Жолда жүру ҚМЖ 2 сынып
2-сынып
№ р/с | Айлар | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1. | қыркүйек | Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері | 1 |
2. | қазан | Реттелмейтін жол қиылыстары. | 1 |
3. | желтоқсан | Реттеуші және оның белгілері. | 1 |
4. | наурыз | Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде сапарға шығу. | 1 |
5. | сәуір | Мектепке жол (Сенің күнделікті бағытын.) | 1 |
6. | мамыр | Қорытынды сабақ. | 1 |
Барлығы: | 6 | ||
Бөлім: | ||
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Жундибаева Айгерим Сериковна | |
Күні: | 08.09.2025 | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы 2 «Б» | Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері | |
мақсаты | Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу. | |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Сабақтың жүру барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды топқа бөлу. 2. Сұрақ- жауап 1 топқа: Жол ережесі дегеніміз не? 2 топқа: Жол ережесін не үшін білуіміз керек? 3 топқа: Жол ережесін қалай сақтаймыз? Мұғалім: — Ал енді «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» 1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған.Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. 2. Көше бойлап аяңдайды,Адам тасып аялайды. 3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,Іргеден басталып, алысқа жеткізген4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,Бақырайған үш көзі бар бірақ та. 5. Арқаным бар тым ұзын,Ала-алмайсың бір үзім.Табыңдаршы, балалар,Бұл жұмбақтың шешуін. 6. Өзі сөйлей білмейді,Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. Сұрақ: — Бағдаршам деген не? — Ол қандай қызмет атқарады? Сұрақ: — Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ?— Жиек жол деген не? — Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Хормен: Қызыл көзін ашқанда,Сынық сүйем баспа алға!Сары көзін ашқанда,Қарап қалма аспанға!Жасыл көзін ашқанда,Өте бергін, жасқанба!Қызыл – Сары – Жасыл – Сұрақ-жауап: 1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?2. Бағдаршам дегеніміз не? 3. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?4. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек? 5. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? 6. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? 7. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?8. Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер көліктері өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? 9. Жолда қай жерден өту керек? 6. Көшеде жүру тәртібіне байланысты бейнеролик көрсету Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі — заңды тәртіп Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық! | (Бағдаршам көздеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл дөңгелекшелер арқылы бөлу) Жұмбақтарды шешеді (Жол полициясы) (Автобус) . (Жол) (Бағдаршам) Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді – Тоқта! – Сақтан! – Жол ашық! Кез — келген көлік түрін пайдаланатын адамдар. Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара6 ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы. Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді. Иә, міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Керемет! Жақсы! «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Керемет! Жақсы! | Презентация «Word wool» платформасы https:// adebiportal.kz/ kz/authors/ view/2223 |
Сабақтың ортасы | «Орнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды. Қызыл топ Сары топ Жасыл топ Мұғалім: -Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады. Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы» .Өздерін қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер. 1. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла,балалар!) 2. Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады) 3.Сымға асылып,жүр асығып. ( троллейбус) | Шартты белгілерді табады
| «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Керемет! Жақсы! | Интербелсенді тақта/ компьютер |
Сабақтың соңы | «Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру ------------ балалар ------------- тротуар -------------- ұмытпа -------------- сақта! Қорытынды Қай көше,қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да. Жол жүру ережесі Заңды тәртіп, Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға. | Өлең шумақтарын құрастырады | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Керемет! Жақсы! | презентация |
Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі | Оқушылар кері байланыс жасайды |
Бөлім: | ||
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Жундибаева Айгерим Сериковна | |
Күні: | 20.10.2025 | |
Сынып: 2 «Б» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | Реттелмейтін жол қиылыстары. | |
мақсаты | Оқушыларға реттелмейтін жол қиылысы дегеннің не екенін түсіндіру. Жаяу жүргінші немесе көлік қатысушысы ретінде мұндай қиылыстан қалай өту керектігін меңгерту. Қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын қалыптастыру: | |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу, дайындық деңгейін анықтау. «Жолда жүру кезінде сен не істер едің?» деген сұрақ арқылы бастау: “Егер жол қиылысына келсең, онда…” сияқты. | Оқушыларға түсіндіріледі. | «Бас бармақ» әдісі | презентация |
Сабақтың ортасы | 2. Жаңа материалды түсіндіру Реттелмейтін жол қиылысы дегеніміз: бағдаршамы, реттеушісі немесе трафикті басқаратын арнайы сигнал-құрылғысы жоқ жол қиылысы. Мұндай қиылыста көлік құралдарының қозғалысы және жаяу жүргіншілердің қозғалысы белгіленген немесе реттелген сигналдары жоқ болғандықтан, әр қатысушы өзіне жауапты. Реттелмейтін жол қиылыстарында жаяу жүргінші үшін мынадай ережелер бар: Жаяу жүргінші алдымен жолдан өтер алдында көлік қозғалысын, олардың жылдамдығын, бағытын бағалап, қауіпсіз екенін көріп барып ғана жолға шығады. Егер жолда жаяу жүргіншілер өтпесі болмаса, көлік жүретін бөлікті мінсіз емес жағдайда ғана, жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап кесіп өтуге болады. Шағын ауылда немесе тұрғын аудандағы жол қиылысы, онда бағдаршам жоқ, тек жол белгілері немесе бояулары бар болса — бұл реттелмейтін қиылыс. Топтық жұмыс Сынып оқушыларына суреттер арқылы түрлі жол қиылыстары ұсынылады: реттелетін (бағдаршам бар), реттелмейтін (бағдаршам, реттеуші жоқ). Оқушылардан сұрау: Қайсысы реттелмейтін? Оны қалай дұрыс өтеді? Топтарға бөлу арқылы: әр топқа макет немесе сурет беріледі, олар сипаттайды және «Мен жаяу жүргінші болсам, бұл жерден қалай өтер едім?» деп ойластырады. | Сұрақтарға жауап береді реттелетін (бағдаршам бар), реттелмейтін (бағдаршам, реттеуші жоқ) табады. | «Бас бармақ» әдісі «Бас бармақ» әдісі | Интербелсенді тақта/ компьютер |
Сабақтың соңы | Сабақты қортындылау пысықтау . Реттелмейтін жол қиылысы деген не? Мұндай қиылыста жаяу жүргінші не істеуі керек? | Сұрақтарға жауап береді | «Бас бармақ» әдісі | Презентация Презентация «Word wool» платформасы |
Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі | Оқушылар кері байланыс жасайды |
Тақырыбы. Реттеуші және белгілері | Мектеп: Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: | |||
Күні: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: | ||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту; Жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;Оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу. | |||
Бағалау критерийі | Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |||
Ресурстар | Бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер. | |||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | |||
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы | Ресурстар |
Басталуы 3минут | Ұйымдастыру кезеңі: 1)Оқушылармен сәлемдесу. 2)Оқушыларды түгелдеу. 3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру. «Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады. Топқа парта бойынша бөлу: І топ «Бағдаршам» ІІ топ «Жүргізуші» ІІІ топ «Аялдама» Мұғалім: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Оқушы: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. | Суреттер, слайд Бағалау |
Ортасы 20 минут | 1-тапсырма. Жұмбақ 1 - жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. ( жол) 2 - жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді, Ескеріп ешбір адам емдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай) 3 - жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам) 2-тапсырма. Викториналық сұрақтар. 1 - сұрақ. Жолаушылар дегеніміз кімдер? Жауап: Кез - келген көлік түрін пайдаланатын адамдар. 2 - сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не? Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді. 3 - сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады? Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат. 4 - сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек? Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмауы мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама - қарсы бағытта жүрген жөн. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Аяқталуы 10 минут | 3-тапсырма. «Бағдаршам ойыны» Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды. Ойын шарты: 1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді. 2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды. 3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады. Мұғалім: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін, жасқанба! | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды. |
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады: - Мен бүгін ........білдім - Маған .... қызықты болды - Маған....қиын болды | «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. |
(сабақтың тақырыбы)
Бөлім: | ||
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | ||
Күні: | ||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде сапарға шығу. | |
мақсаты | Оқушыларды трамвайда және басқа көлік түрінде жүру ережесімен таныстыру, оқушылардың жол қауіпсіздігін есте сақтауға, дұрыс жүруге сұрақтар қою, жұмбақ, өлең айту арқылы ойларын дамыту, жол ережесін білуге, сақтауға, тәртіптілікке, тазалыққа тәрбиелеу. | |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, қатер тұрғызады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбіне балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулері машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады, ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болыа қалады. Бағдаршам –өмірімізді жазымнан сақтандырып көмекшімізү оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оны дұрыс білу үшін мен сендерге жол белгілері туралы ертегі айтып берейін. Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде сиқырлы түстер деген жанұяда үш ағайынды түс өмір сүріпті. Олар ылғи кім күшті деп бір-бірімен айтысады екен. Қызыл түс айтады: «Мен күштімін, от сияқты қызылмын. Отсыз адам өмір сүре алмайды», - дейді екен. Сары түс айтады: «Мен күштімін – күн сияқты сарымын. Сенен мен күштімін», - депті. Жасыл түс айтады: «Мен күштімін – шырша сияқты жасылмын», - депті. Үшеуі шешімге келмеген соң сол кезде бағдаршам патша болыпты. Содан ақыл сұрап барады. Сонда бағдаршам патша айтыпты: «Үшеулерің де күштісіңдер, ешкім де жаман емес. Менің уәзірлерім боласыңдар. Менімен бірге патшалық етесіңдер» - депті. Содан бері жүздеген жыл өтті. Бағдаршам машина, адам жолдан өткенде, жүргенде бағдаршам мен уәзіріне бағынады. Енді біз өз уәзірлермен патшалық еткенде қандай жұмыс атқаратынымен танысайық. Қызыл түс – тоқта. Сары түс – дайындал. Жасыл түс – жүр дегенді білдіреді екен. (Жол белгілері атрибуттарын киген балалар шығады). Бағдаршам атрибутын киген оқушы: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап, Қашпаймын мүдіріп ешқандай сұрақтан. Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады Жарқырап көрінер түнде де жырақтан. Сақтандыру, ескерту белгісі қолында айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш жолағын ұстаған. Қып-қызыл үшбұрыш, Ескерту белгісі мен болам. Қауіптен сақ бол деп, сәт сапар жолдаған. Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те, Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған. | Тыйым салу белгісі форма киген, қолын жолақпен көмкерілген, сары түске боялған дөңгелек қалқан. Қызылмен боялған, шеңберім аумақты, Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты, Мен тұрған жерлерде жақын жоқ жүруге, Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа. Міндеттеу белгісі қолындағы көк түсті дөңгелек қалқанды алға тосып. Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты, Міндетті бұрылыс, әйтпесе, қауіпті Барлығын анықтап тұрамын жолында, Абай бол, шартымды міндетті орында! Нұсқау,көрсеткіш белгісі қолында көк түсті төртбұрыш қалқан. Баратын жерінің бағытын, тұрағын Үн-түнсіз жөн айтып жол нұсқап тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым. Қай көше, қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да. Жолда жүру ережесі заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға. Көше ережелері туралы тыңдау. 1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін. 2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс. Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн. 3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер. 4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін. Отырған оқушыларымызға жолда жүру ережесіне қатысты жұмбақтарды жасырамыз. Көліктің қаншасын жанынан өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол) Шабысқа тәулік бойы төзе алады, Бір тұлпар, жаңылмайтын жорғасы бар. Жүк емес жандарға жүз дамың, Доғасын сымға сүйреп, жолға шығар. (Травмай) Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) Екі аяқта, бір ізді, Үстіне адам мінгізді. (Велосипед)
| ||
Сабақтың ортасы | Қалада Сен бір қалаға келдің делік. Ауылға қарағанда мұнда адам да көп, машина да көп. Ал енді сол қала көшелеріндегі лек-лек халық пен ерсілі-қарсылы ағылған машина, автобус, троллейбус, трамвайлар арасынан дұрыс жол тауып өту үшін сен көшеде жүру тәртібінің негізгі ережелерін жатқа білуің керек. Ол мына ережелер: 1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана көшені кесіп өтуге болады. 2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр. 3. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр. 4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады. 5. Аялдамада тұрғанда автомобиль, автобус, троллейбустың тек ары жағынан айналып өт, сонда сен оның соңынд келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың. 6. Ал трамвайдың тек алдыңғы жағынан ғана өтуге болады. Әйтпесе қарсы келе жатқан трамвайды көре алмай қалуың мүмкін. | Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (Жолда жүру инспекторы) Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина) Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам) | ||
Сабақтың соңы | Сұрақ-жауап. 1. Өміріңізді қатерден сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не? 2. Көше қиылыстарынан қалай өтесің? 3. Қанша жасқа дейін велосипедпен жүруге болмайды? Жауабы: Тек 14 жастан кейін ғана рұқсат етіледі. 4. Трамвай, автобус, машина ратына жабысуға бола ма? Жауабы: Транспорт артына жабысуға болмайды. Апатқа ұшырауың мүмкін. 5. Үлкен көшеде тротуар жоқ болса қалай жүресің? Жауабы: Жолдың шетімен жүремін. Ауылда Біз Ұзынкөл ауылында тұрамыз. Алтын ұя мектебіміз ауылдың ортасында орналасқан. Орталық жерден өтетін ерсілі-қарсылы машиналар саны көп. Сондықтан әрбір оқушы күнделікті мектепке келерде көшеде жүру тәртібін жақсы білуі керек. 1. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. 2. Алдыңнан машина шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. 3. Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе. 4. Жер тайғақ болса, жолда абайла. 5. Ауылымызда тротуар жоқ, сондықтан жолдың оң жақ шетімен жүр. Міне, балалар көше ережесін дұрыс сақтамасақ кездейсоқ апатқа ұшырауымыз мүмкін екен. Ендеше ... Жыламасын апалар, Жас ұландар, өсе бер! Сақ болыңдар, балалар! |
Сабақ тақырыбы: | Мектепке баратын жол | Мектеп: | ||||||
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |||||||
СЫНЫП: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Оқу мақсаты: |
| |||||||
| ||||||||
Тірек сөздер: | қауіпсіздік – безопасность – safety; жаяу жүргінші – пешеход – pedestrian; бағдаршам – светофор – traffic light. | |||||||
Ресурстар: | Бағдаршам макеті, жол қозғалысы белгілері-тақташалар, ала құланның суреті (А4 форматы), қаладағы жол суреті (А4 форматы), жаяу жүргінші өтпесінің суреті, жануарлар таптаған жолдардың суреті. | |||||||
Сабақтың мақсаты: | 1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру | |||||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар | Сабаққа қатысты ескертпелер | |||||||
Қаладағы қозғалысты алғашқы реттеу әрекеттері Ежелгі Римде қолданылған болатын. Гай Юлий Цезарьдің жарлығы бойынша б.з.д. 50-жылдары қала көшелерінде бір жақты қозғалыс енгізілді. Жолда жүрудің қазіргі заманғы ережелерінің тарихы Лондоннан бастау алған. Парламенттің алдындағы алаңда механикалық темір жол семафоры орнатылған. Бұл 1868 жылғы 10 желтоқсан еді. Оны Джон П. Найт ойлап тапқан. Құрылғының екі семафор қанаты болды және ол қолмен басқарылды. Семафорды қызметші басқарып, таяқшаны көтеріп, түсіріп, фонарьды бұрып тұрған. Алайда, көтергіш механизмнің тізбегінен шыққан дыбыс қатты және жағымсыз болғаны сондай, жанынан өтіп бара жатқан аттар үркетін. Семафор бір ай жұмыс істеместен жарылып кетті. Қазіргі заманғы жол белгілерінің прототиптері деп елді мекенге баратын бағыттар көрсетілген тақташаларды айтуға болады. Жолда жүрудің бірыңғай ережелерін жасау туралы шешім 1909 жылы Парижде Дүниежүзілік конференцияда қабылданды. Бұған себеп қала көшелеріндегі автомобильдер санының артуы және жол қозғалысының көбеюі еді. | Сабақты сонымен қатар «Қашан? Кіммен? Қайда? Қалай? Не үшін?» және т.б. сұрақтардың көмегімен мектепке баратын жолды сипаттаудан бастауыңызға болады. Бұл тапсырмада оқушылардың жеке тәжірибесі маңызды болып табылады. Менің бағытым Үйден мектепке дейінгі жолды есіңе түсір. Сен қандай көшеде тұрасың? Өз жүретін жолыңды сипаттап көр. Жаяу жүретін адамды жаяу жүргінші деп атайды. Ол жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Оның көмекшісі – бағдаршам. Анықта. Оқушыларға мынадай сұрақ қойыңыз: «Машиналар мен жаяу жүргіншілер қозғалысын тек бағдаршамдар ғана реттей алады ма?» Жол қозғалысы белгілері көрсетілген (4) тақташаларды көрсетіңіз, оқушылардан олардың мағынасын түсіндіруді сұраңыз. Бекіту мақсатында «Жауабын тап» ойынын ұйымдастырыңыз. Ойын үшін мұғалімнің үстеліне теріс жағымен қойылатын тақташалар қажет. Санамақ көмегімен оқушыны таңдаңыз және одан төрт тақташаның біреуін алуын сұраңыз. Оқушы қарап, белгінің мағынасын қимылмен түсіндіруі тиіс. Зертте. Оқушыларға зебра мен көшедегі ала жолақ суретін көрсетіңіз. «Зебра мен жолдың қандай ұқсастықтары бар?» Оқушылардан қажетті жауап ала алмауыңыз мүмкін. Бұл жағдайда жетелеуші сұрақтар қоюды сұраңыз. Оқушылар түсіне бастағанда «Жаяу жүргінші өтпесі неліктен жолақ етіп жасаған?» деген сұрақты талқылауға болады. Мұғалім адам баласы жол барынша қауіпсіз болуы үшін барлық жағдайдың жасалғаны туралы деген қорытындыға келеді. Жауабы: Жаяу жүргіншілер өтпесі жүргізушіге де, жаяу жүргіншіге де анық көрінуі үшін жолақ етіп жасалған. | |||||||
Сабақтың қорытындысы | Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру | |||||||
Сұлба сыз
| Бұл сабақтың тірек сөздері барынша күрделі, сондықтан олардың мағынасын оқушылардың жақсы түсінуі маңызды. Олардан «жаяу жүргінші» сөзінің мағынасын сұраңыз. Тақтаға бұл сөзді жазыңыз және оның қандай екі сөзден тұратынын сұраңыз. Оқушылар бұл сөздің «жаяу жүру» деген мағынаны білдіретінін айтады. Осылайша, «қауіпсіздік» және «бағдаршам» деген тірек сөздерді талқылауға болады. Осындай жұмысты ағылшын және қазақ тілдерінде жүргізуге болады. Мысалы, «бағдаршам» деген сөз «бағдар» (бағыт) және «шам» (бағытты көрсететін шам) деген сөздерден тұрады. Бұл жағдайда сөздерді құрамы бойынша талдау оқушыларға есте жақсы сақтауға мүмкіндік береді. | |||||||
Пәнаралық байланыс Математика. «Зертте» тапсырмасын орындаған кезде оқушылардан суреттегі жаяу жүргінші өтпесінің ақ жолақтарын санауды сұраңыз. Жаратылыстану. Оқушылар көшедегі машиналарды бақылап, «Қозғалыс деген не және ол қалай пайда болады?» деген сұрақ төңірегінде ойланады. Өнер. Оқушылар жұмыс дәптеріндегі «Сұлба сыз» тапсырмасын орындайды. Оқушылар үйден мектепке дейінгі жолды, онда орналасқан нысандарды салуы тиіс. | Қосымша тапсырмалар «Оқушы-мұғалім-ата-ана» арасындағы байланысты жүзеге асыру үшін оқушыларға ата-аналарымен бірге «Сұлба сыз» тапсырмасында үйден мектепке дейінгі жолда кездесетін нысандардың дұрыс орналасқанын тексеруге тапсырма беріңіз (жұмыс дәптері, 12-бет). Байқау жүргізгеннен кейін оқушылар сызған сұлбаларына өзгеріс енгізе алады. | |||||||
Бағалау | Оқушылар – «жаяу жүргінші» сөздерінің мағынасын түсінді; – «қауіпсіз жол» ұғымын түсінді; – бағдаршам мен оның белгілерінің қызметі туралы білді. Оқушылар – үйден мектепке дейінгі жолды бағдарлауды; – үйден мектепке дейінгі жолдың қарапайым сұлбасын сызуды; – қарапайым бақылау жүргізуді; – сұрақтар қоюды үйренді. Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға «Сөйлемді аяқта» тапсырмасын беруге болады: Жаяу жүргінші – бұл .... Мен .... белгісін көргенде, жерасты жолын пайдаланамын. ....түс «өте бер» дегенді білдіреді. Мен .... көшесінде тұрамын. | |||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? | ||||||||
сабақтың тақырыбы)
Бөлім: | ||
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | ||
Күні: | 27.01.2025 | |
Сынып: 8 сынып | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | Реттеушінің белгілері | |
Құндылықты дарыту | ЖЖЕ туралы мағұлмат беру | |
Қауіпсіздік сабағы | Күмәнді жағдайда салауатты және қауіпсізөмірге апаратын жол | |
Мақсаты | ||
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Тақырыпты таныстыру. Оқушылардың назарын аудару үшін қызықты сұрақтар: "Реттеуші дегеніміз не?", "Ол қоғамда қандай рөл атқарады?" 2. Негізгі бөлім (20 минут) Реттеушінің белгілері: Реттеушінің анықтамасы. Реттеушінің негізгі белгілері: құқық, тәртіп, жауапкершілік, әділеттілік. Топтық жұмыс: Оқушыларды топтарға бөлу. Әр топқа "реттеушінің белгілері" туралы постер жасау тапсырмасын беру. Постерді қорғау (әр топ 3-5 минут). | Реттеуші болу дегеніміз не?Оқушыларға «Реттеуші болу дегеніміз не?» деген сұрақ қойып, әрқайсысы өзінің пікірін айтып берсін. Олардың жауабының негізінде топтық талқылау жүргізіңіз. Реттеуші болудың маңызды белгілері.Оқушыларға реттеуші адамның қасиеттері мен мінез-құлқы туралы жазуды сұраңыз. Мысалы, «Жақсы реттеуші адам қандай болуы керек?» деген тақырыпта эссе жазу. | презентация | |
Сабақтың ортасы | Пікірталас (10 минут) Оқушылардың постерлерін қорғау кезінде туындаған сұрақтар мен пікірлерді талқылау. "Реттеуші белгілері қоғамда қалай жүзеге асырылады?" деген сұраққа жауап іздеу. 4. Қорытынды (5 минут) Тәрбие сағатының қорытындысы: Реттеушінің белгілері мен олардың маңыздылығы туралы қорытынды жасау. Оқушыларға рефлексия: "Бүгінгі сабақта не үйрендіңіздер?" деген сұрақ. 5. Үй тапсырмасы Оқушыларға "Реттеушінің белгілері" тақырыбында эссе жазу тапсырмасы. | Ситуациялық тапсырма.Оқушыларға кейбір қиын жағдайлар мен мәселелерді шешу тапсырмасын беру. Мысалы, «Сіз командадағы дауды шешуге тиіссіз. Қалай әрекет етесіз?» деген тапсырманы беріп, шешімдерді салыстырып, талқылау. Реттеуші болу үшін не қажет?Оқушыларға осы сұраққа жауап беруді сұраңыз. Бұл тапсырманы жеке немесе топ болып орындауға болады. | Интербелсенді тақта/ компьютер | |
Сабақтың соңы | Постер жасау үшін қағаз, маркерлер. Слайдтар немесе бейнемазмұн (егер бар болса). Бұл тәрбие сағаты оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді және олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. | Жағдаяттар шешімін табу.Оқушыларға әртүрлі жағдаяттар беріп, олардан дұрыс шешімдер қабылдауды сұраңыз. Мысалы: «Командаңызда бір оқушы өз пікірін білдірмей отыр. Сіз қалай әрекет етесіз?» Топтық жұмысТоптар құрып, әр топқа «Реттеушінің рөлі» тақырыбы бойынша постер жасау тапсырмасын беріңіз. Постерде әртүрлі реттеуші белгілер мен қасиеттерді көрсету керек. | презентация | |
Қауіпсіздік сабағы | Сабақтың мақсаты: күмәнді жағдайда аулақ болуға үйрету. Негізгі міндеттер:
Сабақтың барысы
Пайдалы кеңестер: Салауатты өмір салтын ұстануға арналған кеңестер (дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, жаман әдеттерден бас тарту). Спортпен шұғылдану:
Спортпен шұғылдану кезінде жалпы тонус пен жақсы көңіл күйді сақтау үшін оның түрі емес, жүйелілік маңызды. 3. Қорытынды
Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/4uXM5dFfZB0?si=J3dXFk3UEJ5XSyP5 https://drive.google.com/file/d/1DrRhea8PtwPEG35cxaHw9a_tYYAT4-2O/view https://drive.google.com/file/d/15ssJDHQcGhKK9_HflByskNjBSzhPzROJ/view |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру