Жолдағы қауіпсіздік ережелері


«Бекітемін»

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Күні:16.09.2022ж

Мектеп: «Қоссейіт» жалпы орта мектебі

Сынып: 6 «Ә»

Сынып жетекшісі:Шоманова Э

Тақырыбы

Жолдағы қауіпсіздік ережелері

Сабақ мақсаттары

1.Оқушыларды жол тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу

2. Жолда жүру ережелерін меңгерту және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар

  • Жол ережелерін біледі және сақтауға дағдыланады
  • Жолда жүру мәдениеттіліктері қалыптасады
  • Куә болған келеңсіз оқиғаларға араша болуға үйренеді
  • Бір – бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге ойын еркін жеткізуді ұғынады

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел»жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият»құндылығына сәйкес оқушыларда білім алу дағдыларын қалыптастыру. Жауапкершілік сезімді дамыту,ой – өрісін кеңейту, қауіпсіздікті сақтау, сыныпта бірін-бірі құрметтеуге үйрету

Көрнекі құралдар

Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер, қима қағаздар, тапсырма парақшалары

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

0-5мин

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Бес саусақ» әдісі арқылы 5 түрлі адам өміріндегі басты орын алатын қағидалар мен қасиеттерді сараптап, бір – біріне тілегін жеткізу

Топқа бөлу «Бағдаршам»

Сар, жасыл, қызыл түстер арқылы топқа бөлу

Қорапша, қима қағаздар, стикер

5-10 мин

«Миға шабуыл»

Видеоролик «Жол – көлік оқиғасы»

  • Балалар, видеодан не байқадыңыздар?
  • Осы оқиғаның орын алуына не себеп деп ойлайсыңдар?
  • Бұл оқиғадан қандай ой түйдіңдер?
  • Осы қиғаның алдын алуға боатын ба еді, қалай ойлайсыңдар?

Осы сұрақтарды қою арқылы тәрбие сағатының тақырыбы ашылады. Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады

Бейнежазба, Үлестірмелік қағаздар

Сабақ ортасы

10 – 25минут

25 – 28минут

28-33минут

33 -35 минут

Мұғалім сөзі: Болашақтың кілті, елдің ертеңі, даңғыл жолы – жас ұрпақ, сендердің қолдарыңда. Сендер сол жолға түсу үшін жан – жақты білімді, сауатты болуларың керек.. Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында қарапайым жол ережелерін білмеу – үлкен қайғыға ұласып жатыр. Жол ережелері – өзіңнің және өзгенің өміріне жауапкер іспеттес. Сондықтанда, балалар, жолда қандай қауіпсіздік ережелерін ұстау керек деп ойлайсыңдар. Постерге түсірейік.

«Тайқазан»

1-топ. жол ережелері және адам

2-топ. жол ережелері және зат

3-топ. шартты белгілер

Топтық жұмыс. Кері байланыс: талқылау

«Жұмбақ сайыс»

  • Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
  • Арқаным бар тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім.Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. ( жол)
  • Ала таяқ ұстаған,    Жол тәртібін нұсқаған.

  Өміріңді күзеткен,   Ысқырығы күшті адам.(Жол сақшысы )

Жұптық жұмыс. Кері байланыс: талдау

«Талқылайық»

Ал, балалар, әрдайым мынадай жол ережелерін есімізде мұқият сақтау үшін тағы да бір талқылайық және жаттап алайық.

1. Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар басқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да барар жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2.Көшеде келе жатып, қақпадан шығып жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. Машина есігін ашып қалуы мүмкін.

3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.

Транспорттың артына жабысуға болмайды. Құлап апа тқа ұшырауы мүмкін.

4.Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.

5. Аялдама тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың, машинаның арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

6 Көшеден өтерде әуелі сол жағына көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағыңа көз сал. Егермашина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда күте тұр.

Қорытындылау

«Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос!

«Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.

«Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!

Маркер, стикер, плакат

Соңы

35 - 40минут

Рефлексия. «Қауіпсіз жол»

Әр оқушы бүгінгі сабақтан түйген әсерін немесе есіне ерекше сақтап қалған жол ережесін стикерге жазып, «қауіпсіз жолға» жабыстырады

Үлестірмелік қағаздар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушы жол қауіпсіздік ережелерін біледі, шартты белгілермен танысады, жол сақшысының, бағдаршамның ролін түсінеді. Аса қабілетті оқушыларға жол ережесін сақтаудың ерекше жолдарын зерттеуді тапсырамын.

Оқушылардың әрбір жауабын бағалап, кері байланыс жасап, мұғалім – оқушы, оқушы-оқушы моделімен бағалауды жүзеге асырамын.

Сабақ үстінде оқушылардың еркін қозғалуына, өз ойларын жеткізуіне кедергі жоқ, қауіпсіздік сақталған.

Сабақ бойынша рефлексия

Бекітемін:

Мектеп директоры: С.Мошкалов

Сынып сағаты

Тақырыбы:

Жолдағы қауіпсіздік ережелері

Сынып: 6«Ә»

Сынып жетекшісі:Шоманова Э

2022– 2023 оқу жылы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу