағытталатынын атап өту керек. Студент мұғалімнің оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу процесін талдай отырып, бастапқы кезде, өзі әлі оқу-тәрбие іс-шараларын жүргізбей тұрып, алған теориялық білімін салыстырады, оны іс жүзінде қолданудың жолын үйренеді. Сөйтіп, білімін практикада қолдана білу мүмкіндігін тексереді. Ал, педагогикалық практика болашақ педагоктің жеке тұлғасын қалыптастырудағы қоғамдық, әлеуметтік факторлардың арақатынасын түсінуге, оқытудың дәстүрлі уақыт талаптарына төтеп беретін және танымның қазіргі деңгейін көрсететін жаңа байланысын жасау үшін тиімді жағдай жасайды. Педагогикалық практиканы студенттердің педагогикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде оның танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру ғана емес, сондай-ақ олардың теориялық білімін бекіту мен тереңдету құралы ретінде құрастыруға болады.
Педагогикалық институттарда маман дайындау мәселесінің жаңа бағыт, жаңа мазмұн, жаңа мақсатқа ие болуына байланысты, қазіргі таңда жоғары оқу орындарында мектептерге мұғалім мамандарды дайындау күрделі де, жауапты да істердің біріне айналып отыр.
Нормативтік құжаттар бойынша жоғары оқу орнына келген студенттер алғашқы күннен бастап-ақ, педагогикалық, психологиялық арнаулы пәндер теориясымен қатар жеке пәндер әдістемесін оқып, семинарлық, практикалық сабақтар барысында мұғалімдік жұмыстың қыры мен сырына төселе бастайды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі іс-әрекеттерімен танысып қана қоймай, сабақ және тәрбие жұмыстарының жоспарларын жасайды.
Студенттердің институт қабырғасында алған теориялық және практикалық білімдері үшінші курстан бастап педагогикалық практикамен жалғасады. Бұл бастауыш сыныптар мұғалімін дайындауға бүртұтас үрдіс ретінде қарап, педагогикалық практика барысында студенттердің білім берудегі тек әдістемелік дағдысын қалыптастыруға көңіл бөліп қана қоймай, олардың теориялық білімін көтеру, тәрбие мен оқытудың дидактикалық жүйесін меңгеру мүмкіндігін жетілдіру, сол арқылы кәсіптік шеберліктерін дамытуды педагогикалық, психологиялық тұрғыдан негіздеудің керектігін көрсетеді.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін өз дәрежесінде шешу үшін ең алдымен адам жайындағы ғылым салаларын меңгеріп, күнбе-күн жедел қарқынмен өсіп, дамып отыратын жасөспірімдердің анатомиялық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, өз іс-әрекетінде осы ерекшеліктерді ескере білетіндей, дәрежеге жетуі тиіс. Сонда ғана мұғалім оқушылармен бірлестікте жұмыс істеу тәсілін меңгеріп, олармен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әмбебап білім иесі болу керек деген пікіріміздің дәлелі – адам өмірінің бүкіл алдағы кезеңдеріне білім жағынан да, мінез құлық ұйытқысының қалыптасуы тұрғысынан да негіз боларлықтай іргетасы оқушылар бойында осы бастауыш сыныптан бастап қаланады. Оны мықты етіп қалау мен негіздеу, саналы, білімді, жан-жақты дамыған, қоғамда болып жатқан өзгерістерге тез икемделгіш, кәсіби шеберлігі қалыптасқан, оқушылардың психологиялық ерекшелігін жете білетін маманның ғана қолынан келеді.
Бастауыш сыныптарда сабақ берудің, тәрбие жұмысын жүргізудің теориялық және әдістемелік мәселелерін меңгеру жан-жақты дайындықты керек ететінін өз кезегінде мектеп ашып, ол мектептерде білім беру жүйесін жолға қоюмен айналысып, қазақ халқының білімі, мәдениеті, сана-сезімінің көтерілуіне жол салған Ы.Алтынсарин да айтып кеткені белгілі. Сол атақты педагог бастауыш мектепте сабақ беруге кез-келген мұғалімнің күш-жігері, кәсіби ыңғайы келе бермейтінін айта келіп, “Өйткені бұратана елдерінің балаларын, белгілі бір бағыт нұсқау алмай-ақ, өз беттерімен оқыта беру оқытушылардың бәрінің бірдей қолынан келе бермейді”-дейді [10,191].
