Дипломдық жұмыс: Психология | Ыбырай Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері

Дипломдық жұмыс: Психология | Ыбырай Алтынсариннің  психологиялық ой-пікірлері казакша Дипломдық жұмыс: Психология | Ыбырай Алтынсариннің  психологиялық ой-пікірлері на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ...........................................................................................................
І. ХІХ Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Ы.Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлерінің этнопсихологиялық негіздері.......................................................
1.2. Ы.Алтынсарин мұраларының психологиялық тұрғыдағы бағыттары....................................................................
Бірінші тарау бойынша ой - тұжырымы......................................
ІІ. ТАРАУ Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫН ОҚЫТУ, БІЛІМ БЕРУ ІСІНДЕГІ ҮЛЕСІ.
2.1. Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” оқу құралының жасөспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастырудағы рөлі.....
2.2. Ы.Алтынсариннің психологиялық тұрғыдағы еңбектерін оқу үрдісінде қолдану................................................
Екінші тарау бойынша ой-тұжырымы...............................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі
ХІХ ғ. Екінші жартысындағы қазақ жерін Ресей империясы түгелдей жаулап алуын аяқтаған болатын. Өлкеге ішікі жақтан қоныстанушылар ағыла бастады. Ел билігімен қатар, жер билігі де түгелдей патша әкімдерінің қолына көшті, жекелеген өнеркәсіп орындары, сауда-саттық, ақша қатынасы дами түсті. Патшалық езгіге қарсы күресте қанаты қатая түскен орыстың төңкерісшіл демократиялық мәдениеті әр түрлі келімсектер арқылы қазақ даласына еніп, ол бұқара халықтың жүрегін жылытатынын байқатты. Қала мәдениетінің ықпалы күшейді, ғылым мен мәдениетке қазақ жастарының ықпалы арта түсті. Дала халқының сана-сезімі ояна түскен осы тұста қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенті -ұлы демократ ойшылы Ы.Алтынсарин шықты./1/
Ол арнаудлы психологиялық еңбектер жазбаса да, оның адамның сан алуан психологиялық сипатын ашатын шығармаларымен (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары, өлеңдері мен әңгімелері, аудармалары) қоғамдық, психологиялық мәселелерге орайлас көптеген деректер кездестіруге болады.
Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздарының, ғұлама ойшылдардың адамның жан жүйесі жайлы мұраларының қазіргі ұрпақ тәрбиесін оның жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамып жетілуіне қосар үлесі өз алдына бір төбе.
Ы.Алтынсариннің ұлттық дәстүр, салт-сананы, адамның бойындағы сан қилы психикалық ерекшеліктерді, оқу-білімді насихаттап, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақтың болашағын өз туындыларының негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдарының қазіргі заман талабымен үндесетін өміршең дүниелер./2/
Ы.Алтынсарин мұраларына зерттеп, тұңғыш өмірбаянын жасаған, оның педагогикалық, психологиялық ой-пікірі мен жұмысын жүйелі түрде талдаған орыс шығыстанушылары мен ғалымдары, оқу-ағарту жұмысының озық ойлы, ғалым-ұйымдастырушылары болды. /3/
Олар –орыстың белгілі шығыстанушы-ғалымдары В.В.Григорьев/4/ (1816-1881), Н.И.Ильминский (1822-1891)/5/, А.А.Бобровников (1822-1865)/6/, Орынбор оқу округінде әртүрлі дәрежелі мектептерді басқарған зертеуші-ғалымдар В.В.Катаринский (1846-1902)/7/, А.Е.Алекторов (1861-1918)/8/, А.В.Васильев (1861-1943)/9/, Н.А.Бобровников (1853-1921)/10/, М.П.Ронгинский (1866-1927)/11/, Еділ бойындағы аз халықтар арасындағы ағарту жұмысының жанашыры болған С.В.Чичерина (1868-1918)/12/, чуваш халқының озық ойлы педагог - ағартушысы И.Я.Яковлев (1898-1930)/13/, Қазан университетінің профессоры хакас Н.Ф.Катанов (1862-1922)/14/,белгілі пелагог-ұйымдыстырушы, Ыбырай Алтынсаринның шәкірті, әріптесі Ғ.Балғымбаев (1866-1943)/15/, тағы басқалары. Бұлардан басқа да Ыбырай творчествосы мен оның қазақ халқының тарихында алатын орны туралы айтқандар саны көп.
Ыбырай төңірегін кеңіте, молықтыра түсуде Ә.Ламашев он жылдам астам жұмыс істеді. Алтынсаринді танытуда, қомақты істер атқарғандарды саралап, таңдап алуда халқымыздың ұлы педагогіне қатынасын анықтауда біршама жұмыстар атқарды. Ыбырай Алтынсариннің ұстаз-достары десек В.В.Григорьевтің, Н.И.Ильминскийдің, В.В.Катаринскийдің, ал ізбасарлары десек А.В.Васильевтің, А.Е.Алекторовтың, М.П.Ронгинскийдің, Ғ.Балғымбаевтың аттары аталады да олардың тақырыбына байланысты қысқаша тоқталып өтіледі. Ал автор олардың әрқайсысына жеке көңіл бөліп, монография түрінде баяндайды./16/
Қазақстандық ғалымдар атап айтқанда, И.А.Грамс, С.Хасанова, филолгия ғылымдарының докторы Б Әбілқасымов/17/ т.б. зерттеулері де бар.
Білім беру жүйесінің әр сатысында Ыбырай шығармаларын оқып-үйрену, оны оқу бағдарламаларына ендіру мәселесі бұрыннан қолға алынғаны белгілі.
Бірақ ағартушы ұстаздың шығармаларын жүйелеп, бір бағытпен кең көлемде оқыту назардан тыс қалған. Жалпы білім беретін мектепке арналған ана тілі, әдебиет оқулықтарында тек оқу-білімге шақыратын өледері мен санаулы аударма әңгімелері ғана қамтылған. Ал жоғары оқу орындарының, психология педагогика және психология мамандарының оқу бағдарламасында, мәселен “Этнопсихология” пәнінде өте аз сағат бөлінгендіктен (мәселен, лекция 30 сөожж 30) Ыбырай мұраларына кең көлемде тоқталып өтуге уақыт тығыз.
Өркениетке бет алған заманда қазіргі ұрпақтың өзінің тарихи, мәдени, ағарту мұраларынан қол үзіп, көз жазып қалмауы үшін ұлттық байлық – ұлы тұлғалардың кейінгі ұрпағына қалдырған мол қазынасын білуі тиіс.
Осы мақсатпен біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Ыбырай Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері” деп атауды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріне психологиялық тұрғыда талдау жасап, жүйелеп, мұраларын ғылыми негіздеу.
Зерттеудің міндеті:
1. Ыбырай Алтынсарин мұраларына психологиялық тұрғыда талдау жасау.
2. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын жүйелеп, негіздеу.
3. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыту үрдісінде кеңінен қолдану мақсатында студенттердің өзіндік жұмыс түріне лайықтап, қарастыру;

Зерттеу жұмысының пәні: Ыбырай Алтынсариннің этнопсихологиялық көзқарастарының бағыттары;
Зерттеу жұмысының нысаны: Ыбырай Алтынсарин психологиялық және этнопсихологиялық мұралары:
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысы студенттердің Ыбырай Алтынсариннің мұраларын психологиялық, этнопсихологиялық тұрғыда жүйелеуге, негіздеуге мүмкіндік жасайды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін педагогикалық мамандықтар саласында даярланып жатқан студенттер мен жоғары оқу орындары және жалпы білім беретін мектеп оқытушылары оқыту үрдісінде қолдануларына болады.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы 2 тараудан, қорытындыдан, 2 кестеден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ХІХ Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Ы.Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлерінің этнопсихологиялық негіздері

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен творчествосын зерттеген ғалымдар А.Эфиров/18/, Б.Сүлейменов, Ә.Дербісалин/19/, Ә.Сыздықов/20/, Қ.Бержанов, т.б Ыбырай Алтынсарин енгізген оқу жүйесін қолдап, оның өміршеңдігі мен болашағын мақтан тұтқан. Әсіресе, оқытушылар даярлайтын мектептер мен қыздар училищелері жұмысын, олардың халыққа тигізіп отырған игі әсерін газет-журнал беттерінде кең насихаттап отырған. “қазақ қыздарының оқи бастауы,- деп жазды. А.Е.Алекторов,-жалпы білімге дала халықтарының құштарлығын дәлелдейді. Мұсылман діні әсерінің барған сайын төмендей беруін бұл сияқты фактілер дәлелдейтін сияқты. Торғай облысында, мысалы, әп-әдемі ұйымдасқан төрт орыс-қазақ училищелері: Ақтөбеде, Торғайда, Қарабұтақта, Қостанайда жұмыс істейді. Олардың атқарап отырған ісі, ат-атағы біраз аймақтарды шарлап кетті. Қостанай қаласына жалғас орналасқан Александровскіде әйел –қыздарға арналған орыс-қазақ прогимназиясының ашылуы бізді тіпті шектен шығара қуантып отыр. Бұл прогимназия үш миллион қазақтар үшін ашылған бүкіл Россиядағы жалғыз оқу орны, тек жолы болсын” Ғ.Балғымбаев/21/ оқу -ағарту ісін жақсартуға байланысты осындай педагогикалық мәні зор салиқалы ойлар айтқан үлкен педагог, мәдениет қайраткері. Өмірінің соңғы жылдарында ол Ы.Алтынсарин туралы естелік жазып қалдырды. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин оқушысы, әрі әріптесі болғандықтан Ғ.Балғымбаев ағартушының семьясы, жолдас-жоралары, жұмыс істеу тәсілі, қарым-қатынасы, адамгершілігі жайлы естелікте мол қамтылған. Арқалықтағы Ы.Алтынсариннің педагогикалық музейінде бұл естеліктің толық көшірмесі сақтаулы. А.С.Будилович /22/ Ыбырай Алтынсаринның оқу-ағарту жүйесіндегі бастамасы мен тындырған ісін әлденеше рет қайталай айтып, жоғары баға берді. Ол қазақ балаларының тек жетіден бірін ғана оқуға тартылып, отырғанын, мектептердің мүлде аз екенін тебірене жазды, өз ұсыныстарында қазақтар арасындағы оқу-ағарту ісін шұғыл жолға қою керектігін батыл айтты.
А.С.Будилович Ыбырай Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясын” жоғары бағалады. “Бұл оқулық халық тілінде, орыс графикасында жазылған. Бұл бастама жалғаса бермек”. /23,24/
1884 жылы Алтынсариннің «Шарият-ұл-ислам» ( Тәңірі заңдарының ережелері) аталатын еңбегі Қазаннан басылып шықты. Оны қолжазба күйіде Н.И.Ильминскийге, әріптестеріне көрсетіп, олардың орынды пікірлерін ескерді./25/
Бұл еңбекті жарыққа шығарудағы негізгі мақсаты туралы 1882 жылдың 12 сентябрінде ол былай деп жазды: «... қазіргі кезде қазақ арасында Мұхамбеттің діни оқу жайылып, етек алып барады... діни оқуға пайдаланатын... кітаптарда ешбір жүйе де, көбінде ешбір мағына да жоқ...» - дей келіп, діни оқуға кедергі жасап, белгілі дәрежеде тосқауыл қою мақсатында осы кітабын жазғанын айтады.
Ыбырай мұраларын зерттеуші ғалым, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ә. Дербісәлин «Шарият-ұл-ислам» кітабында алға қойған мақсаттары: «Біріншіден, діни қиялдар мен жалған уағыздаушылықты теріске шығару, екіншіден, оларға дін туралы жай ғана түсінік беру, үшіншіден, мектептерде міндетті түрде жүргізілетін дін сабағына осылардың негізінде жаңа оқулық жасау» - деп орынды тұжырым жасады.
Ыбырай Алтынсарин сол жылдың 1 ноябрінде Қарабұтақ бекінісінен тағы да бір кластық қазақ мектебін ашты. 1887 жылы Торғай даласында үлкен мәдени оқиға болды.
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыс графикасымен жазылған алғашқы кітап деп ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында ресми жұмыста болған қазақ интеллигенциясы да, оның творчествосын зерттеген кеңесік ғалым-жазушылар да айтып жүр. Қолда бар архив документтеріне жүгінсек « о баста қазақ жазбасына орыс графикасын енгізу идеясын орыс оқымыстылары берген сияқты. Олар қазақтарды қалайда татар ықпалынан тезірек шығаруды, қазақ тілін шағатай тілі дәстүрінен арылтуда қазақ жазбаларында орыс графикасын қолданудың зор маңызы болуға тиіс деп ойлады.

1.2. Ы.Алтынсарин мұраларының психологиялық тұрғыдағы бағыттары
Ы.Алтынсарин Шоқан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары, т.б.). қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Бұл пікірлер оның өзі айналысқан практикалық істерінен туындаған сияқты. Ой қозғаған осындай түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесінің психологиялық, педагогикалық негіздері, мұғалім – ұстаз проблемалары, қоғамдық психология мәселелері, жастарды оқу білімге шақыру, кәсіптік техникалық білім беру, әсіресе қазақ қыздарына білім беріп, сауатын ашу мәселелері, оқу әдістемелік құралдарын дайындау, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрып т.б. жайттарды жатқызуға болады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Ыбырай Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Ыбырай Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыст, Дипломдық жұмыс: Психология | Ыбырай Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін