Экономика | Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде

 Экономика | Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде

Мазмұны

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

1 БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Білім беру – әлуметтік институт ретінде...........................................................6
1.2 Білім беру – адам дамуының маңызды факторы ретінде................................12
1.3 Ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы білім берудің маңыздылығы.....................................................................................16

2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Білім беру саласының заңнамалық базасының негіздерін талдау..................21
2.2 Қазақстан Республикасындағы ЖОО-ғы сапа менеджментінің жүйесі.........27

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢАШЫЛДАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Отандық білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы...............................................33
3.2 Білім берудегі инновациялар..............................................................................37
3.3 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білім беруді жаңашылдандыру стратегиясы................................................................................48

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61

Зертттеу тақырыбының өзектілігі. Білім мемлекеттің интелектуалдық және рухани ресурстарының сарқылмас бұлағы ретінде адамзат капиталының сапасын арттыруда басты роль атқаратын белгілі. Мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады. Бүгін еліміздің өзінің даму барысындағы басты ұстанымы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдегі бәсеке мейлінше қабілетті озық елу ел елдің қатарына қосылу. Жаһандану жағдайында барлық индустриалды дамыған елдер білімге, интеллектуалды және білім әлеуетіне, инновацияларға, озық технологияларға, негізделген экономиканы дамытуға бетбұрыс жасады.
Бүгінгі жаһандану дәуірі - заман шындығы. Сондықтан Қазақстан ғаламдану кезеңіне қалай ілесе алады, елдік ұлттық бет-бейнемізді қайтіп сақтаймыз, ең бастысы біз ғаламдануға не қоса аламыз - осы сұрақтар төңірегінде ойланып - толғанған абзал. Ал мұны білім мәселесімен сабақтастыра айтсақ, әлемдік білімнің ғаламдануы Қазақстанның алдына көптеген сынақтарды көлденең тартады.
ХХІ ғасыр – жаһандық жаңалықтар ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айрықша маңызды роль атқарады. Әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жоғары білікті мамандардың (ғалымдардың, мамандардың, жұмысшылардың, менеджерлердің, т.б.) бәсекеге қабілетілігімен анықталады.
Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт" атты Жолдауында ғаламдану жағдайындағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні жан-жақты түсіндіріліп, ел алдында тұрған міндеттер тұжырымдалған болатын. Солардың ішінде білім беру саласындағы бәсекеге қабілеттілік мәселесіне айрықша назар аударылып, "ұлттық бәсекелестік қабілеттілік" бірінші кезекте ұлттың білімділік деңгейімен айқындалатындығы белгіленді. [1]
Бәсекелестік жоғары білікті мамандардың тікелей белсенді қатысуы арқылы жүзеге асып, жаңару бағытындағы қоғам өз әлеуетін мейлінше жаңа күшпен толықтыруға мүдделі болса, бұл орайда ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан-ақ білім бәсекелестігінің міндеті қойылған. Ел білімінің қандай
болашағы, әлбетте, мемлекет таңдаған жолы - "осы заманғы әрі ұтымды технологиялардың негізінде өзінің ғылыми-техникалық әлеуетін жедел қалпына келтіру мен дамыту, өндіріс пен инвестицияның өсімін арттыру" деп көрсетілген болатын.
Ғылыми зерттелу деңгейі. Адам капиталы теориясының бөлігі ретінде білім беру экономикасын ХХ ғасырда америкалық Т. Щульц, Г. Беккер, П. Друкер зерттеді. Одан өзге ұлттық білім беру саласын модернизациялау бағытындағы оқыту мен экономикалық тәрбие мәселелері, отандық экономист-ғалымдар Я.Ә. Әубәкіровтың, Н.К. Мамыровтың, К.И. Нәрібаевтың, Ө.Қ. Шеденовтың, М.Д. Есқалиевтің, Т.С. Сарбасованың, С.К. Жұмабаевтің, Ғ.Р. Дәулиеваның, Л.А. Бимендиеваның және Ж.А. Тайжанованың еңбектерінде зерттелініп келеді.
Диплом жұмысының мақсатты: Білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын, бағыттарын анықтау және ұсыну.
Диплом жұмысының міндеттері. Алға қойылған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалады:
• білім берудің теориялық тұрғыда әлеуметтік институт ретінде мәннің ашу;
• ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы білім берудің маңыздылығын көрсету;
• білім беру саласының заңнамалық негіздерін талдау;
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің білім берудегі инновациялардың дамуын бағалау;
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың даму стратегиясын талдау.
Ғылыми методикалық базаның зерттелуі. Білім беру экономикасы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, ҚР БҒМ материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды. Зерттеу жұмысында дәстүрлі салыстыру, статистика-экономикалық талдау және логикалық талдау әдісі қолданылады.
Зерттеу обьектісі: Білім берудегі ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасындағы білім берудің дамуы және оның бәсекелестігін арттырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік мәселелері
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірнші бөлімінде білім беру мәні ашылып, адам дамуының маңызды факторы қарастырылып, ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігн арттыру көрсетілген.
Екінші бөлімде білім берудің сапасын жаңашылдандыру, ЖОО-ғы оқу үрдісін арттыру мәселелері, сапа менеджмент жүйесінің басты түйін ретінде негіздеуге талпыныс жасап, осы мәселе ұсынылған. Үшінші бөлімде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің инновациялық даму стратегиясы талданып, статистикалық көрсеткіштер көрсетілген.
Елдің экономикалық деңгейі мен оның әлемдегі бәсекелестік ұстанымы бірінші кезекте оның адамдарының сапасына-адамдық капиталға байланысты екенін көрсетеді. Сол cебепті білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» деп өсиет қалдырған.