Педагогикалық институттың бастауыш сыныптар мұғалімін дайындауға арналған оқу жоспары мен бағдарлама мазмұны маман дайындаудың жоғары деңгейде жүзеге асырылуын қарастырды және талап етеді. Сондықтан да, әрбір жеке пәндердің теориялық және әдістемелік негіздері жоспарға қатар енген. Білім беруге арналған оқу жоспарының бұл құрылымы әр пән бойынша семинарлық, практикалық, лабораториялық сабақтар ұйымдастырып, болашақ мамандарды аудиторияда институт қабырғасында педагогикалық практикаға шықпас бұрын-ақ, алдынала дайындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысымыздың негізгі бір мақсаты студенттерді падагогикалық практикаға алдынала дайындаудың жүйесін, мазмұнын, әдістемесін негіздеу. Осыған дейінгі жарық көрген еңбектердің бәрінде дерлік, педагогикалық практикаға дайындықтың керектігін сөз еткенмен, қандай дайындықтарды айтатыны белгісіз болып қала береді. В.А.Сластелин педагогикалық практикаға дейін студенттердің педагогикалық ойдың дамуына мән беру керек десе, М.И.Лукьянова кәсіби бағдар қалыптасу үшін алдымен педагогикалық хабардарлығы (компетентность) басым болуы шарт деген пікір айтқан.
Студенттердің сабақ барысындағы және сабақтан тыс орындайтын жұмыстарының мазмұнын жүйелеп, оны орындаудың түрлері мен әдістерін анықтап алу арқылы оларды педагогтік мамандыққа үздіксіз және жүйелі дайындау мақсаты орындалады. Мұндай жұмыстарды орындау барысында студенттердің өз мамандығының мәнісін, маңызын, келешектегі мақсатын түсіну деңгейі дамып, танымы қалыптасады. Танымның түрі көп екені белгілі. Ғалымдардың танымы мен студенттердің оқу білім алу кезінде қалыптасатын танымдарын салыстыруға болмайды. Студенттер субъективтік жаңаны, ғылым бұрын зерттеп, танып қойғанды ғана қабылдап, таниды. Ал, ғалымдар болса, жаңаны іздейді, зерттеу жолында сәтсіздікке кездесуі де мүмкін. Соның негізінде басқа жол іздестіріп, талай қиындыққа ұшырайды. Студенттер болса, әбден байқаудан өткен әдіс-тәсілдерді танып, оның қолдану ретін іздестіреді. Бірақ, осы ізденістің өзі олар үшін жаңа танымға жетелеп, жаңа ұғым береді. Сол жаңалықты меңгеруге жетелейтінғ ізденуге жол сілтейтін, жаңалықтың іс жүзінде қолданылу ретін көрсететін жоғары оқу орнының мұғалімі.
Студенттер әр пәнді оқығанда сол пәннің келешектегі кәсібіне қаншалықты керектігін түсінген жағдайда ғана шығармашылыққа ұмтылып, өздігінен ізденушіліктері күшейеді. Бәләмдерін толықтырып, қосымша әдебиеттер оқып, өзін өзі бақылауға жұмылады. Себебі, қазіргі студент ол аз уақыттан кейін дайын маман, ол болашағын ойлап іс істейтін тұлға. Институт қабырғасында оқып, білім алу барысында олардың ғылыми түсініктері, түрлі талдаулар арқылы қалыптасқан ұғымдары бар.
Соңғы жылы Білім және ғылым министрлігінің бекітіп, маман дайындауда басшылыққа алуға ұсынған жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімін дайындауға арналған стандартында [8] негізгі мамандықтарына қосымша мамандандыруға 500 сағат берілген. Бұл сағатты әр институт өз мүмкіндіктеріне қарай қандай бағытта мамандандыру керектігін өздері шешеді. Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогика институты мамандандыру бағытына педагогикалық колледждің мұғалімін дайындауды енгізіп, жыл сайын бітіруші студенттерге бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығымен қатар педагогикалық колледж мұғалімі деген қосымша мамандық беріп келеді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Педагогикалық практиканың болашақ мұғалім дайындаудағы ролі дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар педагогика жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Педагогикалық практиканың болашақ мұғалім дайындаудағы ролі дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипло, Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық практиканың болашақ мұғалім дайындаудағы ролі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін