Биология | Амур жалған теңге балығының морфобиологиясы

 Биология | Амур жалған теңге  балығының морфобиологиясы

Мазмұны


КІРІСПЕ .................................................................................................................4
I ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ..................................................................................5
1.1 Амур жалған теңге- балығының систематикалық орны...............................5
1.2 Амур жалған теңге-балығының морфологиялық сипаттамасы..................5
1.3 Амур жалған теңге-балығының биологиялық сипаттамасы.......................6
II ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ........................................13
2.1 И.Ф. Правдиннің морфоанализ көрсеткіштері............................................13
2.2 И.Ф. Правдиннің морфоанализ көрсеткіштерінің жіктелуі........................14
2.3 Балықтардың биологиялық анализі .............................................................14
2.4 Гонаданың жыныстық жетілу стадиялары...................................................15
2.5 Алматы облысындағы тоған шаруашылықтарын зерттеудің
сипаттамасы....................................................................................................17
2.6 Балықтардың морфоанализ әдістерінің экологиялық негіздері.................18
III ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ...........................................................................19
3.1 Амур жалған теңге - балығының қазіргі таралуы ....................................20
3.2 Амур жалған теңге – балығының морфобиологиялық
сипаттамасы ...................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................26

КІРІСПЕ

Қазақстанға балықтарды жерсіндіру тарихы бойынша үш кезеңге бөліп қарастырылады.
Республикамыздың суқоймаларына балықтардың алғашқы жерсіндірілуі революциялық кезеңге дейінгі уақытта болған. Ол 1885 – 1890 жылдары Алматы қаласының тоғандарына бірнеше дана сазан балықтарын жіберуден басталған.
Екінші кезең 1848 – 1956 жылдары аралығында әр түрлі суқоймаларға балықтардың 18 түрі, сонымен қатар бірінші кезеңнен екі есе көп отырғызылған. Арал бассейініне балықтардың 13 түрі енгізілген. Осы уақыт аралығында Арал теңізіне шоқыр балықты жерсіндіру жұмыстары оралдың дельта бөлімінен алынды.
Үшінші кезең 1950 жылдардан басталды. Бұл кезеңде ақсаха, көксерке және өсімдікжемді балықтарды жерсіндіру жүзеге асырылды. Осы уақытта Қазақстанда әдейі ұйымдастырылған топтың қатысуымен Кәсіптік жерсіндіру станциясына әкеліп отырғызды. Қазақстанның тоған шаруашылықтарына және Орталық Азия суқоймаларына – Қытай елінің суларынан және Амур бассейіндерінен әкеліп ақ амур және ақ дөңмаңдай балықтарын жерсіндіргенде кездейсоқ әкелінген тағы басқа бірнеше түр балықтары болды. Солардың ішінде амур жалған теңге – балық кездескен.
Амур жалған теңге – балық Abbottina rivularis (бұрынғы атауы Pseudogobio rivularis) кең тараған түр. Олар Жапония, Қытай және Амур өзенінің төменгі бассейінде мекендейді [1].
Қазақстанда бір ғана түрі кездеседі. Ол Abbottina rivularis. 1956 – 1958 жылдары өсімдікжемді балықтарды Қытайдан жерсіндіру кезінде Қазақстан мен Орта Азия тоған шаруашылығына кездейсоқ әкелінген [2-5].
Амур жалған теңге балығы 1968 жылы табылған. Түр – жылу сүйгіш. Маусым – шілде айларында өрістейді [1,6,7].
Бұл ұсақ балықтар ихтиофаунаның әртүрлілігін толықтырып тұрады.
Өндірістік маңызы жоқ, бірақ Амур өзеніндегі өндірістік маңызы бар балықтардың қорегі ретінде маңызы бар. Қорек ретінде бағалы бентофагпен бірге конкуренциялық қатынаста болады.
Мақсаты: Амур жалған теңге – балықты оқып зерттеу, көптеген ғылыми кітаптар арқылы терең танысу, зерттеу методикасын үйрену, құралдармен жұмыс істеп үйрену.
Міндеті: Балқаш бассейндігі әр түрлі суларында мекендейтін амур жалған теңге – балықтың экологиялық өзгерістерін морфоанализ арқылы зерттеу.

I ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ


1.1 Амур жалған теңге – балығының систематикалық орны

Тип Chordata - Хордалылар
Тип тармағы Vertebrata - Омыртқалылар
Бөлім Gnathostomata - Жақтылар
Класс үсті Pisces - Балықтар
Класс Osteichthyes – Сүйекті балықтар
Отряд үсті Cyprinimorpha - Циприноидтар
Отряд Cypriniformes – Тұқытәрізділер
Тұқымдас Cyprinidae - Тұқылар
Туыс Abbottina - Лжепескарь
Түр Abbottina rivularis – Амур жалған теңге - балық [8,9]

Ертеде амур жалған теңге – балығы Pseudogobio rivularis түріне жатқызылған. Бірақ соңғы мәліметтерге қарағанда бұл түр Abbottina туысына жатқызылады. Туыстық өзгерістерге байланысты орысша атауы өзен абботина деп өзгерген. Жапондық және континентальды түрлері жеке түр астына жатқызылуы мүмкін [6,10-12].
Амур жалған теңге – балығының кездейсоқ жерсіндірілгеніне республикада 25 жыл уақыт өтті.


1.2 Амур жалған теңге – балықтың морфологиялық сипаттамасы

Амур өзенінде Д II – III 7, А II – 5, бүйір сызықтарының қабыршақтар саны – 36 – 41, жұтқыншақ тістері – бір қатарлы 5 – 5, Балқаш – Іле бассейінінде: Д III 7,5; А II – III 5,5; Бүйір сызығының формуласы 33х 5 – 7/4 – 5, 39 орташа қабыршағы 36,6; омыртқа саны – 30 – 34; кеуде – 14 – 16; құйрығы – 15 - 18, 1 –ші желбезек доғаның саны 10 – 14 орташа 12, аузы – төменгі үстіңгі жағы төмен қараған. Төменгі ерні үзілмеген, бірақ ол 3 бөліктен тұрады. Мұртшасы – қаралау қысқа, олардың ұзындығы көзінің қарашығының диаметріне тең. Қабыршақ көлемі – орташа, тамағының асты жалаңаш [13].
Тұмсығы танау тесігінің алдында, тікке жоғары қараған. Көзі жоғары орналасқан. Арқа жүзбе қанаты құрсақ қанатының алдына қарай орналасқан. Дененің биіктігі – 5,1 – 5,4. Арқасы – сұр – қоңыр. Арқа, ал кейде құйрық қанаттарында ашық қара дақтары бар, бұл жас шабақтарында жақсы байқалған. Арқа және құйрық қанаттары қатты [13].
Бұл түрдің максимальды мөлшері өзі туған су қоймасында 8,5 – 10,5 см – ге тең, ал Балқаш – Іле бассейіндерінде 12 см – ге дейін. Көп жағдайда 8 см. дене массасы 4,7 – 11,34 г [14].
Денесі бүйірінен қысыңқы, денесі шығыңқы, тұмсығы ұзарған. Түсі біршама кәдімгі құмқазғышқа ұқсас. Арқасының түсі – күңгірт, көбіне күңгірт – қоңыр, құрсағы – ақ күміс түсті. Денесіндегі дақтары – ұқсас, құйрық және арқа қанатында біршама ашық түсті.
Ауыз бұрышында қысқа мұртшасы бар. Д II – III 7 – 8; А II – III 5 – 7; желбезек өсінділері -8 – 15; жұтқыншақ тістері бірқатарлы 5 – 5. Жақын түрлердің кариотипі 2n = 50 ( A.ecocinus) [1,6,15].