1 БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Білім беру - әлеуметтік институт ретінде


Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші рол берілетін еді. Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті.
Осындай ұғымды біз сонау ХVІІІ ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту заманында Вольтер, Руссо, Дидро және Гельвеций білім мен ғылымның қоғам дамуындағы нағыз құдіретті күші туралы айтты.[2]
Соңғы екі жүзжылдықта классикалық саяси экономиканың көп экономистері білімнің қоғам дамуындағы орны, білімнің экономикалық аспектілері және оның әсер етуі жөнінде пікір білдіріп келеді.
Адам Смит білім негізін адам мінез-құлқын қалыптастырушы фактор ретінде алды. Ол білімді түрлі дарындарды дамытушы, сан алуан мамандықтарды өмірге әкелуші, сол мамандықтарға сәйкес тауар түрлерінің өсіміне әкеледі деп санады. Білім қоғамдық капиталдың қайнар көзі ретінде саналып, ал оқу, үйрену негізінде қорланған білім мен әдет – ұлттық байлық құрамына енеді.
Смит білім саласындағы маңызды орынды мемлекет алдындағы жеке секторларға беріп, білім сапасын жақсарту тиімді бәсекеде орын алатынын білдірді. Мемлекеттік оқу орындарының тиімді қызмет көрсетуімен қатар, жаңалықтар ашу деңгейін де сынға алды. Мемлекеттік және жеке оқу орындарына деген пікірінде біріншісінің тиімсіз қызмет етуі соңғысының қызметін қиындататынын ескертті. Дегенмен сол кездің өзінде Смит мемлекеттің білім өндірісіне анықталған шекте ықпал ету қажеттігін көрсетіп берді. Бұл өз кезегінде еңбек бөлінісінің экстенсивті дамуындағы теріс әсерлердің нейтралдануына байланысты. Мемлекет еңбекке қабілетті адамдар арасында оқу үрдісін жылдамдатуды, яғни қарапайым халық ұйымдастыра алмайтын уақыт пен қажетті негіздерді қолына алуын атап көрсетті. Мемлекет арқасында бастауыш мектеп жүйесінің құрылымын құру мен азаматтар арасында білім алу үшін шығындарды бөлу іске асады. Бұл тек жұмыскерлер тобын біліммен қамтамасыз етуде айтылған пікірлер. А. Смиттің пікірінше мемлекет мектептерді ғимараттармен, сондай-ақ оқытушыларды жалақымен қамтамасыз етуге ықпал етсе, ата-аналар оқу орнының ағымдық шығындары мен олардың да оқытушылар еңбегіне ақы төлеуге қатысу мәселесін көтерді. Осылайша А.Смит шығындарды бөлуді білім беруден пайда көретін екі жаққа да тиімді жол деп осыны ұсынады. А. Смит білім беру жүйесіне сырттан келетін қосымша қаржы көздерін (қайырымдылық секілді) қарастырмаған. Жалпыға бірдей бастауыш білім идеясын көтермесе де, қосалқы бастауыш ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі