Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі коллоидты химияның өзекті мәселелерінің бірі, бұл-пролонгирлеуші емдік қасиеті бар жаңа полимерлі дәрілік препараттар алу. Практикалық медицинада қолданылып жүрген дәрілік заттардың кемшілігі фармакологиялық эффектсінің периоды (орташа 3-5сағат) аз болуы. Бұл кемшілікті жоюдың бір жолы жоғары молекулалық қосылыстар негізіндегі принципиалды жаңа дәрілік формалар алу . Дәрілік заттарды шығаруда сапалы өзгерістер алып келген - жоғары молекулалық қосылыстар, биохимия, фармакология мен медицина ғылымдарынан туындаған жаңа дисциплинааралық –медико-биологиялық полимерлер химиясының интенсивті дамуы себеп болды. Мұндай жаңа полимерлер негізіндегі дәрілік препараттар тек пролонгирлік қасиетке ие болмай, сонымен қатар орган-мишеньге белгіленген программа бойынша енгізуге мүмкіндік туды. Полимерлі дәрілік формалар дәрінің улылығын, қосымша әсерін, қабылдау жиілігін және организмге тиетін препараттың жалпы дозасын азайтуға мүмкіндік береді. ....
Қазіргі заманғы биологияның ең болашағы зор әдістерінің бірі өсімдік клеткасы мен ұлпасын жасанды жағдайда өсіру. Әсіресе гаплоидты технологияның тиімділігі зор. Гаплоидты организмде барлық рецессивті белгілері көрінеді. Аталық тозаңдарды өсіру арқылы гаплоидты организмдерді алуға болады. In vitro жағдайында өсімдік ұлпасын өсіріп, өсімдік жүйесінің бір клеткадан дифференциация гистогенез, морфогенез арқылы біртұтас өсімдік алу мүмкіндігінің күрделі механизмдерін зерттеуге болады. Клеткаларды In vitro жағдайында өсіру әдістерінің ең күрделі мәселесі каллус клеткаларының морфогенез процестерін реттеу болып табылады. өсімдік клеткасын жасанды жағдайда өсіргендегі технологияда қолданудың басты мақсаты біртұтас регенерант өсімдігін алу. Даражарнақты өсімдіктердің, әсіресе астық тұқымдастардың оқшауланған ұлпаларын In vitro жағдайында өсіруге өте қиын, себебі бұл өсімдіктердің тотипатенттілік қасиеті төмен. Сондықтан органогенез процесіне эффективті әсер ететін және каллус түзуге, өсу және морфогенез процестерін реттейтін жаңа биореттегіштерді іздеу қажет [1,2]. Гормондар – тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызы өте зор. Организмдердің дамуы, өсуіндегі ең негізгі процестер гормондармен реттелуге тәуелді. ....
Бітіру жұмысының өзектілігі – қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім беру мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [1], Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдісі мамандар дайындау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей-ақ, білікті мамандарды даярлау - өзекті мәселелердің бірі [2,3,4].....
Алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды [1]. Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады. Овчаренко М. М. (1995) мәліметтері бойынша жоғарыда келтірілген түсті металл балқыту заводтардан әр жыл сайын қоршаған ортаға - 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді [2], ал Новосибирскідегі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің анықтауы бойынша ауаның ластануының 70 %-дан көбі автотранспорттан болса, 11 %-дайы ЖЭО үлесіне тиеді [3]. ....
Сүтқышқыл бактериялар адамның өмірінде көне заманнан бері қолданылып келеді. Сүтқышқыл бактериялар нан тісіру, балық тұздауда, көкөністерді консервілеуде, сүтқышқылды және десерттік шырындарды дайындауда қолданылады. Микробиологияның дамуымен байланысты сүтқышқыл бактериялардың морфология-физиологиялық және культуралдық қасиеттері туралы білімдер және олардың қолдану сферасы әлде қайда кеңейді.[1] Көптеген ғалымдардың пікірінше, бүгінгі күнде әлемде медицина және тағам өнеркәсібі экономиканың тез дамып келе жатқан саласына жатады. Әрине бұл дамудың векторы ұлттық ерекшеліктер мен қаржылық мүмкіншіліктерге байланысты өзгеруі мүмкін, алайда дәл осы салада жаңа өнімдердің түрлері, сонымен бірге жаңа технологиялардың жаңалықтары ашылуда. Осындай алдыңғы қатарлы салалардың біріне тағам және медицина биотехнологиясын жатқызуға болады.[2;8] Сүтқышқыл бактериялар ашытқылармен бірігіп, тамақ биотехнологиясында микроорганизмдердің ең бағалы және құнды тобы болып табылады. Олардың пайдалы биологиялық қасиеттерін қолдана отырып, әртүрлі жоғары сапалы құнды өнімдер алады. Соның ішінде адамның күнделікті тамақтануында негізгі орынды алатын шипалы сүтқышқылды өнім-айран болып табылады....
Тақырыптың өзекутілігі мен жаңашылдығы: ОҚО-сы бірден-бір табиғатта қайталанбайтын территория. Жер бдерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның солтүстиік шығысында ұзыннан – ұзақ созылып жатқан Қаратау тау сілемдері (217 шақырым), солтүстік бөлігінде Бетпақ дала, Шу өзенінің оңтүстігінен басталатын Мойынқұм, батысында Өгеш және Қаржантау тау сілемдері ғана өзгешелік білдіреді, Облыстық оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. ОҚО-ныңкең байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі. Диплом жұмысында жануарларды облыстық қазіргі белгіленген аумағының табиғат зонасы бойынша аудандастырып көрсеттік, яғни жануарлар шөл-шөлейтті және таулы зоналарға аудандастырылған. Біржола құрып кетудің алдында тұрған жануарларды қорғау мен сақтауға байланысты облыс көлемінде жасалынып жатқан іс-шараларға да көңіл бөлдік. Осы Оңтүстік өңірде кездесетін жануарлардың 1400-ге жуық түрінің ішіндегі 70-ке жуығы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ол түрлерді сақтап қалу және қорғау мақсатында қазіргі таңда Қазақстанда ең әуелі қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықтық белдемдер, сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлері көптеп ұйымдастырылуда. Облысымызда соңғы ресми деректер бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 847 мың гектарды құрайды. Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең маңыздысы – мемлекеттік қорықтар. Облыс көлеміндегі ең ауқымды ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып «Ақсу – Жабағылы қорығы» саналады. Онда балықтың - 4,, бауырымен жорғалаушылардың -9, құстардың – 240, сүтқоректілердің -43 түрі қорғалады. Оның көлемі 85,4 мың гектарды құрайды. Бұдан басқа облыста 10 қорық, 47 табиғи ескерткіштер, зоологиялық саябақ, дендрологиялық саябақ бар.....
Қазақстанға балықтарды жерсіндіру тарихы бойынша үш кезеңге бөліп қарастырылады. Республикамыздың суқоймаларына балықтардың алғашқы жерсіндірілуі революциялық кезеңге дейінгі уақытта болған. Ол 1885 – 1890 жылдары Алматы қаласының тоғандарына бірнеше дана сазан балықтарын жіберуден басталған. Екінші кезең 1848 – 1956 жылдары аралығында әр түрлі суқоймаларға балықтардың 18 түрі, сонымен қатар бірінші кезеңнен екі есе көп отырғызылған. Арал бассейініне балықтардың 13 түрі енгізілген. Осы уақыт аралығында Арал теңізіне шоқыр балықты жерсіндіру жұмыстары оралдың дельта бөлімінен алынды. Үшінші кезең 1950 жылдардан басталды. Бұл кезеңде ақсаха, көксерке және өсімдікжемді балықтарды жерсіндіру жүзеге асырылды. Осы уақытта қазақстанда әдейі ұйымдастырылған топтың қатысуымен КазПАС жерсіндіру станциясына әкеліп отырғызды. Қазақстанның тоған шаруашылықтарына және Орталық Азия суқоймаларына – Қытай елінің ....