1.3 Амур жалған теңге – балығының биологиялық сипаттамасы

Таралуы. Тұщсулық түр. Құмқазғыштың ішінде амур жалған теңге – балық жылу сүйгіш. Әдетте судың ақырын ағысында және тоқтанды суларда тіршілік етеді.
Ханка көлінің бассейінде, Роздольный өзенінде кездеседі. Жалпы тіршілік ету ареалы – шығыс Азияның тұщы суларында, Амур өзенінің меконга өзеніне дейін кездеседі.
Қытайдағы Янцыцзяннан солтүстікке дейін, Кореяда да кездеседі. ТМД аумағында ертеде Амурдың төменгі және ортаңғы ағыстарында кездеседі [1,6,7].
1956 -1958 жылдары өсімдік жемді балықтарды Қытайдан жерсіндіру кезінде Қазақстан және Орта Азияның тоған шаруашылығына кездейсоқ әкелінген. Балқаш – Іле, Арал бассейіндері осы суқоймаға жатады, Сарысу, Талас, Шу өзендерінде табылған. В.П. Митрофановтың пікірінше түркістандық пескармен гибридті форма түзеді [2-5,16].
Өте көп тараған Амур бассейіні мен жапон теңізінің өзенгі бассейінінен бастап оңтүстігі меконкаға дейін. Қытайда, Кореяда және Жапонияда кездеседі. Россияда жоғарғы және ортаңғы Амур ағыстарында, Ханка өзенінің бассейінде тіршілік етеді [6,10].
Өсімдік жемді балықтарды Амудария мен Сырдарияға жерсіндіргенде кездейсоқ келген.
Өзбекстан суқоймасына өсімдік жемді балықтарды жерсіндіргенде бірге келген 1960 жылдың басында Ташкент облысында «Балыкчи» балық совхозына әкелінді (Сырдария өзені). Отырғызу материалы ретінде, ертедегі суқоймаға, бассейіндерге өзендер арқылы барлық балық совхозын толықтырып тұрды[17].
Көбеюі. Бір жылда жыныстық жағынан жетіледі (Амур өзенінде) кейде кеш 2 жылда (Балқаш – Іле) жетіледі, денесінің мөлшері 4 – 5 см – ге жеткенде жыныстық жағынан жетіледі. Аталығы аналығынан үлкен. Жыныстық кезеңінің байқалуы және кеуде қанаттарында болатын тікенектерінде. Өрістеу кезеңі – сәуірдің соңы – майдың басы және тамыздың басында порциялап және ұзақ шашады, маусым – шілдеде, Амур өзендерінде 2 – ші және 6 – шы порция уылдырықтарында бір – бірінен айырмашылықтары бар. Тұқымдылығы – Балқаш – Іле бассейіндерінде ұзындығы бойынша 6 – 8 см, 0,8 – 1,2 мың уылдырық, ал қапшағай суқоймасында тұқымдылығы біршама жоғары – 1,55 – 7,55 мың уылдырық. Амур өзенінде ол көрсеткіш өзгеріп 1,2 – 1,98 мың уылдырық алынған. Өрістеу кезеңі - өзен, көл, суқойманың системасында жүреді. 10 – 40 см тереңдікте судың әлсіз ағысымен, құмды және құмаралас грунтта өтеді. Икрасы шұңқыр ұяшыққа салынады, оның диометрі 15 -25 см, аталықтары ұяшықтарды құрады , мәлімет бойынша аналық суқоймалар үшін кеңдігі(1 – 2,3 см) ұяда орналасқан уылдырығы жерсіндірілген суқоймаларда белгіленбеген. Бір ұяшықта кездескен уылдырықтар саны өте төмен: 1711 дана. Амур өзенінде және Іле бассейінінде 172 – 537 дана [1,3,6,18-23].
Шыққан уылдырық су температурасына байланысты аталықтың қарауымен 4 – 8 күнде дамиды. Өзінің ұрпағын қорғау үшін уылдырықтарын басымен, кеуде қанатымен қорғайды, оттегінің болуын жақсартады. Уылдырығы жабысқыш, диометрі 2 – 2,5 күнде түсіп қалады 4 – 4,2 мм эмбриондардың сарыуыз қапшығы болады., кеуде қанаттары ұзын, құйрық бөлімі біраз қайырылған 4 – 5 күндей аралығында су түбінде болады, судың қалың қабатында болады. 11 – 15 тәуліктен кейін шығады, ұзындығы 5 – 6 мм. Заводтарда өзендерде концентрацияланады, осы даму сатысы жүреді. Әр жылда Іле бойында 0,06 – 2,16 мм дана ұсталады, жас лжепескарь шабақтары ұсталады. А – В кезеңдерінде осындай ұсталған түрлердің 0,05 - 4% - ын мыналар құрайды: дрифт личинкалары және т.б. түрлер (амур чебачогы, амур бычогы т.б.). миграция кезеңі бұл бассейінде макмыр ортасы маусым соңына дейін болады. Маусымның бірінші декадасында максимумге жетті[6,24,25].
ГЭС плотинасынан Балқашқа дейінгі барлық өзендерде лжепескарь түрлері табылған. Белгілі бір аймақта барлық өзендерде түрлердің өрістегіштігі тіркелмеген. Бұл түрдің жас шабағының поставщигі болып Іле өзеніндегі Акдалинский массив орошения саналады. Осы жерде лжепескарь активті көбейді және сбросты каналмен русловой бөліміне жиналды. Сырдариядағы бұл түрдің көбеюі туралы мәліметтер бізге беймәлім. Амур лжепескарьі бұл өзенде табылмаған [26,27].
Өрістеу уақыты келгенде алдыңғы жүзбе қанатында өсінділер қалыптасады, сол арқылы жыныстық жетілгенін білуге болады. Кеудесінің төменгі бөлігі осы кезде сарғыш түс береді, ұзындығы – 5 см жеткенде 1 жылда жыныстық жетіледі, өрістеуі – порционды, аталығы ұясын шұңқыр түрінде салады, ол жерге аналығы – 1000 уылдырыққа дейін салады. өрістеуі топпен де болады, онда бір аталыққа 2 – 3 аналықтан келетін топ өрістеуге шығады. Инкубациялық кезең су температурасы 2 С0 тең болғанда, 4 – 5 күнге созылады[27].
Уылдырығын және дернәсілдерін аталығы қарауылдап жүреді. Аквариумдағы балықтар 6 – 8 см – ге дейін өседі. Қоректің барлық түрімен қоректене береді. Оптимальды жағдайдың құрамы; Судың қаттылығы 2 ден 12 С0, рН – 6,5 – 7,5; t = 16 – 22 C0. суда міндетті түрде аэрация және фильтравание болуы тиіс.
Уылдырығын конус тәрізді шұңқыр ұяға салады, ондағы уылдырықты аталықтары қарауылдайды[28].
Егер аквариумда дұрыс жағдай жасалған болса, балықтар өзін қалыпты сезінеді. Олардың мінез – құлығын және көбеюін және т.б. сұрақтарға жауап іздеуге болады [28].
Ұясы – шұңқыр табақ тәрізді. Ішкі диаметрі – 20 см, тереңдігі 5 см дейін терең. Ұясы жағалауға орналасады, ұсақ аймақтарда ұясы 8 – 40 см тереңдікке салады және әр түрлі грунттарға: құмды, құмды – лайлы және қарапайым лайлы грунттарға орналасады.
Осы грунта ұялар ашық дөңгелек дақтар сияқты көрініп тұрады. Осындай ұсақ сулардың температурасы – 30 С0 –ге дейін жетеді. Аталық ұяны активті түрде қорғайды. Ол өзімен бірдей жастағы аналықтан ірілеу. Өрістеу уақытында аталықтың басында және кеуде қанатында өсінділер пайда болып, сол арқылы ұяны қорғап жүреді. Ол активті түрде ұяны басқа балықтардан қорғайды. Ұяға адам жақындаса аталығы ұядан біршама құмға немесе өсімдіктерге қарай кетеді. Біраз уақыт қозғалмай бақылап отырсақ, біраздан соң ұяға қайтып оралады. Содан кейін ұясында уылдырығын қарауылдайды. Кеуде қанаттарын қозғалту арқылы аталықтары ұясындағы суда ток шығарады [1].
Уақыт өткен сайын, аталықтары уылдырығын біршама айналдырып қозғайды. Аузына бірнеше уылдырықты салып, қайта орнына қояды. Бұл жағдай ұядағы газдық режимді жақсартады.
Лжепескарь уылдырығын ұсақ бентофагтардан жою үшін қорғайды. Ол өжет түрде қолға қарай секіреді және тістейді, бүкіл денесімен ұрады, әсіресе кеуде қанатының қатты өсінділері бар сәулелерімен ұрады. Егер аталықты ұядан алса, онда ұяға горчак, шабақтар, құмқазғыштар ұяға жиналады. Уылдырық дамуы тез өтеді, дернәсілдері біршама су қабатында жүзіп жүріп су түбіне шөгеді. Дернәсілдің кеуде қанаттары өте ірі саусақ тәрізді ұзындықта жетілген. Бұлай болу себебі, жалған құмқазғыштың дернәсілдері, басқа құмқазғыштардың дернәсілдерімен салыстырғанда жұмсақ грунтта тіршілік ететін және оған бекіну үшін біршама үлкен көлемде болуы тиіс [1].
Жасы мен ұзындығы. Қазақстанда оның ішінде Амур өзенінде лжепескардың биологисы жайлы мәліметтер аз көлемде берілген. Лжепескарь қысқа мерзімді балық. Амур өзені мен су қоймаларда лжепескарь жасы – 5 жасқа дейін болады. Қапшағай суқоймасының балықтары ұзындығы 1,4 – 7,0 (орташа 3,0 см) ,салмағы 0,023 – 4,7 г (орташа 1,3 г), Алматинкада 25,6 – 83,5 мм (орташа 41,76 мм), салмағы 0,282 – 11,34 г (орташа 1,23 г), өзендегі популяция түрлерінің денесінің ұзындығы Алматинкада 60 – 66,7 мм (орташа 62,62 мм), салмағы 3,46 – 6,0 г. Ауланған түрлердің ұзындығы Амур бассейінінде 4,5 – 8,5 см [2,3,6,18].
Лжепескарьдің өсуі аналық суқоймада келесі көрсеткіштермен көрсетіледі, мм: бірнінші жылы 42 – 50, екінші жылы 56 -60, үшінші жылы 67 – 78 аталығы аналығына қарағанда тез өседі 4 -6 мм: бұл жаста аталығының ұзындығы 70 – 78 мм, аналығы 67 – 84 мм бұл көптеген қозғалатын балық түріне тән[20,21].
Амур бассейіні үшін лжепескарьдің өсу қарқыны су қоймада өте төмен екені көрсетілген. Амур өзенінде жылдық өлшемдері 42 – ден 50 мм-ге дейін өзгертеді, Қапшағай суқоймасы мен Бақанастық системада 27 – 46 және 37 – 46 мм сәйкестік бар, бірақ келесі жылғы өсімді қосқанда (1+). Осындай тенденция басқа топтарда да табылған бірақ, төменгі сатыда. Өсімтал топтардың арасында есептелген және қарастырылған жылдық өсуі бір – бірімен алшақтамайды: Амурда жылына 10 – 18 мм құрайды. Қапшағай суқоймасында 13 – 19 мм. Ересек балықтарға өсіміне жүргізілген бақылаудың нәтижесі. Амурда үш жылдық – 11 – 18 мм және су қоймаларда 2 – 3 жастағылары 15 – 19 мм. Салмағының өсімі төрт жастағыларда су қоймалар үшін жоғары.
Аналық суқоймаларға қарағанда Қапшағай суқоймаларындағы амур жалған теңге - балық жақсы өсімі көрсетілген: 2+ =7,5 см, 3+ =8,5 см, 4+=9.1 см. аталғандардың барлығы әр түрлі су қоймаларындағы оның шектеусіз өсімімен байланысты болуы мүмкін. Бұл түрдің максимальды өлшемі Балқаш – Іле бассейінде (12 см) жоғары, Амур өзеніне қарағанда [20,21].
Қоректенуі және қоңдылығы. Амур бассейінінде - амур жалған теңге - балығы стенофаг ретінде тіршілік етеді. Қоректің 59 % - ын бентостық организмдер құрайды, соның ішінде негізгі өкілдері херономидтер. Басқа компоненттердің ішінде 63,1 % өсімдіктер қатысады. Қоректену компоненттерінің ішінде өсімдіктердің ұрықтарының маңызы зор және олармен қоректенетіндіктен жұтқыншақ тістерінің жоғарғы бетінің көлемінің өзгеруіне және ішектердің ұзындығына әсерін тигізіп, дене ұзындығының 90 – 110 % - ын ішегі алып жатады [6,29].
Бентоспен қоректену уақыты дернәсілдік кезеңінен басталады. 10 мм – ге дейінгі жас особътардың қорегінің объектісі – бентостық және жағалауда тіршілік ететін коловраткалар. (Trichocera, Monostyla hepadella) біртекті кездесетіндер негізінен – десмидиялар және диотомды балдыырлар және қарапайымдылар.
Шабақтардың қорегіне аз қылтанды құрттар, бұтақмұрттылар, жапырақаяқтылар (ескекаяқты шаяндар), херономидтер, нематодтардың дернәсілдерімен қоректенеді. Ірі балықтың қорегі жылдың маусымдарына байланысты өзгеріп тұрады.
Херономидтердің дернәсілдері маусым айында 70 - 84 %, ал шілдеде 11- 20,8 %, ал күзге қарай бұл көрсеткіштер жоғарылайды. Стенофагия деңгейінің жоғарылылығы лжепескарьдің Амур өзеніндегі Қоректің көптігінен және бұл түрдің су астында мекен етуіне байланысты [29].
Балқаш – Іле бассейінінде тіршілік ететін лжепескарьдің қорегінің спектрі кеңейген және жаңарған.
Қапшағай суқоймасында қорегінің құрамы 16 компонентті құрайды, ол жануарлардан және өсімдіктердің төменгі деңгейін құрайды – 26,3 ‰ [30].
Өсуінің қатынасына байланысты Қапшағай су қоймасында рационды өзгеріп тұрады, компоненттің саны сияқты қорегінің құрамы да өзгереді. ( 1 кесте).
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі