Балық шаруашылығы | Іле Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы

 Балық шаруашылығы | Іле  Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің  биологиялық сипаттамасы

Мазмұны

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР 7
АНЫҚТАМАЛАР 8
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 9
КІРІСПЕ 10
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 11
Балхаш бассейнінің ихтиофаунасының тарихи дамуы 11
Көксерке балығының систематикасы мен биологиясы 12
Сазан балығының систематикасы мен биологиясы 13
Тыран балығының систематикасы мен биологиясы 14
Жайын балығының систематикасы мен биологиясы 15
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы. 16
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 22
Зерттеу жұмыстарының материалдары мен әдістемелігі 22
Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймаққа физикалық географиялық сипаттама 22
Зерттеу материалдары мен әдістемелігі 28
Балықтардың биологиялық талдауы 28
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ 31
Көксерке балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері 31
Сазан балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері 33
Тыран балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері 34
Жайын балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері 36
Кәсіптік балықтардың биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін жүргізілетін шаралар 38
Теңбіл талма балығының биологиялық көрсеткіштері 41
Популяцияның жастық құрамы 43
Қолайсыз жағдай индексі және морфопаталогия 44
Балқаш су алабындағы теңбіл талма балығының морфологиялық өзгергіштігі 45
ҚОРЫТЫНДЫ 53
ҰСЫНЫСТАР 54
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 55


Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың шаруашылықтық іс әрекетінің және қоғамның қарқынды даму барысында көптеген су жануарларының, соның ішінде балықтар түрлерінің тіршілік ету жағдайының өзгеруі көбею экологиясы мен кейбір балық түрлерінің дамуының өзгерісіне әкелді.
Балық қорын рациональды пайдаланудың ғылыми негізін дамыту және балық өсіру шаруашылығының даму қарқындылығы балықтар жайлы білімдерді және олардың әртүрлі қоршаған орта факторларының әсеріне реакциясы туралы мәліметтерді білуді қажет етеді.
Балықтардың алуан түрлілігін қорғай және сақтай отырып рациональды пайдалану балық шаруашылықтарының негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Бұндай мәселелерді шешу бүкіл онтогенез кезеңін қамтитын балықтар физиологиясы, морфологиясы, экологиясы сияқты нақты білімсіз болуы мүмкін емес.
Соның ішінде балықтарының сазан, көксерке, тыран, жайын биологиялық ерекшеліктері зерттелмеген.
Дипломдық жұмысымның мақсаты Балхаш көліндегі кәсіптік маңызы бар балықтарының биологиялық жағдайын зерттеу. Жұмысымның мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылды:
- Іле-Балхаш бассейіне физикалық-географиялық сипаттама беру;
- Сазан, көксерке, тыран, жайын кәсіптік маңызы бар балықтар түрлеріне биологиялық талдау жүргізу.
2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2.1 Іле -Балхаш бассейнінің ихтиофаунасының тарихи дамуы

Балхаш-Алакөл бассейнінің тарихы геологтармен (мысалы, Каспий, Арал және Зайсанға қарағанда) аздап толық зерттелген. Алакөл көлінің барлық жүйесін қамтитын Үлкен Балхаш көлі деңгейінің өзгеруі толық құрғап кетуге алып келіп, онда бұрыннан тірішілік ететін ихтиофауна толық жойылып, орнына таулы өзендердің ихтиофаунасымен алмастырған [1].
А.М.Никольскийдің ойы бойынша Балхаш ертедегі Ханхай суқоймасының қалдығы және оның пайда болуы үштік кезеңге жатады [2].
Бұл сұрақты В.А. Обручевта растайды. Бұл ойлар бойынша кейбір палеонтологиялық дәлелдер бар. Андреевка ауылында (Талдықорған облысы) ҚазССР Ғылым Академиясы зоология институтының палеонтологтары тапир және даталанған эоциндермен бірге көмілген амия балықтардың қалдықтарын тапқан.
Төрттік кезеңде Балхаш көлі кеуіп кеткен және көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша ортаңғы және жоғарғы плейстоценде, голоценде Балхаш және Алакөл арасында ешқандай байланыс болмаған, осы ойға гидробиологтар қосылады. Балхаш Алакөлмен байланысын мұзды дәуірден кейін үзген. К.В.Курдюковтың айтуы бойынша (1951) Алакөлден солтүстікке қарай қазіргі тереңдігінен шамамен 400 м биіктікте көлдік терассаның бар. Осыған орай, ол Балхаш пен Алакөл арасында байланыс орнағанын дәлелдейді.
Л.С.Бергтің ойы бойынша (3) Балхаш көлі салыстырмалы жақын уақытта түгел кеуіп кеткен. Балхаш қазіргі кездегі күйі бойынша – салыстырмалы жас көл; оның шұңқырлары бұрын құрғақ болған. Бұл жағдайды Л.С.Берг мұзды дәуірден кейін болған деп есептейді.
Ф.А.Турдаковтың ойы бойынша бұрынғы кезде осында көл болған, Іле және Ыстықкөл бассендерінде ол ағып кету құбылысы болуы мүмкін. Тюп және Ирису өзендерінің ағып кету бағытының ауысу мүмкіншілігін жою Ыстықкөл және Балхаш көлінің арасындағы ихтиофаунаның ауысу мүмкіндігін туғызады. Бұл болжау күмән туғызбайды, бірақ түсінікті емес. Ыстықкөл ихтиофаунасының шығуы Балхаштан келген келімсектерге байланысты. Ф.А. Турдаковтың жазуы бойынша Батыстағы Сан-Таш өрінде Ыстықкөл көліне жақын түр Sch. issykkuli тіршілік етеді. Сонымен, Ф.А. Турдаковтың айтуынша таулы-азиаттық түрлер Балхаш бассейнінен шыққан. Оның көзқарасы бойынша Балхаштан Ыстықкөлге қара балықтар және көкбас балықтар енген, Балхаш бассейнінің таулы-азиаттық элементтері Іле өзенінің жоғарғы ағысынан, Нарын және Тарим өзендері арқылы енгенін А.А. Баймбетов та (4) жанама қолдайды.
Егер Л.С. Бергтың айтқаны рас болып, Балхаш шынымен мұзды кезеңнен кейін құрғаған болса, онда қара балық және талма балықтар үшін бастапқы суқойма болуы мүмкін емес.
“Балхаш фаунасына таулы-азиатық өкілдері қайдан келген?” деген сұрақ туады. Мүмкін олар Ыстықкөл бассейні арқылы енген шығар, әйтпесе біз N. strauchi-дан бастап барлық талма балықтарын, D. Dybowskii-ден бастап көкбас балықтарын және қара балықтарды Қандысу және Ұласты өзендерінен, Зайсан бассейнінен енді деп айтуымызға тура келер еді. Мүмкін, Ф.А. Турдаков Балхаш және Ыстықкөл ихтиоафунасының тарихи бірізділігін зерттеудің нәтижесінде автоматты түрде балықтардың таралу жолына ауысып кеткен болар.
Сонымен, Балхаш бассейніне таулы-азиаттық түрлердің Ыстықкөл бассейнінен келген. Бұл олардың Балхашта пайда болғанының ең дұрыс жолы [5].

2.2 Көксерке балығының систематикасы мен биологиясы

Тип: Chordata – хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata – омыртқалылар
Класс үсті: Gnatohostomata – жақтылар
Класс: Osteichthyes – сүйекті балықтар
Отряд: Perciformes - алабұғатәрізділер
Тұқымдас: Percidae - алабұғалар
Туыс: Stizostedion – көксеркелер
Түр: Stizostedion lucioperca – көксерке
Көксерке Қазақстан мен Орта Азияның барлық дерлік су қоймаларында таралған жыртқыш балық, еті өте дәмді, ұсақ қылтандары болмайды. Көксерке (судак) өзен, көлдерде, теңізде өседі. Көбіне судың түбінде болады, кейде оның бетіне де көтеріледі. Ол планктонға бай, оттегі мол су қоймаларын ұнатады. Көксерке лайлы және ластанған, сондай-ақ жағаларында өсімдік өскен су қоймаларында күн көре алмайды, қырылып қалады. Өзен атыраулары мен көл жағалауларына, қайыршақ тасты жерлерге сәуір-мамыр айларында судың температурасы 10-16 градус болғанда уылдырық салады. Көксерке теңіздерде де өседі және ол еш уақытта тұщы суға өтпейді. Сол жерде өсіп-өніп қыстайды.
Өзен – көлдерде ол уылдырықты 1 метрге дейінгі тереңдікте өсімдік түбірінің үстіне төгеді. Ұзындығы 50 см-дей, салмағы 3,5 кг-ға жететін ірі көксеркені уылдырығында 1 миллионға жуық түйіршік болады. Жалпы оның ұзындығы 50-120 см –ге, салмағы 6-10 кг-ға дейін барады. Ол уылдырық шашып болған соң, көксерке өзеннің ең таза аймағына, көлде ең терең жеріне кетеді. Ол өзінің шабақтарын сондай-ақ, басқа да ұсақ балықтарды қорек етеді. Жас көксерке құрттар мен личинкалар және планктон организмдермен қоректенеді. Көлдерде көксеркенің жас шабақьтарының азық жөнінен бәсекелестері – планктон қоректенетін балықтар, ол ересектері фарель, шортан және жайынмен талас жүреді. Алабұға мен шортан көксеркенің жауы, өйткені олар мұның жас шабақтарын жеп құртады. Балықшылар көксеркені сүзені, құрма аулармен, әуесқойлар қармақпен, спинингпен аулайды. Жазда таң сәріде жақсы ауланады. Көксерке тереңдікті тәуір көреді, тайыз, шөп өскен жерлерде сирек кездеседі.


2.3 Сазан балығының систематикасы мен биологиясы

Тип: Chordata – хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata – омыртқалылар
Класс үсті: Gnatohostomata – жақтылар
Класс: Osteichthyes – сүйекті балықтар
Отряд: Gypriniformes – тұқы тәрізділер
Тұқымдас: Cyprinidae - тұқылар
Туыс: Cyprinus – сазандар
Түр: Cyp. Carpio arabnsis Spitcshakov – арал сазаны

Сазан - кәсіптік маңызы зор, бағалы балық. Ол тез жетіледі, еті өте дәмді. Терісі теңге қабыршықпен қапталған. Етінің сапасы мен тағамдық қасиеті басқа балықтардан көш ілгері тұрады. Етінің майлылығы – 4,1%, белогы – 16,5 %. Сазан Қара теңіз, Каспий және Арал теңіздерінде, Еділ, Жайық, Нұра, Амур, Шу өзендерінде, Балхаш көлі мен Орта Азия республикаларының барлық су қоймаларында кең тараған, тіпті Алтай өлкесінің су қоймаларында да жақсы өседі.
Сазан судың температурасына, оттегінің және азық қорының мөлшеріне талғамсыз. Тіпті батпақты (лай) тоғандарда да тіршілік ете береді. Сондықтан оларды қолдан жасалған су қоймаларында жаппай өсіреді. Жүрген жерінже өсімдіктер мен жәндіктердің арасынан өзіне қажетті қоректік азықтарды тез тауып алады. Личинколарды, құрттар және ұсақ шаяндарды, малюскаларды, дәнді бұршақты, картопты қорек етеді.
Сазан 3-4 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырықтарын судың жылылығы 18-19 градусқа жеткенде, сәуір айының ортасынан бастап шілде айының аяғына дейін шашады. Оның ұрықтылығы өте жоғары. Уылдырық түйіршіктерінің саны 96 мыңнан 1 миллион 810 мыңға дейін жетеді. Уылдырығын жайылма суларға шығып, су түбіндегі өсімдіктердің түбіне, сирек өскен қамыс-қоғаның арасына шашады. Алдымен майда сазандар, кейін орташа, ең соңында ірі сазандар уылдырықтайды. Бір еркегінің қасында 10-15 ұрғашысы еріп үйіріліп жүреді. Сазан бұл мезгілде азықтанбайды, уылдырықтар су астындағы өсімдіктердің өн бойына, сабақ бұтақшаларына жабысып қонады.
Ауа-райының қолайлы жағдайында сазан уылдырығынан шыққан личинка 2 күн бойы өсімдікке жабысады. Олар бастапқы кезде коловротка және шаянтәрізділермен қоректенсе, 18-20 күннен кейін зоопланктон және хирономид личникаларымен азықтанады. Сазан жедел өседі, сазанның алғашқы жылғы уақ шабақтарының өзі 100 грамға дейін тартады, ал екінші жылы 500-700 грамм, тіпті 1 килограммға жетеді.
Сазан ұзақ уақыт – 50 жылдай тіршілік етеді. Кейбіреуінің салмағы 20 кг (өте сирек) тартады.
Судың жылылығы 1-2 градусқа төмендегенде қысқы орны- су түбіндегі терең апандарға кетеді де үйірімен шоғырланып жатып алады.
Сазанның жаулары – жайын, шортан, алабұға, көксерке, ақмарқа сияқты жыртқыш балықтар және қара үйректер.
Әуесқойлар сазанды ұсақ шаянның етін, нан, бұршақ дәндерді жем жасап қармақпен аулайды. Оны таңертеңнен бастап түске дейін мол аулауға болады. Ал, балықшылар сазанның кең көз сүзекі, аумен, қабада, катештермен аулайды.

2.4 Тыран балығының систематикасы мен биологиясы

Тип: Chordata – хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata – омыртқалылар
Класс үсті: Gnatohostomata – жақтылар
Класс: Osteichthyes – сүйекті балықтар
Отряд: – Cypriniformes - тұқытәрізділер
Тұқымдас: Cyprinidae - тұқылар
Туыс: Abramis – тырандар
Түр: Abramis brama hinnalus – тыран
Түрше: Ab.brama orientalis Berg – шығыс тыраны
Тыран республикамыздың су қоймаларында кеңінен тараған кәсіпшілік балық. Орта Азия республикаларының су қоймаларында да өседі. Соңғы жылдарда тыранды жерсіндіру мәселесі мықтап қолға алынды; қәзір солтүстік, шығыс және оңтүстік облыстарының көптеген су қоймаларында өсірілді.
Тыран бөгеген суларда жақсы өсіп-өнеді. Тыранның еті дәмді, майлылығы 4 %, белок 17%. Тыран уылдырықтар алдында едәуір серуендеп алады. Тыран жартылай көшпелі және тұрақты болып екіге бөлінеді. Тыран суы тұнық та терең өзен, көлдерді ұнатады, бірақ жазда азығы мол тайыз аймақтарда болады. Жартылай көшпелі табанның уылдырықтар алдында көтерілуі сәуір айында басталады. Ол ағысқа қарсы жоғары көтеріліп өзеннің арнасын жапсарлап шоғырланады.
Тыран үйірсек келеді, басқа балықтармен салыстырғанда өте сақ, тәжірбиелі жетекшісімен үш бұрыш жасап жүзіп жүреді. Бастаушы балық біраз оқшау және міндетті түрде үйірден жоғарырақ болады. Ол бір жаққа бұрылса, бүкіл үйір оның соңынан ереді. Тұрақты табан жылдар бойына өзінің ұнатқан мекенінде құмдауыт шұңқырларда немесе қайраңдарда болады. Тыранды тұнық өзен, көлдерден, тоғандардан іздстіруге болады. Салмағы 1 килограмдық, одан да асатын табанды кез-келген шортан жұтып жеп қоя алмайды. Сондықтан кейде жыртқыш балықтар – көксерке, шортандармен бірге табанда жүре береді.
Тыран 3-4 жасында жыныстық жағынан өсіп жетіледі. Ол оңтүстіктегі су қоймаларында наурыз-сәуірде, солтүстікте мамыр-маумсымда уылдырықтайды, оны өсімдіктерге бай жағалық тайыз аймақтарға салады. Уылдырықтап болғаннан кейін көлге кетіп, мұндай тайыз жерлерде болады. Оттегі аз су қоймаларында өмір сүре алмайды.
Тыран құрт-құмырсқалардың лиинкаларын, малюскаларды және басқа да су түбіндегі ағзаларды қорек етеді. Тыран уылдырық шашу кезінде қоректенбейді, уылдырық салғаннан кейін мықтап қоректенеді, бұдан соң оның ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?